«Елтану»курс бағдарламасы төрт тараудан тұрады . Барлығы 34 сағат:
І-тарау «Қазақ даласында өмір сүрген ертедегі тайпалар мен мемлекеттер» (21 сағат),
ІІ-тарау «Қазақ хандығы мен қазақ даласы, ұлы тұлғалары» (2 сағат),
ІІІ-тарау «ХХ ғасырдағы Қазақстан» (3 сағат),
ІҮ-тарау «Тәуелсіз Қазақстан (5 сағат).
«Елтану» қолданбалы курсының мақсат-міндеттері:
1.Оқушыларға тарихи білім беруді жетілдіру.
2.Қазақ елінің тарихын тереңдетіп оқыту.
3. Бүгінгі Қазақстанның сыртқы саясатын оқыту, әлемдік қауымдастықта алатын орнын түсіндіру.
4. Оқушыларды бейбітшілікке, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Курс тақырыптарында Қазақ жерінің, Қазақ елінің дара тұлғаларының тарихтағы орны туралы баяндалып, Қазақ елінің дамуы, Кеңес үкіметі құрылған кездегі қиыншылықтары мен жетістіктері және осыған үлес қосқан республика басшылығының ролі ескеріледі, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістері туралы баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |