Бәрі:
Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Елнұр:
Балалар, Әліппе келе жатыр! – Келіңіз, Әліппе, келіңіз!
Әліппе:
Иә, балалар! Сендер мені бүгін бұрынғыдай қолдарыңа алып оқымай отырсыңдар ғой. Мені ұстауға да асықпайсыңдар, әлде ұмыттыңдар ма?
Дайана:
Жо-жоқ! Ол не дегеніңіз?
Әліппе:
Бұл қалай? Сендер көпсіңдер ғой? Ата-аналарың да әдеттегіден көп жиналыпты.
Аружан:
Иә, иә! Қымбатты Әліппем! Бүгін ата-аналарымызбен бірге сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз!
Әліппе:
Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпелісіңдер ма? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болған маған өте көңілді!
Еркебұлан:
Құрметті ӘліппемІ Біз сізбен әрқашан бірге жүрер едік. Әттең.....
Әліппе:
Шынымен менен безгілерің келіп тұр ма? Керек болмасам өзім-ақ кетейін
Динара:
Кетпеңіз, кетпеңіз! Біздің не үшін қоштаспақ екенімізді білсеңіз сіз де қуанасыз.
Мұғалім:
Иә, Әліппе, өзіңіздің жұмысыңыздың қорытындысын көріп рахаттанасыз. Сонда ғана балалардың сізбен не үшін қоштаспақ екенін түсініп, толық ұғасыз. Ал қазір мына жерге отырыңыз.
Ақтолқын:
Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әріптерді біз толығымен үйрендік. Шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық. Керек десеңіз сіздің соңғы беттеріңізді де оқи береміз.
Әліппе:
О-хо! Қуанғанымнан міндетті жұмысымды қалай атқарғанымды да сезбей қалыппын. Неге қоштаспақ болғандарыңды енді түсіндім. Бәрібір сендердің араларыңнан кеткім келмейді.
Айқын:
Құрметті Әліппем! Алдағы оқу жылынан бастап, алдыңызға тағы да бөбектер келеді. Оларды да біздердей оқи алатын өнегелі етіп тәрбиелейтініңізге сенеміз!
Әліппе:
Солай екен-ау! Сендер кеткенмен орындарыңа өздеріңдей балалар келетінін қалай ұмыттым?!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық.
1-тапсырма.Жұмбақ шешу. Жауабын тауып буынға бөліп жазу.Неше дыбыс, оның ішінде нешеуі дауысты дыбыс сұрақтарына жауап алу.
1.Ағайынды бәрі, жапырақ. Жа-пы-рақ
Шықса- жасыл, 7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз
Түссе- сары.
2. Қабат-қабат қаттама, кітап. Кі-тап
Ақылың болса аттама. 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз
Жапырақ, кітап сөзіне сөйлем құрату.
2-тапсырма. Қазақстан сөзінен жаңа сөздер ойлап табу, тақтаға плакатқа маркермен жаздыру.
( қаз, қазақ, ата, сан, саз т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |