Бекітемін: Келісемін: Қаралды:
Мектеп директоры Оқу ісі жөніндегі орынбасары Хаттама №1
_________ Э.Қ.Аманбаева _____________ О.Хуанган ӘБ жетекшісі _______
«____» _________ 2016 ж «____» _________ 2016 ж «____» _________ 2016 ж
«Жамбыл атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ
«Елтану» тарих пәні бойынша
5-сыныпқа арналған
факультативтік қолданбалы курсы
2016-2017 оқу жылы
Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі Қ.С.Шитенова
5-сыныпқа арналған «Елтану» факультативтік қолданбалы курсы
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Пән бойынша оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыру. Бағдарламаны жасағанда ҚР мемлекеттік білім стандарты мен «Білім туралы» Заңының талаптары, «ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық тарихты оқып-үйрену қажеттігі туралы айтқан пікірлері ескерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |