Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев



бет3/3
Дата04.11.2016
өлшемі318,42 Kb.
#101
1   2   3

Поэма бірнеше бөліктен тұрады, Әлияның күнделігінен, алғашқы кездесу, № 956 винтовка, Әлияның хатттарынан, «Казачиха» тұрғындарының айтқаны. Ақын батыр қыздың ерлігі мен қайсарлығын жазған. Әлияның соғыс кезіндегі күнделіктегі естеліктерін насихаттаған.








Мәншүк атың бар әлемге аңғырып,

Есіміңді ұрпағың жүр ән қылып, Асқан ерлік ұмытылмас ешқашан Сақталады ел ішінде мәңгілік.

Мұқағали Мақатаев


Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы 16 қазанда Орал облысы, Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келіпті.

Мәншүктің әкесінің аты Жиенғали емес, Жеңсігәлі екен. Ал туған анасының аты Тойылша. Мәншүктің Қадер, Нағи деген екі ағасы болған. Үлкен ағасы Оралда пединститутта оқып жүргенде қайтыс болса, екінші ағасы әскерде жоғалып кетіпті. Туған анасы Тойылша да ерте қайтыс болған. Сонда екі ұл, бір қызымен жалғыз қалған әкесі Жеңсігәлі: «Сіздер оқыған адамсыздар. Адам етсеңіз, осы қызды адам етерсіз», -деп төрт жасында Мәншүкті немере інісі Ахмет Мәметовке беріпті. Оның үстіне Ахметтің баласы жоқ екен. Ахмет ол кезде Н.Чернышевский атындағы Саратов университетінің медицина факультетінде, ал жары Әмина Сүлейменқызы филолог мамандығында білім алыпты.

Міне, Мәншүк осындай зиялылар отбасында тәрбиеленеді.

Мәншүк Оралда мектеп бітіріп, Алматыға келгеннен кейін Әмина анасының қолында бір жарым жылдай тұрды. Сол Әмина анамыздың айтуы бойынша, Мәншүк бала кезінде өте өжет, бірбеткей болған. Негізі Мәншүктің азан шақырып қойған аты Мәнсия екен.

1937 жылы қуғын-сүргінге Мәметовтер отбасы да ұшырайды. Соғыс басталғанда ол небәрі он сегіз жастағы бойжеткен болатын. Мәншүктің құрбылары ол кезде оқу, жұмыс, тұрмыс құру сынды мәселелерді ойлап жүргенде, батыр қыз, еш ойланбастан соғысқа аттануға сұранған еді. Өз өтінішінде ол: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз,1939 жылдан бері комсомолмын» деп мәлімдеген. Ал, бұл өтінішті Мәншүк 1941 жылдың 7 тамызында жазған екен. Алғашында М.Мәметованың мұндай талап-тілектерін басшылық қабыл алмады.



Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүрді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Әскери өмірге Мәншүк тез үйренді. Ерлермен бірге ол жорғалады, су кешті, ну ормандарды кесіп өтті және де пулемет атуды үйренеді. Қарудың тілін жетік меңгерген Мәншүк 21 гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына да ие болды. Майдангерлері Мәншүкті үнемі мақтан тұтатын және ерліктің үлгісі ретінде көретін. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен асқақ өлімі соғыс даласында да, «еңбек майданында» да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1 наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры берілді. Қаршадай қыздың ерлігі көптеген жауынгерге үлгі болды. Бүгінде туған жерінде оған арнап ескерткіш орнатылған.

Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталды. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірілді.

Әдебиеттер тізімі.



  • Бапанова Е. Қаһарман қызымыз. // Президент және халық..- 2013.- 3 мамыр.

  • Әдігенқызы С. Қазақтың қайсар қызы-Мәншүк Мәметова. // Жұлдыздар отбасы.-2014.- № 9.- б.48-49.

  • Әлия Молдағұлова. // Қазақстан Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ.- Алматы: Өнер, 2010.- б.169-170.

  • Әлия Молдағұлова. // Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым.- Алматы: Алматыкітап, 2006. - б.355.

  • Жиенбаев C. Әлия поэмасы. // Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Атамұра, 2003.- б.183-204.

  • Жүсіпова К. 37 жылдан соң: Әлия мен Мәншүктің өшпес ерліктері әрқашан жадымызда. // Парасат.- 2011.- № 1- б.21-23.

  • Қоспағанбетова И. Әлия мен Мәншүк-ұқсас қыздар. // Айқын апта.- 2010.- 17 маусым.

  • Мәншүк Мәметова. // Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- б.354.

  • Мұтанова А. Мәншүк қазақтың қаһарман қызы. // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.- 2013.- № 12.- б.72-76.

  • Жиенбаев C. Әлия поэмасы. // Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Атамұра, 2003.- б.183-204.

  • Сәуірбай С. Мерген қыздың аруағын мазаламайық. // Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қазан.

  • Хусаинов А. «Әлия-Мәншүк» патриоттық жастар қозғалысының Үндеу //Аружан.-2010.- 5 мамыр.

Құрастырушы: Казиқанова А.Қ.



Ақпараттық - библиографиялық бөлім

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет