Сағиданова Гүлден Ақансеріқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығы



Дата02.07.2020
өлшемі19,43 Kb.
#74762
Байланысты:
Сағиданова Гүлден



Сағиданова Гүлден Ақансеріқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті

«5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығы

203-топтың 2-курс студенті

Тексерген: Имаханбет Райхан Сахыбекқызы,

Филология ғылымдарының кандидаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰу

Филология және әлем тілдері факультетінің

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы



Уақыт және қаламгер

Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп...

А.Байтұрсынұлы

Адам – мына тіршіліктің ең қызық, әрі басты бөлігі. Оның басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын нәрсе - материалдық құрылымнан рухани байлықты жоғары қоюы. Бірақ қандай өніммен адамзат баласын қанағаттандырудамыз? Сериалдар, планшет, интернет, неше түрлі діни ағымдар жайлаған заманда сол нағыз байлығымызды шеттетіп жатқан тәріздіміз. Қоңыр сазды әуеннің өзі де бұрын сөйлеп, сайрап тұратын. Үйдің үлкендері бас қосса, ән жинақ кітапшалары мен домбыра алып өлең айта кететін. Әдебиеттен, музыкадан, театр жаңалықтарынан хабары барларды білімді деп, әдемі шүберек кигенді емес, соларды сәнді санайтын. Бір сөзімен бірнеше ойды жеткізіп, көз бен қастан түсіне қоятын қазақтың жаны, өнері де сөз болатын. Сол сөзді суға айналдырмай өткеннің ізімен, салтымыз бен дәстүрімізді, тарихи мұраларымызды сақтай отырып, кез келген өзгерістерді тез қабылдап, қоғам мен уақыт талабына сай өзгере алатын байлығымыздың беделін көтеріп жүрген әдебиет қаламгерлері де баршылық.

Жиырманшы ғасырдың ақын-жазушылар туралы сөйлер болсам, олар халықтың рухын, ділін, болмысын сақтап қалды. Олар қазіргінің лосина киген қаһармандардың миға сыймайтын ерліктерін дәріптеген жоқ, қазақ бастан кешкен, апат-кесапатта жан берісіп, жан алысқан батырларды, бала үшін су мен отқа түскен ананы, жалған дүниеде әділдік іздеген азаматты, теңсіздікпен күрескен бота қөздерді жазды. Иә, сондықтан әдебиетті қо­ғам­ның, ұлттың санасы мен болмысын сом­дайтын, мінез-құлықты тәрбиелейтін нәрсе дейтін. Бірі әдебиетті жазғандарды идеология үшін деп жатты. Не де болса, ақша табу үшін жазбады олар, нені насихаттаса да «флеш-моб» арқылы насихаттамады. Қалам тербетті, қаламмен бірге ғаламды тербетті. Солардың ішінде Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, ТАхтанов, Ә.Нұрпейісов, Қ.Мұхамеджанов, Ғ.Қайырбеков, С.Жүнісов, М.Мақатаев, Қадыр Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақов сынды ақын-жазушыларымыз бар.

М.Мағауин көркем шығармалары жазылу мәнерімен, айтар ойының тосын да тиянақты болуымен назар аударып, қазақи өмір салтын, тарихи дәстүр мен этнографиялық ұстанымдарын мейлінше терең білген жан. Ұлттық нақыштардың молдығы әсіресе «Аласапыран», «Шақан Шері», «Сары қазақ» романдары мен «Көкбалақ», «Жармақ», «Жыланды жаз» повестерінде басымырақ көрінеді.

Үлкен прозашы болуымен қатар М.Мағауин – әдебиет тарихын зерттеуші көрнекті ғалым да бола алды. 1960 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде зерттеушілеріміз қазақ әдебиетінің тарихын XVIII ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау Қалқаманұлынан бастап келсе, М.Мағауиннің 1969 жылы жарық көрген «Қобыз сарыны» атты зерттеу еңбегі осынау межені кемінде үш ғасыр жылжытты. Сөйтіп ол жан-жақты зерттеушілігі мен жанкешті еңбегінің арқасында әдебиет тарихына Қазтуған жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа сияқты жырауларды да дәлелді түрде әдебиет тарихына енгізуге белсене атсалысты. Мұнан кейін осы бағыттағы зерттеулерін тереңдете түсу нәтижесінде ол құрастырып, түсініктемелерін жазған «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Поэты Казахстана» сияқты кітаптар жарық көріп, халқымыздың рухани игілігіне айналды.

 Ұлы әуезовтің өзі “Е, бәлі, аты да, фами­лиясы да жақсы екен” деп сүйсініс білдіре­тін Мұхтар Мағауин есімді жазушы­ның өз деңгейінен төмендегенін ойлы оқырман, талғампаз жұрт­ білген де, көрген де емес. Керісінше, уақыт өткен сайын әлдеқайда биік шырқап шарықтағай берді.

Қаламгер ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп алғанын көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес.

Мағауин шығарма желісін тартуға шебер. Сиыспас бірдемелерді тоқпақтап жіберу "әдісі" онда атымен жоқ. Оқиға соғыстары – себеп пен өрісі шебер түйілген. Адам міндерін оңашалап алып қарасаң бәрі де таныс-бейтаныстар.

 Әдебиеттің “сегіз қиыр шартарап” ғаламында өзінің сәруар сәулелі әлемін жасайтын қаламгерлер сирек. Бұл шапағатты бақыт кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейді. Заманалар зарлығы, қазақтың Махамбеттен кейінгі қызғыш құсындай, Бұқар жыраудан кейінгі ұлт ұраншысындай Мағжан­ның мұздай құрсанған қайсар да мұңлық байтағы бір бөлек. Осы аталған және аталмаған Алаш руханиятының алыптарымен арқаулас, алқаулас һәм рухтас та бауырлас Мұхтар Алаш рухты аласапыран сарын екендігін зиялы қауымның құйма құлақ, зерен көкіректері қапысыз аңғарып, ұққанына және күмәнім жоқ.

Тахауи Ахтанов есімі қазақ атаулыға мәлім. Сонда да сөз зергері ретіндегі кейбір қырын еске салу артық болмас. Ол алғашқы бірер әңгімесімен және тұңғыш романымен әдебиет ордасының төріне жүрексінбей шығып, М.Әуезовтей алыпты елең еткізген, «әдебиеттегі жаңа құбылыс» деп мойындатқан, оны «шабытымен өзіне іні-бауыр, туыс» деп сүйсіндірген адам.

Өзімен тұрғылас таланттар шоғырын ұстаз Мұхтар ерте әрі дөп танып, «бөлек санаған, болашағымыз» деп бағалаған, зор үміт күткен, оны абыройды ақтаған қаламгерлер легінің белді өкілі, ұлы тұлғалар тарапынан берілер, төбесін көкке жеткізердей мұндай баға мен мадақ – «әдебиет базарына» жаңа келген екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. 

Ол әдебиеттің проза, драматургия, сын-зерттеу салаларында тер тө­гіп, құнарлы еңбек еткен, ақындықтан да қара жаяу болмаған, қазақ әдебиеті­нің, қазақ сахнасының мәртебесін биікке көтеруге елеулі үлес қосқан, проблемалық тақырыптар қозғап құнды дүниелер қалдырған қаламгер. 

Тіпті шығармаларында бүйрегі бұрып, Ақтөбе, Шалқар, Ырғыз, Қарабұтақ өңір­лерін атап өтуді ұмытпаған, көр­кем­дік деңгейі қырық қабат «Шырағың сөнбесін» романының басты кейіпкерінің, соғыстың «қылкөпірінен» өліп-талып өтіп, онсыз да азап-бейнеті аз болған­­дай, ерлікпен қаза тапқан партизандар­дың және өзінің де шырағын сөндірмей, от-жалын ортасынан олардың көздері мен тұяғын – құшағындағы екі сәбиді, құрсағындағы шарананы елге есен-сау әкеле жатқан әрі пойыз үстінде арып-шаршаған жа­уынгер-ана Нәзираның әуелгі тоқтар аялдамасы етіп, өзгені емес, Ақтөбені таңдаған, «келешекте сәбилер соғыс өртін көрмесін» деген іңкәр тілекпен осы шығармасына соңғы нүкте қойған. Театр өнерінің жілігін шағып, ма­­йын ішетін, пұшпағын илеп жүрген тұл­ға­лар зер салса, «Шырағың сөнбесін» рома­ны киноға да, спектакльге де, тіпті операға да сұранып тұрғанын байқар еді.

Ол — сөз жоқ әлемдік дәрежедегі ұлттық мінезді көрсеткен үлкен жазушы.



Әрине, адам өз табиғатында жоқ нәр­сені қолдан жасай алмайды. Сол сияқ­ты жақсы жазуды үйрену мүмкін емес, жазушы болу да тағдырдан. Ал Мұхтар, Тахауи сынды жазу­шы болып қалыптасуы – ізденіс пен бі­лім­нің, еңбекқорлықтың жемісі. Шығармашылық адамына өзіне етене жақын аға жазушылардың рухани ық­пал ететіні тағы бар. Осының бәрі қалам ұста­ған жастардың жиған-терген білімі­не қосымша күш ретінде қосылып, то­­лыққанды шығармашылық адамына ай­налуға арқау болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет