Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған
1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды.
Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды.
Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.
Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.
Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі.
Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген.
Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған.
Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді.
1944 ж. 14 қаңтарда Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, отаны үшін, елі үшін қаһармандықпен қаза тапты.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді