Мой университет-моя гордость
Бала күнгі арманыңның қазіргі күнде орындалатындығын кім білген десеңші?! Шіркін, сол емтихан тапсырып, жоғарғы балл жинаған кездегі қуанышымды сөзбен жазу мүмкін емес. Өзімнің арманыма, сүйікті университетіме бір қадам жақындағандай болдым. Жалғыз менің емес талай түлектің арманы болған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқу мүмкіндігі мағанда бұйырыпты. Аллаға шүкір. Шынында, арман боларлықтай ,атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді жаулап алды.
Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер.Ең бірінші күннен- ақ студенттік күнім басталып кетті. Студенттік шақ деген әлдебір романнан немесе ауызекі әңгімелерден естіп жүрген қызықты да байыпты шаққа еніп, тағы бір қадамымызды жасадық. Әрине, 1 курста оқып жүргенде университетіммен танысу үрдісім иненің жасуындай сөздерден басталған-ды… Аса көп уақыт өтпей мен де оқу орныма тонның ішкі бауындай болып кеттім. Жабайы тұлпар үйірін тапқандай сезімді серік ете жүргенім де рас. Жаңа достар, жаңа оқу орны менің өмірімді өзгертті. Өмірлік жол табуыма көмектесті.
Құрылғанына 49 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетті. Университет ұжымы көпұлтты Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси- құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты кезеңіміздің самал лебі есіп тұрған университетім ғой бұл менің. Және де шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ЖГУ оқытушыларына дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпасада ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан… «өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда.
Кто знал, что твои детские мечты сбудутся в наши дни?! Но радость, которую я испытываю, когда сдаю тот экзамен и набираю высший балл, словами не описать. Я словно на шаг приблизилась к своей мечте, к своему любимому университету. Единственное, о чем я мечтала, это о возможности учиться в Жетысуском государственном университете имени Ильяса Жансугурова. Слава богу. В самом деле ,как и во сне, прекрасный городок покорил мое сердце.
Студенческий период-один из самых интересных и насыщенных дней в жизни человека.С самого первого дня начался мой студенческий день. Мы сделали еще один шаг, погрузившись в интересное и серьезное время, которое мы слышим в каком-то романе или разговорной речи. Конечно, в наше время, когда я училась, процесс знакомства с университетом начался с того, что я стала иголкой... не так уж и давно, я стала внутренним звеном в моем вузе. . Новые друзья, новое учебное заведение изменило мою жизнь. Помог мне найти жизненный путь.
Учебное заведение, которому исполнилось 49 лет со дня основания, за свою историю добилось многих успехов. Коллектив университета внес огромный вклад в экономический и культурный рост, политико - правовую жизнь, культуру, науку и образование многонационального Казахстана, сделав его вершиной высших учебных заведений страны. Университет сотрудничает со многими зарубежными вузами. Каждый студент, обучающийся здесь, имеет возможность выезжать за рубеж и совершенствовать свои знания.
Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова-это мой университет, где высевается тысячелетнее зерно человечности, вечная земля молодости, наполняется знанием и счастьем. И я очень благодарна преподавателям ЖГУ,которые, к счастью, не пылятся и не разбудили меня. В этом университете я узнал, что мое дальнейшее место в будущем будет отбирать сметану на поверхности молока,а также привлекать к себе внимание. Жуя камень, плюя песок, тепсе Темир узер молодежь из этого учебного заведения Тамыз» ядреный огонь воспет поэтом " души капают капли чувств с листьев Байтерека знаний.
Достарыңызбен бөлісу: |