Жұмағалиева Әлия Жардемқызы. Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген



Дата25.01.2017
өлшемі347,19 Kb.
#7717

Жұмағалиева Әлия Жардемқызы.



Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген

балаларға арналған балабақша тәрбиешісі

Ата-аналарға кеңес.

Тақырыбы. «Ертегінің бала тілінің дамуына тигізер әсері.»

Балалардың тілін,сөздік қорын дамытуда –халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады.Халық шығармаларының ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз. Ертегілер- халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар.Ертегілік прозаның басты міндеті сюжетті барынша тартымды етіп көркемдеп,әрлеп баяндау.Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады,сондықтан ол әсерленіп,ғажайыпқа айналады және біршама дамып отырады.Ертегілер жанырлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан.Ол бірнеше жанырға бөлінеді.

1.Жануарлар туралы ертегілер.

2.Қиял-ғажайып ертегілер,батырлық ертегілер.



3.Хикаялық ертегілер,сатиралық ертегілер.

Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып,зерттелуі 18-ғасырдың 2-ші жартысында басталды.Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып,өмірдің неше алуан сырларын танытады,сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына,ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі.Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды,себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып,тақырыптық ой-пікірлері жинақталып,көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты,ұшқыр қиялды болып келеді де,балаларды бірден қызықтырып,еліктіріп әкетеді.Халық ертегілерінің ішінде ең көп тарағаны-хайуанаттар жайындағы ертегілер.Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы,қарым-қатынастар жасаудағы айла-тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер балалардың санасын оятып, мақсат мұрасына жетуге үйретеді. Ертегі жөнінде Мұқтар Әуезов «Ертегілер жас баланың ой-санасын оятып,қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді.»-деп көрсеткен.Хайуанаттар жайындағы ертегілер баланың ұғымына сай,түсінуіне жеңіл,күлкілі,қызықты болып айтылады.Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар.Олар ,ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін,сырт көрністерін,күнкөрісін байқайды.Есту,тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге,зерттеуге құштарланады.Екіншіден хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып,адамдар арасындағы қарым-қатынасты,олардың мінез-құлқын салыстыра отырып байқайды.Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен қырғауыл», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық» т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар асып-саспауға, не нәрсені болсада ақылға салып шешуге үйренеді.Ертегі баланы парасаттық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылады.Еретегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері,олардың тапқырлық,іскерлік,айлакерлік іс-әрекеттері,аңқаулық мінездері балаларды таң тамаша қалдырып,сүйсіндіреді.Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп,сөйлеу мәдениетін,байланыстырып сөйлеуін дамытып,өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді.Ертегілерді балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.Солардың негіздерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады.Ертегілерді рөлдерге бөліп айытқызу,ертегі желісімен суреттер салғызып,сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау,ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау,оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні балаларға түсінікті болу үшін қысқартып немесе артық шұбалаң сөздерін алып тастап қолдану.Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану балалардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды,қайта олардың таным процестерінің,басқалармен қарым-қатынасының дамуына,балаларды татулыққа,бірлікке,бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.Ертегінің балалардың өміріне тікелей қатысы бар,өзін қоршаған ортаны,табиғатты,бар дүниенің ішкі мазмұнын жан-дүниесіне әсер етерлік көркем тілмен білдіруге,соны тануға үйретуді көздейді.Қорыта келгенде,ертегі арқылы балалар тілдік қарым-қатнасқа түседі, өз ойларын басқаларға еркін жеткізеді,сөздерді қолданып тілдері жетіледі,сөз байлығы дамиды,ойы да дамиды,сөйлеуін жетілдіру барысында олардың таным процестерінің,басқалармен қарым-қатынасының дамуына,балаларды татулыққа,бірлікке,бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.

Сондықтан,әр ата-ана балаларына ертегі кітаптарын алып,үнемі оқып немесе ауызша мазмұнын әңгімелеп айтып отырулары тиіс.Оқыған ертегілерден. сұрақтар қойып,балаларының ертегі мазмұнын қаншалықты түсінгендіктерін біліпотырулары қажет.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Елу ертегі, жетпіс жұмбақ». Алматы «ана тілі» Ж.Ш.С. 2008ж

2.«Қазақ ертегілері» Шымкент. 1998ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет