Әліппе – алтын жол!
Ғылымменен ұласқан,
Жас балаға нұр шашқан.
Әліппе – кітап тіл ашқан
Бар білімнің бастауы.
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының алғаш рет қолына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған «Әліппе -алтын жол!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
Алайық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп.
Қол жайып, періштенің пейіліне
Бәріміз бір ауыздан Әумин дейік.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында,
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.
( шашу шашылады)
Бала деген, шіркін-ай, балдай екен!
Тәттілігі жая менен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен! – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық
Достарыңызбен бөлісу: |