*Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия


таңдайлық және туберальды



бет8/8
Дата10.05.2024
өлшемі238,58 Kb.
#201944
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия

таңдайлық және туберальды

Ауруханаға 45 жастағы науқас К.,оң жақ жоғарғы жақ аймағындағы ісінуге және ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,5ºС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: науқас айтуы бойынша 1.6 тістегі ауырсыну 3 тәулік бұрын пайда болған. 1 тәулік бұрын ісіну пайда болып, жалпы жағдайы нашарлаған. Тісі бұрын емделмеген. Обьективті: оң жақ жоғарғы жақ жұмсақ аймақтарының ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 2,0×2,0 см болатын инфильтрат анықталады, оның үстіндегі терісі қызарған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 1.6 тіс сауытының 2/3 бұзылған, перкуссия кезінде ауырсынулы. 1.5,1.6,1.7 тістер деңгейінде өтпелі қатпар жазылған, қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің әдісін анықтаңыз:


*1.6 тістің жедел іріңді перикорониті, тісті жұлу
*жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі, периостотомия, 1.6 тісті жұлу 1
*1.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, периостотомия, тісті жұлу
*1.6 тістен пайда болған ұрт аймағының флегмонасы, іріңдікті дренаждау
*1.6 тістен пайда болған бет аймағының абсцессі, іріңдікті дренаждау

Ауруханаға 39 жастағы науқас З., сол жақ төменгі жақ аймағындағы ісінуге және ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,3ºС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: науқастың айтуы бойынша 3.6 тіс аймағындағы ауырсыну 4 тәулік бұрын басталған, 2 тәулік бұрын ісіну пайда болып, жағдайы нашарлаған. Тісі бұрын емделмеген. Обьективті: сол жақ төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 2,0×1,5 см инфильтрат пальпацияланады, үстіндегі терісі қызарған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 3.6 тіс сауытының ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы. 3.5, 3.6, 3.7 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар жазылған, қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің әдісін анықтаңыз:


*3.6 тістің жедел іріңді перикорониті, тісті жұлу
*3.6 тістен болған иекасты аймағының абсцессі, іріңдікті дренаждау
*3.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, периостотомия, тісті жұлу
*3.6 тістен болған төменгі жақасты аймағының флегмонасы, іріңдікті дренаждау
*төменгі жақтың жедел іріңді периоститі, периостотомия, 3.6 тісті жұлу 1

Ауруханаға 30 жастағы науқас Л., келді. Дәрігер 4.7 тістің созылмалы периодонтиті диагнозын қойды. 4.7 тісті жұлу кезінде тіс сауытының сынуы орын алды, медиальды түбірі ұяшықта қалды. 4.7 тістің медиальды түбірін жұлу үшін қажет құрал:


*тіке элеватор
*бұрыштық «өзіңе» элеваторы 1
*бұрыштық «өзіңнен» элеваторы
*бізтәрізді элеватор
*распатор

Ауруханаға 37 науқас У., келді. Дәрігер 4.6 тістің созылмалы периодонтитінің асқыну диагнозын қойды. Жергілікті жансыздандыру арқылы 4.6 тісті жұлу жоспарлануда. 4.6 тісті жұлуға арналған құралды және дәрігер қалпын анықтаңыз:


*құстұмсықтәрізді басы біріккен қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы сол жағында
*әмбебап қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы сол жағында
*құстұмсықтәрізді басы бірікпеген қысқыш, дәрігер қалпы науқастың алдыңғы оң жағында
*құстұмсықтәрізді басы бірікпеген қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы оң жағында 1
*әмбебап қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы оң жағында

Ауруханаға 22 жастағы науқас С., оң жақ төменгі жақтағы деформацияға шағымданып келді. 6 ай көлемінде мазалайды, 1 ай бұрын төменгі жақ аймағында жарақат алған, содан кейін деформация ұлғайған. Қарау кезінде: беті оң жақ төменгі жақтың бұрышының және тармағының тығыздалуына байланысты асимметриялы. Пальпацияда ауырсынбайды. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 36, 37 тістер аймағындағы өтпелі қатпар ашық – қызғылт түсті, пальпация кезінде «пергаменттік сықыр» симптомы анықталады. Р- граммада анық контурлы гомогенді, сүйектік перделермен бөлінген ошақты ағарулар анықталады. Ошақтық ағару ортасында ретинирленген 38 тіс орналасқан. Морфологиялық зерттеу эмальды орган құрылысына келеді. Клиникалық диагноз қойыңыз:


*фиброма
*одонтома
*миксома
*хондрома
*амелобластома 1

Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальды бағытта, 3.7 тіс және төменгі жақ бұтағының алдыңғы шеті арасындағы қашықтық 0,7 см құрайды. Ем тактикаңыз таңданыз


*Новокаин-антибиотикті тежеу
*Капюшонды кесу 1
*Периостотомия
*38 тісті жұлу
*Аппликация метрогилмен

Жоғарғы еріннің шиқаны диагнозы қойылған науқаста көздің бұрышының ішкі аймағын сипап тексергенде инфильтрацияланған тіннің ауырсынған тяжы анықталады.Қандай асқынудың пайда болғанын болжауға болады?


*Бет көк тамырының зақымдануы
*Беттің бұрыштық көк тамырының флебиті 1
*Медиастенит
*Жоғарғы жақтың синусының перфорациясы
*Қанаттаңдай шұңқырының абсцессі

23 жастағы науқас,қабылдау бөліміне төменгі жақтың екі жақты сынығы, жылжымаған оң жақ ангулярлы,4.8 тістің ұрығы арқылы мен 3.5-3.6 тістердің арасындағы денесінің жылжуымен сипатталатын диагнозбен келіп түсті. Қарап тексеру кезінде: 3.5 тістің перкуссиясы ауырсынбайды, 3.6 тістің перкуссиясы ауырсынады, 3.6 тісте тереңгі кариес қуысы бар. Рентгенограммада 3.6 тісте мезиальді түбірдің ұшында-тегіс емес контурларымен периапикальді тіндердің сорылуы байқалады. Мынау сызығы бойындағы тістерге қатысты дәрігердің тактикасы қандай?


*3.5, 3.6, 4.8 тістерді жұлып тастау
*3.6 және 4.8 тісті жұлып тастау 1
*3.5, 4.8 тісіт жұлып тастау
*4.8 тісті жұлып тастау
*3.5 тісті жұлып тастау

Науқаста төменгі жақтың обыры T4N0M0. Дәрігер науқасты МСЭК бағыттады. Мүгедектік тобын анықтаныз


*Бірінші 1
*Екінші
*Үшінші
*Төртінші
*Бесінші

Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальды бағытта. Ем тактикаңыз таңданыз


*Новокаин-антибиотикті тежеу
*Капюшонды кесу 1
*Периостотомия
*3.8 тісті жұлу
*Аппликация метрогилмен
Науқас О., 41 жаста., жақ-бет ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Диагнозы: сол жақ төменгі жақтың жылжыған ашық ментальді сынығы. Анамнезінен 3 сағат бұрын өз үйінің қасында танймайтын адамдар ұрып кеткен. Беті ассиметриялы, сол төменгі жағының жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты. Терісі қалыпты түстес, кернелмеген, пальпацияда әлсіз ауырсынады. Аузын ашқанда ауырсынады, 1,5 см дейін шектелген. Орнында жоқ 3.5 тістің орнында шырышты қабаттың жыртылуы анықталады. Тістесуі ашық түр тәрізді бұзылған. Төменгі жақтың тікелей және бүйір проекцияларындағы рентгенологиялық зерттеуінде сол жақта сынық сызығы, ментальды бөлімнің соол жағында ағару жолағы, сынық қалдықтарының ығысуымен. Бұл жағдайда қандай шинаны қолданамыз?
*ілгіш жіптері бар екіжақты шина мен резиналық тарқышты
*резиналық тартқышсыз ілгіш жіптері бар екіжақты
*Васильевтің стандартты шинасы
*ілгіш жіптері бар екіжақты шиналармен, резиналық тартқыш 1
*ілгіш жіптері бар екіжақты шинаы, резиналық тартқышты және стандартты транспорттық таңғышты

Науқас Г., 37 жаста жақ-бет ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Диагнозы: сол жақ төменгі жақтың жылжыған ашық ангулярлы сынығы. Алкогольді масаюда. Аанамнезінен 2 сағат бұрын үйінің қасында танымайтын адамдар ұрып кеткен. Жергілікті: сол төенгі жақ аймағындағы жұмсақ тіндер ісінуіне байланысты беті ассиметриялы. Аузын ашқанда ауырсынады, 1,5 см дейін шектелген.3.6 тістің артында шырышты қабаттың жыртылуы. Тістесуі ашық түрде зақымдалған. Төменгі жақтың тікелей және бүйір проекцияларындағы рентгенологиялық зерттеуінде сол жақта сынық сызығы, ментальды бөлімнің соол жағында ағару жолағы, сынық қалдықтарының 3.6. тіске ығысуымен. Емдеу жоспарын тағайындаңыз?


*резиналық тартқышпен және іліп алатын жіпшелері бар екіжақты шиналармен репозициялау және фиксациялау
*резиналық тартқышсыз іліп алатын жіпшелері бар екіжақты шиналармен репозициялау және фиксациялау 1
*ілгіш жіптері бар екіжақты шиналармен репозициялау және фиксациялау, сүйек тігісімен остеосинтездеу
*ілгіш жіптері бар екіжақты шиналармен репозициялау және фиксациялау, Киршнер спицасымен остеонтездеу
*ілгіш жіптері бар екіжақты шиналармен репозициялау және фиксациялау, минипластиналармен остеосинтездеу
Науқас С., 35 жасар ауызын толық аша алмауына, жұтынғанда ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, нашар күйге, дене қызуының 38,5 º С көтерілуіне шағымданған. Анамнезінен: 3.7- тіс 5 күн бұрын жұлынған, жұлу қиын өткен. 2 күн бұрын жоғары көрсетілген симптомдар қосылған. Объективті: сырттай өзгеріссіз, ауыз ашуы шектелген 2,5 см – ге дейін. Ауыз қуысында: қанатша-жақ қатпары мен жұмсақ таңдай жиегі шырышты қызарған, сол жұмсақ таңдай жиегі отаға қарай ығысқан. Сіздердің диагнозыңыз?
*қанатша-жақ кеңістігі флегмонасы
*Людвиг баспасы
*паратонзиллярлы абсцесс
*қанатша-жақ және жұтқыншақ маңы флегмонасы 1
*жұтқыншақ маңы флегмонасы

Науқас Д., 35 жаста, көз алмасына таралатын жоғарғы сол жақсүйек аймағында ауырсынуға; мұрын жолының сол жартысынан бөлініске және бітелуге, дене қызуының 400С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, сырқаттануға шағымданады. Анамнезінен - 2 күн бұрын басының ауруы, сол жақ ұртының ісінуі, мұрынның бітелуі пайда болған. Көзасты және ұрт аймақтарының тіндері ісінген. Терісі өзгеріссіз. Үлкен азу тістер аймағында ауыз қуысы кіреберісінің кілегейі қызарған, ісінген. Ит шұңқыры аймағында пальпациясы ауырсынады. 2.6 тіс 1/3 бұзылған, 2.5, 2.6 2.7 тістердің перкуссиясы ауырсынады. Емдеу тәсілін таңдаңыз:


*2.6 тісті жұлу+ гаймор қуысының пункциясы 1
*2.6 тісті емдеу + гаймор қуысының пункциясы
*Колдуэлл-Люк бойынша гайморотомия
*радикальды гайморотомия
*сыртқы жолмен іріңдікті ашу + 2.6 тісті жұлу

Науқас А., 29 жаста, сол жақ мұрынерін қатпары аймағындағы ісіну мен ауырсынуы, дене қызыу 38ге дейін градуске қөтірілгенқне шағымданады. Анамнезінен: «безеу» пайда болғаннан 2 күн бойына ауырған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта көлемі 4,0х4,0 см болатын ауырсынулы инфильтрат байқалады. Инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған 3 іріңді өзек анықталады. Тері қызарған, ісінген. Алдын аларлық диагноз қойыңыз


*Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі
*Мұрын ерін қатпары аймағының шиқаны, абсцесстену кезені
*Мұрын ерін қатпары аймағының флегмонасы
*Бұрыштық венаның флебиті
*Мұрын ерін қатпары аймағының карбункулы 1

Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 25 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: сол жақ жоғарғы жақ аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 25 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айнала шырышты қабаты қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 25 тісті жұлу үшін құралды таңданыз:


*Тіке қысқаш
*Тіке элеватор
*Құстұмсық қосылатын қысқаш
*Құстұмсық қосылмайтын қысқаш
*S-тәрізді иілген қысқаш 1

2% новокаин ерітіндісімен жергілікті анестезия жүргізілді. Науқас 5 минуттан кейін төменгі еріннің, тіл ұшының оң жағында жансыздануды сезді. Бұл белгі тән:


*үшкіл нервтің төменгі тармағының невриті 1
*оң жақ тілдік және ұрт жүйкелерінің анестезиясы
*төменгі қуыстық және иектік жүйкелердің анестезиясы
*ұрт, тіл, иек жүйкелерінің анестезиясы
*оң жақтық тіл және төменгіқуыстық жүйкелерінің анестезиясы

Емханаға 27 жастағы Д. науқас 1.6 тістің аймағында тұрақты және жедел ауырсыну, «өскен тіс» сезімі, тістегенде ауырсынудың күшеюі шағымымен келді. Объективті: беті симметриялы. Тері жамылғысы таза, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, 1.6 тістің аймағында кілегей қабығы қызарған, ісінген. 1.6 тістің таңдайлық бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс бар, зондтау ауырсынусыз, перкуссиясы күрт ауырсынады. Рентгенограммада 1.6 тістің түбір ұшы және бифуркация аймағында диаметрі 0,3 х 0,3 см-ге дейін, дөңгелек пішінді, анық тегіс контурлары бар сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және 1.6 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:


*1.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, сол жақ тісшемен S- тәрізді қысқаш 1
*1.6 тістің созылмалы периодонтиті, тіке элеватор
*1.6 тістің жедел периодонтиті, S-тәрізді жымдасқан қысқаш
*1.6 тістің жедел пульпиті, тіке қысқаш
*1.6 тістің созылмалы пульпиті, оң жақ тісшемен S-тәрізді қысқаш

Клиникаға 48 жастағы Х. науқас жоғарғы сол жақ аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: 2.6 тістің ауырғанына 2 тәулік болған. Тіс бұрын жедел периодонтит бойынша емделген. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 2.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссиясы ауырсынады. 2.6 тіс аймағындағы кілегей қабық қызарған, ісінген. Перкуссиясы ауырсынулы. Рентгенограммада - 2.6 тістің түбір ұшы және бифуркация аймағында диаметрі 0,4 х 0,5 см анық тегіс контурлары бар сүйек тіні ыдырауының ошағы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және 2.6 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:


*2.6 тістің созылмалы периодонтиті, тіке элеватор
*2.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, оң жақ тісшемен S-тәрізді қысқаш 1
*2.6 тістің жедел периодонтиті, S-тәрізді жымдасқан қысқаш
*2.6 тістің жедел пульпиті, тіке қысқаш
*2.6 тістің созылмалы пульпиті, сол жақ тісшемен S-тәрізді қысқаш
Емханаға 45 жастағы Л. науқас жоғарғы сол жақ сүйегі аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінде: 2.1 тістің ауырғанына 2 тәулік болған. Ісіну пайда болған. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 2.1 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссиясы ауырсынады. Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген. Алғашқы диагнозды қойыңыз және хирургиялық кірісуді орындау кезінде дәрігердің қалпын анықтаңыз:
*2.1 тістің жедел іріңді периодонтиті, оң жағынан және артынан
*2.1 тістен жедел іріңді лимфаденит, сол жағынан және алдынан
*2.1 тістен жедел іріңді периостит, оң жағынан және алдынан 1
*2.1 тістен жедел одонтогенді остеомиелит, сол жағынан және артынан
*2.1 тістен жоғарғы ерін абсцесі, оң жағынан және алдынан

Клиникаға 35 жастағы Ф. науқас келді. 2.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі диагнозы қойылды. 2.4 тісті жұлу операциясы жоспарлануда. Тісті жұлу операциясын жүргізу кезінде дәрігер науқастың алдында және оң жағынан тұрды. Дәрігер қызылиекті ажыратты, тік қысқашты салды және ротацияға кірісті. 2.4 тістің сауыты сынып кетті. Дәрігердің тактикалық қатесін анықтаңыз:


*дәрігердің дұрыс емес орналасуы
*науқас басының дұрыс емес орналасуы
*қысқашты және тісті жұлу техникасын дұрыс емес таңдау 1
*тісті жұлудың және дәрігер орналасуының дұрыс емес техникасы
*тісті жұлудың дұрыс емес техникасы және науқас басының дұрыс емес орналасуы

28 жастағы Ы. науқасқа 2.6 тістің түбірлерін жұлу үшін дәрігер істік тәрізді қысқаштарды қолданды. Қысқаштар көмегімен тістің түбірлерін жұла алмады. 2.6 тістің таңдайлық түбірі жоғарғы жақ синустың түбіне жақын орналасады. 2.6 тістің түбірлерін жұлу операциясын сәтті аяқтау үшін құралды таңдаңыз:


*бүртіктері бар s-тәрізді қысқаштар
*бормашина 1
*бүртіксіз s- тәрізді қысқаштар
*құс тұмсықты жымдаспаған қысқаштар
*құс тұмсықты жымдасқан қысқаштар

Клиникаға 20 жастағы В. науқас келді, тісті жұлу алдында жақ-бет хирургы сол қолмен науқастың басын қамтиды, бас бармақпен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, сұқ саусақпен төменгі ерінді итереді. Хирургтың осы әрекеттері тісті жұлу операциясын орындау кезінде тән:


*төменгі сол жақта
*сол жақ үшінші молярларды
*жоғарғы оң жақта
*жоғарғы сол жақта
*төменгі оң жақта 1
Стоматологиялық емханаға 29 жастағы Б. науқас төменгі сол жақ аймағында ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінде: 2 тәулік бойы ауырған. Объективті: 3.6 тістің сауыттық бөлімі 2/3 бұзылған, перкуссиясы күрт ауырсынады, тіс маңындағы кілегей қабығы қызарған, ісінген. Науқасқа мандибулярлы жансыздандыру көрсетілген. Мандибулярлы жансыздандыруды өткізу кезінде келесі нервтердің блокадасы жүреді:
*көзасты, таңдай мұрындық
*таңдаймұрындық, үлкен таңдайлық
*тілдік, ұрттық және төменгі ұяшықты
*тілдік және төменгі ұяшықты 1
*ұрттық және төменгі альвеолярлы

Клиникаға 19 жастағы Т. науқас жоғарғы сол жақ аймағында ауырсыну шағымымен келді. Объективті: жоғарғы сол жақ жұмсақ тіндерінің коллатеральды ісігі есебінен беттің асимметриясы. 1.6, 1.7 тістер аймағында өтпелі қатпар тергістелген, қызарған, ісінген. Пальпацияда флюктуация анықталады. Тиімді жансыздандыру әдісі болып табылады:


*инфильтрационды жансыздандыру және интралигаментарлы
*күрек тістік жансыздандыру және таңдайлық
*таңдайлы жансыздандыру және мандибулярлы
*туберальды жансыздандыру және инфильтрационды 1
*инфроорбитальды жансыздандыру және таңдайлық

36 жастағы И. науқасқа 3.6 тісті жұлу мақсатында дәрігер мандибулярлы жансыздандыруды өткізді. 10 минуттан кейін 3.6 тістің қызылиек жиегін ажыратуға кірісті. Тілдік жағынан ажырату ауырсынусыз болды, ал вестибулярлы – ауырсыну сезімдерінен науқас ажыратуды жүргізуді бермеді. Ауырсыну сезімдерінің себебін түсіндіріңіз:


*көзасты нервтің блокадасы жүргізілмеді
*ұрттық нервтің блокадасы жүргізілмеді 1
*төменгі жақ нервтің блокадасы жүргізілмеді
*тілдік нервтің блокадасы жүргізілмеді
*таңдайлық нервтің блокадасы жүргізілмеді

Науқас М., 24 жаста, убестезинмен жергілікті жансыздандыруды жүргізгеннен 5 минуттан кейін төменгі еріннің оң жартысының, иектің және тіл ұшының жансыздану сезімі пайда болды. Осы жансыздануды өткізу кезінде тежеуі жүргізілді:


*төменгі ұяшықты, ұрттық және тілдік нервтердің 1
*таңдайлық және күрек тістік нервтердің
*жоғарғы ұяшықты және таңдайлық нервтердің
*ұрттық және көзасты нервтердің
*бет нервісі тармақтарының
Клиникаға 25 жастағы З. науқас келді. Рентгенограммада 2.1 тіс аймағында терең сүйекті қалта анықталады. Гингивотомия операциясы ұсынылды. Жансыздандыру келесідей орындалды: өтпелі қатпар бойымен вестибулярлы жақтан 2.2, 2.1, 1.1 тістер деңгейінде анестетикті енгізді. Таңдай жақтан күрек тістік еміздікшенің сол жағы негізінде 0,5 мл анестетик ерітіндісін жіберді, күрек тістік емізікшенің бозаруы байқалды. Дәрігермен орындалған жансыздандыру әдісін анықтаңыз:
*торусальды, таңдайлық
*инфраорбитальды, таңдайлық
*туберальды, таңдайлық
*Берше-Дубов бойынша
*инфильтрационды, күрек тістік 1

40 жастағы Э. науқасқа 4.8 тістің қиын шығуы, жедел іріңді перикоронаритпен асқынған диагнозы қойылды. 4.8 тісті жұлу операциясын өткізу үшін келесі нерв тармақтарын тежеу тиімді:


*төменгі ұяшықты, тілдік, ұрттық 1
*ұрттық, мұрын таңдайлық, күректістік
*таңдайлық, инфраорбитальды, беттік
*жоғарғы артқы ұяшықты
*жоғарғы алдыңғы ұяшықты

Науқас С., 37 жаста, туберальды жансыздандыруды өткізу кезінде оң жақ ұрт аймағында ісіну пайда болды. 2 сағаттан кейін ісіну үстіндегі тері көк түске боялды. Жергілікті жансыздандыруды өткізу кезінде гематоманың себебін анықтаңыз:


*венозды өрімінің зақымдануы 1
*асептика ережелерінің бұзылысы
*анестетикті тез енгізу
*жергілікті анестетиктерге аллергия
*нервті талшықтардың зақымдануы

19 жастағы М. науқаста жергілікті жансыздандыруды өткізгеннен кейін бас ауыруы, ыстықтану сезімі, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, тән:


*гипертониялық кризге
*бронхиалды астманың ұстамасына
*естен тануға 1
*Квинке ісігіне
*миокард инфарктісіне

Клиникаға 18 жастағы Е. науқас оң жақ ұрт аймағында ауырсыну, ісіну, әлсіздік, дене қызуының 37,2 0С дейін жоғарылауы шағымымен келді. 4.6 тісі ауырғанына 5 тәулік болды. 2 тәулік бұрын ұрт аймағының ісінуі пайда болды. Объективті: оң жақ ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. 4.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген. Пальпацияда ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу қағидасын анықтаңыз:


*4.6 тістен жедел іріңді периостит, хирургиялық емдеу 1
*4.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, тістің депульпациясы
*4.6 тістің жедел іріңді пульпиті, хирургиялық емдеу
*4.6 тістен созылмалы периостит, тістің депульпациясы
*4.6 тістен жедел остеомиелит, тістің депульпациясы
Клиникаға 45 жастағы Ж. науқас төменгі оң жақ аймағында ісіну мен ауырсыну, әлсіздік, мазасыздық шағымымен келді. Объективті: төменгі оң жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 4.7 тістің сауыты 1/3 бұзылған, перкуссиясы ауырсынады. Төменгі оң жақ аймағында өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген, пальпацияда ауырсынулы. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу әдісін анықтаңыз:
*4.7 тістің жедел іріңді периодонтиті, тісті жұлу
*4.7 тістің жедел іріңді пульпиті, тісті сақтаумен периостотомия
*4.7 тістен жедел іріңді периостит, тісті жұлумен периостотомия 1
*4.7 тістен жедел іріңді лимфаденит, қабынуға қарсы терапия
*4.7 тістің созылмалы периодонтиті, эндодонтиялық емдеу

Клиникаға 18 жастағы Л. науқас ауыз қуысында ащы дәм, оң жақ құлақмаңышайнау аймағында ісіну шағымымен келді. Қараған кезде: оң жақ құлақмаңы-шайнау аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Осы аймақта ұлғайған құлақмаңы сілекей безі анықталады, пальпациясы кезінде бұдырланған, аздап ауырсынады. Ауыздың ашылуы еркін. Оң жақ құлақмаңы сілекей безі жолының өзегі қызарған, ісінген, жолынан – бұлдыр тұтқыр сілекей. Сиалографияда – ІІ-ІІІ ретті жолдардың кеңеюі, ІV-V ретті жолдар анықталмауы байқалады. Клиникалық диагнозды қойыңыз:


*созылмалы паренхиматозды сиалоаденит 1
*созылмалы интерстициальды сиалоаденит
*калькулезды созылмалы сиалоаденит
*созылмалы сиалодохит
*жедел эпидемиялық сиалоаденит

Клиникаға 29 жастағы М. науқас құлақмаңы-шайнау аймағында ауырсыну және ісіну шағымымен келді. 7 тәулік бұрын тұмаумен ауырған. Объективті: құлақмаңышайнау аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Құлақмаңы сілекей бездері екі жағынан ұлғайған, пальпация кезінде құлақмаңы және жақасты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Пальпация кезінде құлақ қалқаны бүртігінің алдында, төменгі жақтың ойығы астында және төменгі жақтың ұшында ауырсыну анықталады. Ісінудің үстіндегі тері өзгермеген. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. Стенонов жолынан таза сілекей шығады. Алғашқы диагнозды қойыңыз:


*эпидемиялық сиалоденит 1
*жалған сиалоденит
*Микулич ауруы
*Шегрен синдромы
*жедел іріңді сиалоденит
Клиникаға 39 жастағы М. науқас төменгі сол жақта тістің ауырсыну, ауыз ашылуының шектелуі, ұрттың ісінуі, дене температурасының 38,00С жоғарлауы, әлсіздік, мазасыздық шағымымен келді. Объективті: сол жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Бет терісі қалыпты түсті. Ауыз ашылуы шектелген 2 дәрежеде. Ауыз қуысында 4.8 тістің медиальды төмпешіктері кілегей қабық үстінде, дистальды төмпешігі астында орналасқан. Күлпара астынан көп мөлшерде іріңді бөлініс бар. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы. Алғашқы диагноз қойыңыз:
*жедел катаральлы перикоронорит
*жедел іріңді перикоронорит 1
*молярарты периостит
*сол жақ ұрт аймағының абсцесі
*қанат-төменгі жақ қатпарының абсцесі

Науқас Н., 50 жаста, аузын жабу мүмкін еместігі, құлақмаңы-шайнау аймағының жоғарғы бөлігінде ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: аузын кең ашу, тамақтану кезінде бірдеме шерт етті және науқас аузын жаба алмады. Осындай жағдай 2 жыл мерзімінде қайталануда. Объективті: беттің төменгі бөлігінің ұзаруы және иектің алдыға ығысуы есебінен беттің асимметриясы. Ауыздан сілекей мол бөлінеді, бірақ тілі құрғақ. Сол және оң жақ құлақ бүртігінің алдында тіндер артқа ығысады, ал бет доғасының астында буын өсінділерінің бастары пальпацияланады. Тістесуі ашық. Рентгенограммада төменгі жақтың жазық басы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тәсілін анықтаңыз:


*артқы орнынан таю, артропластика
*буын өсінділерінің сынығы, остеосинтез
*үйреншікті алдыңғы орнынан таю, Гиппократ бойынша орнына салу 1
*анкилоз, артропластика
*деформациялық остеоартроз, остеотомия

Клиникаға 57 жастағы Я. науқас аузын жабу мүмкін еместігі, ауыздан мол сілекей ағуы шағымымен келді. Анамнезінен: есінеу кезінде самай-төменгі жақ буындары аймағында сықырлау пайда болған, одан кейін науқас аузын жаба алмаған. Рентгенограммада: буын төмпешігің алдыңғы ылдиында орналасқан төменгі жақтың буын бастары анық анықталады. Буын ойысы еркін. Бұл көрініс төменгі жақтың қандай орнынан таюына тән:


*төменгі жақтың екі жақты алдыңғы орнынан таюы 1
*төменгі жақтың бір жақты артқы орнынан таюы
*төменгі жақтың екі жақты артқы орнынан таюы
*төменгі жақтың бір жақты алдыңғы орнынан таюы
*төменгі жақтың аралас орнынан таюы
Клиникаға 29 жастағы Ш. Науқас оң жақ буында қытырлау, сықырлау, ауызды ашу кезінде ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: 6 ай мерзімінде ауырады, көмекке жүгінбеген. Объективті: беті симметриялы, самай-төменгі жақ буындарының (СТЖБ) пальпациясы кезінде оң жақ буында қытырлау, сықырлау анықталады, бүйір қозғалыстар кезінде оң жақ буын басының экскурсиясы аздап үлкейген және ауырсынады. Рентгенограммада: 3.6 тісі жоқ, төменгі жақтың орталық сызығы 0,2 см солға ығысқан. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу қағидаларын анықтаңыз:
*төменгі жақтың жартылай таюы, хирургиялық емдеу
*СТЖБ артриті, хирургиялық емдеу
*СТЖБ артрозы, хирургиялық емдеу
*СТЖБ ауырсыну дисфункциясы, кешенді емдеу 1
*СТЖБ анкилозы, ортодонтиялық емдеу

Клиникаға 19 жастағы Г. науқас оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында қытырлау және ауырсыну шағымымен келді. Қараған кезде: оң жақ құлақмаңышайнау аймағы жұмсақ тіндерінің ұлғаюы есебінен беттің асимметриясы. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. Тістесуі бұзылған. Төменгі жақтың орталық сызығы 0,2 см оң жаққа ығысқан. 3.6 тісі жоқ. Тісжақ жүйесін тексерудің қосымша әдісін анықтаңыз:


*компьютерлі томография 1
*визиография
*ультрадыбысты зерттеу
*сиалография
*сілекейді иммунологиялық зерттеу

Клиникаға 30 жастағы Ю. науқас шайнау кезінде ауырсыну, ауыз ашылуының шектелуі шағымымен келді. Анамнезінен: 1 тәулік бұрын белгісіз адамдармен соққыға жығылған. Есін жоғалтпаған, жүрек айну және құсу болмады. Объективті: оң жақ бет жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы төменгі оң жақ бұрышы бойымен ауырсынады. Ауыздың ашылуы 1,5 см дейін шектелген. Оң жақ бұрышы бойымен «күш түсіру» симптомы оң. Тістесуі бұзылған. Рентгенограммада: ығысуынсыз оң жақ бұрышы бойымен сынықтың сызығы белгіленеді. Клиникалық диагнозды қойыңыз дәне емдеу тактикасын анықтаңыз:


*төменгі оң жақ тармағының сынығы, Померанцева-Урбанская шендеуіші
*төменгі сол жақтың ментальды сынығы, Збарж шендеуіші
*төменгі оң жақ буын өсіндісінің сынығы, Фальтин-Адамс бойынша бекіту
*оң жақ бұрышы бойымен төменгі жақтың сынығы, Тигерштедт шендеуіші 1
*буынішілік сынық, остеосинтез
Науқас Д., 20 жаста көлік жол апатынан кейін клиникаға жеткізілді. Көзасты және ұрт аймақтарында екі жағынан ауырсыну, ісіну, бас ауырсыну, әлсіздік шағымы анықталады. Қарағанда: көзасты және ұрт аймақтары, көзмаңы жұмсақ тіндерінің екі жақты ісінуі есебінен беттің асимметриясы байқалады. Екі көздің коньюктивасына қан құйылу бар, көз саңылауы тарылған. Жоғарғы жақтың ортаңғы бөлігі ұзарған. Пальпациясы көзшарасының төменгі жиегі бойымен ауырсынады. Ауыздың ашылуы 1,5 см дейін шектелген. Альвеолярлы өсіндінің алдыңғы бөлігінің пальпациясы кезінде беттің ортаңғы зонасының қозғалғыштығы анықталады. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
*Ле-Фор-ІІ бойынша жоғарғы жақтың сынығы 1
*Ле-Фор-І бойынша жоғарғы жақтың сынығы
*оң жақ бет сүйегінің сынығы
*жоғарғы жақ синусы алдыңғы қабырғасының сынығы
*Ле-Фор-ІІІ бойынша жоғарғы жақтың сынығы

Клиникаға 18 жастағы И. науқас ауырсыну және сол жақасты аймағында жыланкөзден іріңнің бөлінуі шағымымен келді. 1,5 ай бұрын 3.6 тіс бойымен төменгі жақ денесінің сынығы диагнозымен стационарлы емдеуде болды. Қараған кезде: төменгі сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Жақасты аймағында ісінген грануляциялары және іріңді экссудаты бар жыланкөз жолы бар. Ауыздың ашылуы 3,0 см дейін шектелген. 3.6 тістің ұяшығы грануляцияларға толы. Рентгенограммада: 3.6 тістің ұяшығы проекциясында төменгі жақтың денесі аймағында ұсақ секвестрлер бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:


*созылмалы жарақаттан кейінгі остеомиелит, секвестрэктомия 1
*жедел жарақаттан кейінгі остеомиелит, периостотомия
*фиброзды дисплазия, мукогингивопластика
*іріңдеген радикулярлы киста, цистэктомия
*жедел іріңді периостит, остеоперфорация

Клиникаға 38 жастағы Р. науқас төменгі оң жақ аймағында ауырсыну және ісіну, әлсіздік, дене қызуының 38,0° дейін жоғарылауы шағымымен келді. Анамнезінен: ауырғанына 3 тәулік, 2 тәулік бұрын емханада 4.6 тісі жұлынған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Оң жақасты және ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыздың ашылуы ауырсынулы.


4.6 тістің ұяшығы іріңді экссудатпен толған. 4.5, 4.6, 4.7 деңгейінде қызылиектің кілегейі қызарған, ісінген. 4.5, 4.6, 4.7 тістердің қозғалғыштығы бар. Төменгі ерін мен иектің сезімталдығы төмендеген. Рентгенограммада: 4.6 тістің ұяшығы аймағында диаметрі 0,5х0,4 см жарықтанудың ошағы бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:
*төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті, остеоперфорация 1
*төменгі жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті, периостотомия
*төменгі жақтың жеделдеу одонтогенді остеомиелиті, периостотомия
*төменгі жақтың созылмалы гематогенді остеомиелиті, остеоперфорация
*төменгі жақтың жеделдеу гематогенді остеомиелиті, периостотомия

Клиникаға 47 жастағы В. науқас оң жақасты аймағында ауырсыну, ісіну, дене қызуының 38,70 С дейін жоғарылауы, әлсіздік шағымымен келді. Анамнезінен: 4.6 тісі ауырғанына 7 тәулік болған. Объективті: оң жақасты аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпация кезінде осы аймақта анық шекаралары бар 3,0х3,5 см мөлшерлі инфильтрат анықталады. Оның үстіндегі тері қызарған, ісінген. Инфильтраттың ортасында флюктуация симптомы анықталады. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. 4.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссиясы ауырсынады. 4.6 тіс қызылиегінің кілегей қабығы қызарған, ісінген. Рентгенограммада: түбір ұштары және бифуркация аймағында сүйек тінінің деструкция ошақтары бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:


*жақасты аймағының жедел серозды лимфадениті, кешенді емдеу
*жақасты аймағының жедел іріңді лимфадениті, хирургиялық емдеу 1
*жақасты аймағының аденофлегмонасы, іріңдіктің пункциясы
*жедел іріңді жасқасы сиалодениті, іріңдіктің пункциясы
*жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы, хирургиялық емдеу

Клиникаға 18 жастағы Т. науқас оң жақасты аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Ауру анамнезінде: науқас 1 апта бұрын ангинамен ауырған. Объективті: оң жақасты аймағында лимфа түйіндерінің мөлшері 1,5 х 1,0 см ұлғайғаны байқалады, қозғалғыш, айналасындағы тіндермен жабыспаған, пальпацияда ауырсынулы. Тері түсі өзгемеген. Жұтқыншағы қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды қойыңыз: *іріңдеген бүйір кистасы


*созылмалы гиперпластикалық одонтогенді емес лимфаденит
*жедел іріңді одонтогенді емес лимфаденит
*жедел серозды одонтогенді емес лимфаденит 1
*созылмалы сиалоаденит

Клиникаға сол жақасты аймағында ауырсыну және ісіну, әлсіздік, дене қызуының 38,50С дейін жоғарылауы шағымымен 45 жастағы П. науқас келді. 7 күн бұрын ангинамен ауырған. Объективті: сол жақасты аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы байқалады. Осы аймақта 6,0*4,0см инфильтрат бар, оның үстіндегі тері қызарған, ісінген, керілген. Ауыздың ашылуы ауырсынады, тіласты науасы сол жағынан қызарған, ісінген. Тамағы қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды қойыңыз және хирургиялық емдеу тактикасын анықтаңыз:


*созылмалы жақасты аймағының сиалодениті, периостотомия
*сол жақасты аймағының жедел іріңді сиалоадениті, іріңдікті пункциялау
*сол жақасты аймағының аденофлегмонасы, флегмонаны дренаждау 1
*сол жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы, периостотомия
*сол жақасты аймағының жедел іріңді лимфадениті, іріңдікті дренаждау

Клиникаға 28 жастағы У. науқас жоғарғы оң жақ аймағында ауырсыну және ісіну, ауыз ашылуының шектелуі, әлсіздік, дене қызуының 38,5ºС дейін жоғарылауы шағымымен келді. Анамнезінен: 3 тәулік бұрын емханада 1.6 тісі жұлынған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Оң жақ ұрт, құлақмаңышайнау, самай аймағында ісіну есебінен беттің асимметриясы. «Құм сағат» симптомы бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы кезінде көз шарасының сыртқы жиегі және 60° бұрышпен құлақ бүртігі арқылы жүргізілген екі түзудің қосылу нүктесінде ауырсыну анықталады. Ауыздың ашылуы 2,0 см дейін шектелген.


1.6 тістің ұяшығы сұр қақпен жабылған. Ауыз қуысы кіреберісі күмбезінің кілегейі қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды қойыңыз және хирургиялық емдеу тактикасын анықтаңыз:
*самай, самайасты аймақтарының одонтогенді флегмонасы, периостотомия
*қанат таңдай, самайасты аймақтарының одонтогенді флегмонасы, дренаждау 1
*самайасты аймағының абсцесі, пункция
*самай, бет аймақтарының аденофлегмонасы, остеоперфорация
*құлақмаңы-шайнау, самай аймақтарының остеофлегмонасы, пункция

Клиникаға 55 жастағы С. науқас төменгі оң жақ аймағында ісіну шағымымен келді. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: төменгі оң жақ денесі және бұрышы аймағында ісіну есебінен беттің асимметриясы. Осы аймақта сыртқы кортикальды пластинка ісінген, тері жамылғысының түсі өзгермеген, пальпациясы ауырмайды. Ауыздың ашылуы еркін. 4.6 және 4.7 тістер аймағында өтпелі қатпар тегістелген, пальпациясы кезінде «пергаментті қытырлау» симптомы анықталады. Кілегей қабықтың түсі өзгермеген. Рентгенограммада – 4.8 тістің ұрығымен жарықтану ошағы. Материалды гистологиялық зерттеу кезінде - эмальды ағзаның құрылымы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:


*остеобластокластома, пункция
*амелобластома, хирургиялық емдеу 1
*цементома, экскохлеация
*одонтома, хирургиялық емдеу
*миксома, пункция
Клиникаға 65 жастағы А. науқас оң төменгі жақ аймағында ісіну шағымымен келді. Ауырғанына 2 жыл болды. Объективті: төменгі оң жақтың деформациясы есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы кезінде төменгі жақ денесінің екі жағынан ауырсынбайтын, тығыз томпаю анықталады. Тері түсі өзгермеген. Ауыздың ашылуы еркін. Өтпелі қатпар 4.4, 4.5, 4.6, 4.7 тістер деңгейінде екі жағынан тегістелген, 4.5, 4.6, 4.7 тістердің ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы бар. Кілегей қабық көк реңді. Рентгенограммада – тістермен байланысы жоқ, анық контурлары бар дөңгелек формалы ыдырау анықталады. Гистологиялық: остеокласттар түрінен ұршық тәрізді және алып клеткалардан тұратын васкулизирленген тін анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:
*амелобластома, пункция
*алып клеткалы ісік, хирургиялық емдеу 1
*хондробластома, кешенді емдеу
*фолликулярлы киста, сәулелік терапия
*одонтома, кешенді емдеу

Клиникаға 36 жастағы Ч. науқас келді. Төменгі оң жақтың жарақаттан кейінгі ақауы диагнозы қойылды. Анамнезінен: әскери қимылдар уақытында жарақат алған. Объективті: төменгі оң жақ денесінің және бұрышының ақауы есебінен беттің асимметриясы. Ұзындығы 8,0 см ақау. Ауыздың ашылуы 2,0 см дейін шектелген, ақаудың жағында ауыз қуысының кілегей қабығы зақымданбаған. Трансплантацияның ең тиімді түрін анықтаңыз:


*ақаудың мөлшері бойынша аутотрансплантат 1
*микротамырлы анастомозда аутотрансплантат
*ақаудың мөлшері бойынша гетеротрансплантат
*микротамырлы анастомозда аллотрансплантат
*аралас тіндерді еркін ауыстырып орналастыру

Клиникаға 55 жастағы Т. науқас төменгі оң жақ тіс қатарының ақауы шағымымен келді. Науқасқа тістердің имплантациясы операциясы жоспарлануда. Объективті: ауыздың ашылуы еркін, 4.4, 4.5, 4.6, 4.7 тістері жоқ, альвеолярлы өсінді жоқ тістердің аймағында атрофияланған. Жақтың атрофияланған альвеолярлы өсіндісінің аугментациясын жүргізу үшін осы науқасқа нені қолданған дұрыс:


*сүйектің аллотрансплантаты
*сүйектің аутотрансплантаты 1
*сүйектің гетеротрансплантаты
*гидроксиапатит
*шеміршектің лиофилизирленген аллотрансплантаты

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет