- Әлия Модағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған. 1944 жылы Прибалтика майданында ерлікпен қаза болған.
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры .Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған. Мәншүк Мәметова 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |