Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет69/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай
тамаша, қандай қуаныш!

Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «З» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«З з» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«З з» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

Күтілетін нәтижені балалармен талдау.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – қаз. Қаздың балапандары бар. Оның балапандары бесеу».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек
беру.

Суреттер, оқулық

Сызба



130







а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:



  • Мынау не?

  • Бұл – қаз.

  • Қаздың нелері бар?

  • Қаздың балапандары бар.

  • Оның балапандары нешеу?

  • Оның балапандары бесеу.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Қаз суда жақсы жүзеді. Балапандарына жүзуді үйретеді.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Бұл – қаз) бөліп алып, оны сөздерге (Бұл, қаз) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «З з» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Зз» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасау.

  8. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

  2. Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, сөз бір буыннан тұратынын айтады.

  3. «Қаз» сөзін «қаз-з-з» деп айтып,

«з» дыбысын анық естиді.

  1. «З» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасайды.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Қолдауды қажет ететін

Түймелер

Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы




131








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет