Жанар ТАЛАСПАЕВА,
Naproxen is used to deal with pain or inflammation attributable to conditions for instance arthritis, rheumatoid spondylitis, tendinitis, bursitis, gout, or menstrual cramps order viagra. You need to to view your buddies viagra buy professional online I& ve tried EVERYTHING cheap viagra buy.
Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент.
Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындағаны рас. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ”, – деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсат-тапсырмасы еді.
Тәуелсіздіктің басты тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр.
Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамдық пікір айтылып болды, толыққанды ұсыныстар жасалды. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені тек іске асыру шараларын жоспарлау үшін бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы – біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан – латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.
Тәуелсіздік алғалы 21 жыл ішінде игеріліп жатқан жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан өзгелермен терезесі тең ел болған кезде, мұндай бастама біз үшін өте маңызды. Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді. Белгілі ғалым, академик Әбдуали Қайдар латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының арнайы үлгісін де жасап шықты. 1993 жылы Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің қажеттігі мен пайдалы жақтарын негіздеп, Елбасыға арнайы хат та жазған болатын.
Латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қандай әліпбиді тұтынуымыз керек, ол әліпбилік жүйемізде қанша таңба болатынына дейін көптеген жобалар ұсынылды, солардың ішінен негізгі төрт жоба таңдалып алынды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшудің жобасын әзірлеп те қойған. Бұл институт мамандары ең әуелі өз еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін кириллицадан латынға көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, тағы басқа елдердің тәжірибелерін зерттеп және де осы реформаның бұл елдердегі оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерінің бәрін де зерделеп, жинақтап отыр. Осының негізінде, латын графикасының негіздерінде “Қазақ әліпбиінің тарихы, тағылымы және болашағы” деген тақырыбына үлкен кітап та шығарды.
Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды, мемлекеттік тіліміздің дамуы кешеуілдеп қалады, ел ішінде түсінбеушіліктер болады деген пікірлерді алға тартып, жөнсіз қауіптенетіндер де бар. “Көз – қорқақ, қол – батыр” дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ. Әліпбиді реформалаудың зиянынан гөрі пайдасының көп болатындығын бүгін көпшілік қауым аңғарған сыңайлы. Қоғамда тұрақталған пікірлерді зерделейтін болсақ, олардың көпшілігімен келісуге әбден болады.
Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.
Ешбір талас туғыза қоймайтын тағы бір дәлеліміз, ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік арта түседі. Бұл арада, ең бастысы – латын әліпбиі дегеніміз ағылшын әліпбиінің негізі екендігін ескергеніміз абзал. Ал ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығы белгілі. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиі Батыс Еуропа халықтарының жазуларының қалыптасуына көп ықпал еткендігі де мәлім.
Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Латын графикасын үйреніп алу аса қиындық туғыза қояды деп ойламаймын. Өйткені, әлем қабылдап отырған, әлем тұтынып отырған әліпбидің жаттығы байқала қоймауы керек. Байқап отырсақ, күнделікті өмірімізде латын тілімен жиі бетпе-бет кездесеміз. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын тілінде жазылған. Компьютерлік техникалардың, құрал-аспаптардың көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Ғаламтор мен ұялы байланысты пайдаланушылар, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін әлдеқашан пайдаланып та жүр. Алайда, олардың оны қандай да бір ережесіз бейберекет пайдаланып жүргендері де белгілі. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін, үндестік заңдылығын жоғалтып алмайтындай қағиданы ұстанған, жан-жақты ойластырылған әліпби жасап шығару – тіл мамандарына қойылып отырған талап.
Кезінде қазақ әліпбиіміздің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы алдымен оның дыбыстық өлшемін, сөйлеу дағдысын негізге алғандығы тарихтан белгілі. Ғалымның әліпби түзудегі саралығы дыбыстық таңба өзгерген барлық кезеңде ескеріліп отырғандығы аян.
Әрине, бірден латын әліпбиіне ауысу мүмкін емес. Кемінде 5-10 жыл өтпелі уақыт керек. Ал 2013 оқу жылында бүкіл мектептер алғашқы сыныптан ағылшын тілін оқытуға кіріседі. Оның әліпбиі де бірте-бірте латын қарпімен үйретіледі.
Мемлекеттік комиссия құрылып, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшудің арнайы бағдарламасы қабылданса, бағыт-бағдарымыз да айқындала түспек. Айтуға жеңіл, айтар уәжіміз де жеткілікті, ал нақты іс-шараларды нәтижелі орындау үлкен қажырлылықты қажет етеді. Бұл ретте техника тілін жетік меңгерген бағдарламашылар кез келген сөздің дұрыс жазылуын оңай бақылауға, тіпті, соның көмегімен жазуға болатын сөздіктерді компьютерге енгізіп қойса барлық азаматтарға үлкен көмек болар еді. Барлық өңірлерде ономастикалық комиссия, бұқаралық ақпарат өкілдері, ғалымдар мен ұстаздар қауымы, баспахана қызметкерлері білек сыбана кірісулері тиіс.
Латын әліпбиін қабылдаудың маңыздылығы жайында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Тіл және әдебиет институтында “дөңгелек үстелдер” өткізіліп, Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында ұйымдастырылған конференцияда баяндамалар оқылды, студент жастар арасында аталмыш тақырыпта дебат ойындарын өткізу де жоспарымызда.
Тілші ғалымдарымыздың тарапынан сұхбаттар беріліп, мақалалар жазылуда. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиін енгізу үшін рухани серпіліс жасалып, теориялық дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жаhандану кезеңіне аяқ басқан ұлы көш-керуенінің соңында қалып қоймай, бел ортасында жүруіміз үшін тіліміздің өркендеуіне үлес қосу – еліміздің әрбір азаматына жүктелер жауапкершілік.
Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б. тілдер жатады. Латын жазуы б.з. д. ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған.
Ғазиза ҚОЖАҒҰЛОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ
Тіл және әдебиет институты директорының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
филология ғылымының кандидаты, доцент.
Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылған жаңа доктрина бойынша, мемлекеттік тіл Қазақстан халқының қолданыс тіліне айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру мәселесінің еліміздің көпшілік аймақтарында шешілмегені туралы кездейсоқ айтпағаны анық. Мұның ең басты себебі – іс-қағаздарын жазуда, жеткізуде қолданылатын технологиялардағы қазақ тілінің шектеулілігінде.
Дегенмен, кез келген қиындықтан шығар жол болады. Ол – латын әліпбиіне көшу! Латын әліпбиіне көшу бізге рухани да, экономикалық та пайда әкелері сөзсіз! Әліпбиіміздің төрінен табылған орыс әріптері латын әріптерімен алмастырылса, қазақ әліпбиінде 42 әріп емес, 26-ақ әріп қалып, жіңішкелік белгісі, жуандық белгісі, құйрықты Ш дыбыстары, тағы басқалары түсіп қалмақ. Бір жағынан латын әліпбиіне көшу тілімізді қайта жаңғыртуға септігін тигізсе, екіншіден, жаңа заманға сай болуымызға жетелейді. Дәлірек айтсақ, елімізді Еуропа елдеріне тағы бір қадам жақындастыра түсіп, заманауи технологияны пайдалануға жеңілдік береді.
Бізді енді бір-екі жылда не күтіп тұр екен? Соған көз жіберсек: SMS мәліметтер орыс тілінде латын әріптерімен басылып жатыр және оның конверторы серверлерде орнатылып қойған. Ұялы телефондардың мәзірлерінің неге қазақшасы жоқ екендігін есепке алмай-ақ, осы SMS мәліметтер неге мемлекеттік тілде жіберілмейді? Банкоматтарда, Интернет киоскілерде, Интерактивтік мәзірлерде қазақша тек аударма ретінде жүреді.
Егер латын әліпбиіне көшсек, жолдағы жазбалар, қала, аудан, ауыл атаулары, көлікке және т.б. байланысты жазулар тек мемлекеттік тілде жазылар еді. Бұл жазулар латынша барлығына да түсінікті және де халықаралық стандартқа сәйкес болар еді.
Жаңа технологиялар ол – бизнес, ал бизнес дегеніміз – ол жаңа технологиялар. Бұрынғыдай, “Ойбай, ол технологиялар Қазақстанға жеткенше қашан?” деп қол жайып отыруға болмайды. Ертең-ақ кез келген технология Қазақстанға жетеді, солардың бірі – GPS (global position system). Кез келген адам бүгін Интернетке шығып өз үйін, қаласын, кез келген өзіне керек орынды ғарыш арқылы көре алады және қажет объектінің координаттарын, қалалардың қашықтығына дейін хабар ала алады. Еуропадан әкелінетін көліктерде GPS машинаның құралы болып саналады. Бұл қондырғыны пайдалану үшін латын әліппесін білу қажет екені сөзсіз!
Латын әліппесіне көшу қаулы шығара салу емес, біз қандай істер жасауымыз керектігін жақсылап ойлануымыз қажет. Неден бастаймыз, уақыт күттірмейтіні қайсысы?! Ең бірінші қатарда жедел түрде қосымша қазақ латын код парағын алу, ол Қазақстандағы әрбір компьютерге енгізулі тұруы керек! Қалаңыз-қаламаңыз, қазір жаһандану заманы. Осы жағдайда латын әліпбиімен қазақ тіліндегі sms-ақпаратты немесе электрондық поштаны Жер шарының кез келген түкпіріне жіберуде еш қиындық болмаса, сканер оп-оңай қазақша оқи берсе, жақсы емес пе? Мысалы, ең қарапайым жол белгілерін алалық. Қаланың кіреберісіндегі “Астана, Ақтау, Көкшетау, Петропавл” деген жазуды үш тілде үш түрлі әріппен жазамыз. Қанша артық жұмыс, артық шығын? Соны латын әрпімен тек қазақша ғана жазуға болады ғой? Сонда оны жер беті халқының 99 пайызы оқып түсінеді. Ал кейбіреулер, керісінше, латынға көшу көп шығын келтіретін жұмыс деп ойлайды. Мәселен, дүниежүзіне әйгілі Google компаниясы біздің мемлекетті бүкіл әлемге мынадай түрде таныстырады, атап айтқанда, “Шығыс Қазақстан” немесе “Shygis Kazakhstan” емес, қазақ тілінің мәтінін ескеріп “Shyghys Qazaqstan” деп көрсеткен.
Психологиялық жағынан келсек, IT-технологиялар біздің көзқарасымызды өзгертіп барады және қазақ тілінде осы салада көтеріліп жатқан істер керісінше жиіркенішті жағдайға апарып, ақырында цифрлік теңсіздікті одан бетер өсіреді. ABCnet әліппесі бұл теңсіздікті жойып, мемлекеттік тілді мектептердің беделін көтеріп, басқа ұлт өкілдерінің балаларына жол ашады. Ал бұл деген – Қазақстанның ұлтаралық достастығының идеясы.
Код парағын алған соң, экономикаға ешқандай шығын әкелмей және өзгеріс енгізбей-ақ, бір уақытта, қатар жаңа құжаттарды толық қазақ тілінде алуға болады және бұл іске жедел кірісу керек.
Компьютер қолданушылар ағылшын баспаға үйреніп қалған, сол себептен ABCnet әліппесіне үйренуі де қажетсіз, мұны дәлелдейтін бейнематериалдар жеткілікті. Үздік оқитын балалар бұл әліппені 15 минутта үйренеді, нашар оқитындар үш сағатта. Орыс мектептерінде ABCnet әліппесін бір жұманың ішінде үйренеді.
Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б. тілдер жатады. Латын жазуы б.з.д. ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған.
Жаңа көркем, ғылыми және философиялық әдебиет орта ғасырлардағы Еуропада көп уақыт аралығында латын тілінде жазылған. Дипломатия және халықаралық құқықтың көптеген терминдері латын тілінен алынған немесе соның негізінде қалыптасқан. Гуманитарлық және табиғи ғылымдарда латын тілі өзінің ерекше өмірімен өмір сүрді. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын тіліне аударылды. Философтардың шығармалары латынша жазылды. Латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын латын терминологиясы арқылы жеткізе алу бұл дәуірдің ірі ғылымдарына түгел тән еді. Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және Рим папасының хаттары жазылады. Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әрқайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.
Латын тілін білмей, мәдениетті және білімді адамдармен қатынасуға мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан латын тілі білімнің негізі болды. Ол халықаралық “ғылыми тіл” болып қал ды.
Кеңес Одағының Батыры
В.Скачков атындағы Қызыләскер орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын оқи отырып, мен өзімнің қызметіме орай қазақ тілін дамыту туралы тараумен мұқият таныстым. “Қазақ ті лі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту” деген жолдар ісіме серпін бере түседі.
Еліміздің оқушыларының 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқып жүрсе, бұл қатарда біздің мектептің шәкірттері де бар. Туған тілді оқыту бекітілген бағдарлама бойынша жүзеге асырылып келеді және соған қосымша іс-шаралар өткіземіз. Мысалы, өткен жылдың 13-14 қыркүйек күндері Қазақстан халқы тілдерінің ХІV фестивалі аясында мектебімізде оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруін көздеген сынақ ұйымдастырылды. Оның бір кезеңінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі М. Уәлиева өткізген сабақ “Тілге құрмет – елге құрмет” деп аталды. Туған тілді оқытатын мұғалім Г. Исабаева сабақтар арасындағы үзілістерді пайдаланып, “Қазақша сөйлесейік” деген ойын-сынақ ұйымдастырды. Жақсы жауап берген оқушылар сыйлықтармен ынталандырылды.
Үшінші сыныпта өткізілген ойын-сабақ “Жұлдызды сәт” деп аталып, мен жеңімпаз оқушыларды жұлдызшалармен марапаттадым. Олардың жазу қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру үшін осындай сабақ түрін таңдап алдым. Бұл ретте республиканың осы пәнді оқытатын озық, әдістемеші ұстаздарының іс-тәжірибесіне сүйендім.
Осы жұлдызшаларды ең көп жинаған оқушылар А.Назарова мен Ю. Шледовецтің мерейі үстем болып, марапатталды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бір жылдығына біздің мектебіміз де үн қосып, өз тарапымыздан іс-шаралар ұйымдастырдық. Осы орайда оқушылар арасында “Білгірлер жарысы”, “Кім көп біледі?” сынақтары өткізілді. Бұларда Б. Аманжолов, В. Глиномедова, Е. Висиханов сынды оқушыларымыз мемлекеттік тілге деген ынта-ықыласпен және білімдарлықпен көзге түсті.
Ал “ХХІ ғасырдың көшбасшысы” аталған сайыс та ойымыздан шығып, бірнеше талапты оқушыларымыздың жолы болды. Онда орыстілді шәкірттердің ішінен Е.Кейсарчук, М.Курапов, В. Бондаренко біліктілік танытты. Бұл сынақтарды дайындап, ойдағыдай өткізуге жоғарыда аталған пән мұғалімдерінің бәрі үлес қосты.
Тоғызыншы сыныпта оқитын Б.Аманжолов орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша аудандық “Мұрагер” олимпиадасына қатысып, екінші орын иеленіп қайтты. Ал оныншы сынып оқушысы Д.Сейдахметов аудандық “Жарқын болашақ” олимпиадасында “Тілші-әдебиетші” аталымы бойынша сынаққа қатысып, бас жүлдені еншіледі. Қазақ тілі бойынша аудандық олимпиадада жетінші сыныпта оқитын шәкіртіміз Ә. Мұқанова бірінші орын алса, оның сыныптасы С. Хоменко екінші орынмен марапатталды. Алтыншы сыныпта білім алып жүрген Е. Кейсарчук үшінші жүлдемен оралды.
Біздің туған тілдің мәртебесін асыруға, оның қолданыс аясын кеңейте беруге арналған күш-жігеріміз зая кетпейтініне сенімім зор. Бұл үшін қазақ тілін оқытатын біздер бар жан-тәнімізбен күш-жігер жұмсап, өздеріміз үнемі ұмтылыспен, ерінбей-жалықпай еңбек етуіміз керек.
М.Қозыбаев атындағы
СҚМУ-дің доценті.
Бүгінгі күні Қазақстанның Білім тұжырымдамасы жан-жақты, өрелі шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында білім беру мен ғылымға да ерекше көңіл бөліп, “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды”, – деп атап көрсетті. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа мін-дет жүктейді. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбие-лейді, сондай-ақ білім негізі мектепте беріледі де, жоғары оқу орнында одан әрі мамандық бағытында қалана түседі.
Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақты көп тіл білуге баулу. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
ЖОО-ның табалдырығын аттаған әр өзге тілді студенттің санасына бірінші күннен бастап “Мемлекеттік тілді меңгеру – әр қазақстандықтың борышы әрі міндеті” екендігін, қазақ тілі ертеңгі күні оның маман болып, үлкен өмірге араласқанда қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетіні, жұмысы мен күнделікті өміріне қажеттігі жарайтынын туралы түсінікті қалыптастыра отыра, мемлекеттік тілде өтілетін әр шараға жауапкершілікпен қарап, белсенді түрде қатысулары қажет екендігі жан-жақты түсіндіріледі. Жоғары оқу орындарының басты мақсаты – қазіргі заман ағымына сай бәсекеге қабілетті білімді де білікті, жоғары интеллектілі, мемлекеттік тілге жетік маман даярлау. Университетте жүргізілетін орыс аудиториясына арналған қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бі-рі – мемлекеттік тілді студент жастарға сөйлеу құралы ретінде меңгерту. Сол себептен де, қазақ тілі кафедрасының оқу бағдарламасы қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары бойынша теориялық материалдарды қажетті деңгейде бере отырып, студенттердің сөйлеу деңгейін, сөздік қорын барынша дамыту-ды көздейді. Яғни, жоғары оқу орнында мемлекеттік тіл қарапайым пайдалану, дербес пайдалану және іскерлікпен пайдалану жүйесі негізінде оқытылады. Сабақ барысында студенттер мемлекеттік тілде белгілі тақырып көлемінде ғылыми жоба, баяндама дайындауға, әртүрлі тақырыпта мақалалар жазуға машықтанады. Олардың жазған жұмыстары, мақалалары университеттің “Парасат” газетінде жарияланып отырады. Өзге тілді студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. “Бір ел – бір кітап” аясында жыл сайын Абайдың қарасөздері, М.Әуезовтің “Қилы заман”, М.Жұмабаев лирикасы, Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романы, Ж. Молдағалиевтің “Мен – қазақпын!”, өткен жылы О.Бөкейдің “Қайдасың, қасқа құлыным?!” сияқты көркем шығармалар оқылып, оқырмандарға арналған “дөңгелек үстелдер” өткізіледі. Ғ.Мүсіреповтің 110 жылдығына орай жерлес жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткерінің өмір жолы, шығармашылығы мен азаматтық тұлғасын кеңінен таныстыру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді. Оның қорытындысында ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Самат Еримов, жаратылыстану-жағрафия факультетінің студенті Нұргүл Сыздықова, Сәуле Табулдинованың баяндамалары үздік деп танылды.
Ал Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында “Елбасымыз – кемеңгер, Көші түзу – кемел ел” атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Студент жастар осы байқауға белсенділікпен қатысты, нәтижесінде сазды-педагогика факультетінің студенті Эльмира Дарбаева бірінші орынды иеленсе, екінші орынды тарих және құқық факультетінің студенті Абылай Қазыкен, үшінші орын көлік-құрылыс факультетінің студенті Балғат Дүйсенге берілді.
Әлемдік ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің “Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы” деген сөзін ойға ала отыра, орыстілді ұл-қыздарымызды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдетғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеуге, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында “Қыз сыны”, “Жігіт сұлтаны” сияқты байқаулар университетте жиі ұйымдастырылады. Онда әр студент факультет намысын қорғайды. Жастар бойына ұлтжандылықты сіңіру үшін өткізілетін “Мемлекеттік тіл – менің тілім!”, “Ана тілім – ардағым!”, “Қазақстаным – шаңырағым!” атты акциялардың да жүгі салмақты.
Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен университетте Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты “Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру” негізінде сауаттылықты арттыруға бағытталған қазақ студенттері мен өзге тілді студенттер арасында қазақ тілінен олимпиадалар, шығармалар байқауы дәстүрлі түрде өткізіледі.
Өзге тілді студент жастардың қазақ тіліне деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, болашақта мемлекеттік қызмет саласында, білім беру жүйесінде жұмыс істей алатындай маман болуына жол ашу, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ел, ұлт мүддесін қорғайтындай азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздар парызы.
Петропавлдағы №26 мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Бала күнімде, айталық, мектепте білім алып жүрген кезімде менің болашақ қызметім қазақ тілімен байланысты болатынын біреу айтса, сенбес едім. Бірақ түбінде осылай болып шыққанына бүгінде өзім де таңғаламын.
Мен 2004 жылы Петропавлдағы екінші орта мектепті тамамдадым. Кез келген жас адамға тән таңдау менің де алдымда тұрды: қандай мамандыққа ден қоюым керек? Соңғы сыныпта оқып жүргенімде осы сауалға жиі берілетін болдым. Ойлана келіп, қазақ тілінде жоғары білім алуды ұйғардым.
Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тіл институтына түсуім керек. Арманым қазақ тіліне машықтанбай жүзеге асырылмайтынын да сездім. Сондықтан соңғы сыныпта қазақ тілін үйрететін оқытушының жәрдеміне сүйендім. Ақысын келіскен соң ол маман мені жақсы машықтандырды. Мектепте оқығандарымды жетілдіріп, білімімді тереңдете түсті. Қазақ әріптерінің жазылуын білсем де, сөздерді айтуға шорқақ едім, ұстазым ерінбей-жалықпай үйретті.
Соның арқасында сол жылы аталған арманыма қол жеткізіп, тіл институтының қазақ филологиясы факультетінің студенті болдым. Салған жерден айым оңымнан туып кетті деуден аулақпын. Алғашқы кезде оқу өте қиын болды. Намысқа тырысып бақтым. Маған ұстаздарым, әсіресе, Айнагүл Мұхамеджанова мен институт директоры Жанар Таласбаева өлшеусіз көмек жасады. Олар маған қазақ қыздарымен жиі араласып тұруға кеңес берді. Өзім де араласқан орта тәрбиелейтінін сездім. Екіншіден, қазақ тіліндегі теледидар хабарларын, жаңалықтарды үнемі қарап, тыңдап отыруға машықтандым және қазақ тіліндегі басылымдарды жиі оқуға тырыстым. Бір бөле-жара айтарым, жаңалықтарды ілеспе аударма бойынша тыңдауға тырыстым. Осыдан барып, тілім әбден жаттығып, қазақша сөйлеу қабілетім арта түскенін аңғардым.
Үйде жаттығу үшін магнитофонды жиі пайдаланатын болдым. Мысалы, бір мәтінді қазақ тілінде оқимын да, артынан тыңдап, ағат тұстарымды бірден аңғарамын. Содан мәтінді қайта таспаға түсіріп алып, тағы да тыңдап, қажет болғанда түзетіп отырамын. Осындай еңбек өзінің жемісін берді. Соған қоса, алғашқы курста институт оқытушылары маған жеңілдік жасап, көңілімді жасытпай, көтермелей білді. Оларға айтар алғысым шексіз. Осындай қамқорлық қанат бітіріп, қалған курстарда одан да жетіле түсу үшін өзімді-өзім үнемі қамшылап жүрдім. Ақыры, 2008 жылы университетті қазақ тілі мен әдебиетінің маманы ретінде тамамдап, қаланың он төртінші орыс орта мектебіне қазақ тілі мұғалімі болып орналастым.
Мұнда университеттегі білімімді жетілдіре түсуді ұйғарып, магистратураға сырттай оқуға түстім. Қалалық оқу бөлімінен келетін тексерістерде менің бесінші-он бірінші сыныптарды қазақ тілінде оқыту деңгейім жоғары бағаланғанын, марапаттың ең зоры ретінде қабылдадым. Осы жерде бір айта кетерім, қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды оқып, зерделеу оңай емес. Сондықтан ерінбей-жалықпай сөздіктермен жұмыс істеу керек. Поэзияны түсіну де белгілі бір дәрежеде қиындық тудырады. Абайдың, Мағжанның, Мұқағалидың өлеңдерін жиіжиі оқып, түсінбеген тұстарымды білетіндерден сұрап, зердеме түйемін.
Ал тіл әдебиетке қарағанда жеңілдеу. Грамматиканы, орфографияны, морфологияны университетте оқығандарымнан асыра үйренуге тырысқаным өз жемісін берді.
Жоғарыда айтып өткенімдей, 2008 жылы университетті бітірісімен, магистратураға алынып, екі жылдан соң өз өңіріміздегі өзге ұлттар өкілдерінің тұңғышы болып, қазақ тілінің магистрі ғылыми атағына қол жеткіздім.
Қазір облыс орталығындағы жиырма алтыншы эксперименттік орта мектепте қазақ тілінен сабақ беремін. Мұнда маған шағын орталықта балдырғандарды қазақ тілінде оқыту тапсырылды. Жетпіс жеткіншекті қазақша оқытып жүрмін.
Оларды болашақта қазақ тілін жетік білетін зиялы азаматтар етіп тәрбиелеуге өз күшжігерімді жұмсап, еңбек етуім керек. Біздің қоғам, бұрынғыдай емес, өзгеруде. Елбасымыздың қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жүзеге асырудағы сарабдалдығы көңілімнен шығады. Осы ыңғайда оның көрегендігіне, кемеңгерлігіне риза боламын. Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады”, – деп айтты. Бұл – негізсіз сөздер емес.
Елбасымыздың тілге деген көзқарастың елге деген көзқарас екендігін атап айтуы да орынды. Қазақ елінде тұрмыс құрып отырғандықтан, осы негізгі ұлттың тілін, салт-дәстүрін білу – баршамыздың парызымыз.
Нұрсұлтан Назарбаев осы Жолдауда: “Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз”, – деп, болашақты болжап берді. Бұған алып-қосарым жоқ. Бұл сөздер өмірге негізделіп айтылған. Қазір, әсіресе, болашақта белгілі бір деңгейде қызметке қолын жеткізуді мақсат еткен жастар қазақ тілін меңгеруге үлкен ықылас қоюда. Оны жоғары деңгейде меңгергісі келетіндер мен сияқты мұғалім жалдайды. Тілді оқыту орталығында білім алады. Әйтеуір, қол қусырып отырмайды. Бұл да керек іс-әрекет.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастармен кездесулерде олардың қазақ тілін меңгеруіне үлкен мән береді. Мысалы, өткен жылдың 16 қарашасында “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанатының Астанада болған екінші съезінде сөйлеген сөзінде ол бұл мәселе туралы есте қаларлықтай етіп айтты.
“Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан”. Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясын түйіндейтін лебізінің бірі осы. Осы бір ғана Отанымызды мен де айрықша сүйемін. Ондағы рухани келісім, ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тұрмысы – ризығымыз. Оны біз көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.
Өткен аптада облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен аудандағы әдіскерлер аттестаттаудан өтті. Оған барлығы жиырма шақты адам қатысты.
When i was changing into something of any sex pest I have already been cutting down the frequency to 1 tab every second day without having apparent decrease in potency although the urinary improvements have kind of slowed up click here. Late-breaking Clinical test Results Announced in the mind Rhythm : Operating Without Interrupting Warfarin Dramatically Reduces Risk of Bleeding Complications After Cardiac Device Surgery Bruise Control trial found that patients who were operated on without interrupting warfarin were percent less likely to produce a large hematoma after surgery in comparison with patients who were bridged with viagra price have low blood pressure level usa viagra online buy.
Дана ӘДІЛШИНА,
облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы.
Бұл сынақтың өту себебі жақын арада басталатын аккредитациялауға әр маманның дайындық деңгейін тексеру болып табылады.
Мамандардың білімдерін бағалау үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Кемел Оспанов төрағалық еткен арнайы аттестаттау комиссиясы құрылды.
Орталық қызметкерлері үш бағытта сынақтан өтті. Бірінші кезеңде қызметкерлер Қазтест В2 деңгейі бойынша тестіленді. Қызметкерлер берілген екі жарым сағат ішінде тыңдалым, лексика-грамматикалық және оқылым бөлігінен тұратын 150 сұраққа жауап беріп, әрбір бөліктен 60 пайыздан жоғары көрсеткіш көрсетуі қажет болды. Екінші кезеңде тіл саясатын жүзеге асыру заңнамасын білу деңгейін комиссия мүшелері сұрақ қою арқылы тексерді. Ал соңғы кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, арнайы дайындаған сабақ үлгісін қорғады.
Мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен аудандардан келген әдіскерлер күрделі аттестаттаудан сүрінбей өтті. Алайда, оларды алда республикалық сынақ күтіп тұр. Ол көктемге қарай өтіледі деп күтілуде.
Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Жақында “Нұр Отан” ХДП-ның Шал ақын ауданындағы филиалы “Тіл – халықтың жаны” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізді. Аталмыш шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттап, оны дамытудағы “Нұр Отан” ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру, Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы тапсырмаларды орындау барысын талқылау.
“Дөңгелек үстел” барысында хабарлама жасаған партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елена Кузичева еліміздің тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік тілдің дамуы жайлы сөз қозғап, осы бағыттағы Елбасы саясатына тоқталды. Осындай ойдың негізінде өз пікірлерін білдірген аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Өтегенова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Динара Әлдеменова мемлекеттік тілді дамытуда қандай жұмыс атқарылып жатқанын баяндады. Бұл жұмысқа жергілікті этномәдени бірлестіктер де өз үлестерін қосуда. Қазақ және славян этномәдени бірлестіктерінің төрайымдары Нағима Жандосова мен Татьяна Щеголева Елбасының саясатын жүзеге асыруда өткізілген шараларға тоқталды. Ал партияның аудандық филиалының “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Наталья Горбунова өскелең ұрпақты мемлекеттік маңызы бар жұмысқа тартудың тиімділігі ел қамын ойлар тұлғаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді деді. Осылай әр сала өкілдерінің ойы бір арнаға тоғысқан шара соңында оның қатысушылары өз ұсыныстарын жасады. Солардың бірі – аудандағы білім ордаларына үш тілде оқыту үдерісін енгізу жөніндегі жұмыстарын одан әрі тиімді жалғастыру қажеттігі.
Достарыңызбен бөлісу: |