*Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия


*Жедел пульпит, электроодонтометрия



бет2/8
Дата10.05.2024
өлшемі238,58 Kb.
#201944
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия

*Жедел пульпит, электроодонтометрия
Емханаға 25 жастағы науқас тағам қабылдау кезіндегі 1.7 тістің қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау бетінде өсіп кеткен тінге толы тіс жегі қуыс анықталды, зондтағанда аздап ауырсынады және қансырайды. Перкуссия ауырсынусыз. Диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
*Биопсия
*Пальпация
*Рентгенография
*Витальды бояу
*Трансиллюминация

Емханаға 36 жастағы науқас 3.6 тістің тұрақты сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауыз қуысын қараған кезде: төменгі жақтың сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі салдарынан беті асимметриялы, сол жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз ашылуы ауырсынады. 3.6 тіс сауыты пломбамен жабылған, қызылиектің шырышты қабығында қан-ірің аралас экссудаты бар жыланкөз жолы анықталады. Рентгенограммада: медиальды түбір өзектері түбірұшына дейін толық обтурацияланбаған. Медиальды түбірінің ұшында сүйек тінінің "от жалыны" тәрізді гомогенді жарықтану ошағы анықталады. Диагноз қойып, алғашқы емдеу сатысын анықтаңыз:


*Созылмалы гранулематозды периодонтит, түбірұшы резекциясы
*Экссудация сатысындағы жедел периодонтит, УВЧ-терапия
*Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі, лазеротерапия
*Созылмалы фиброзды периодонтит, электрофорез
*Созылмалы гранулденген периодонтиттің өршуі, түбір өзектерінен пломбаны қайтып алу

Емханаға 35 жастағы науқас жоғарғы жақ тісінің тістегенде күшейе түсетін ауырсынуға шағымданып келді. Бұрын кей мезгілде ауырсыну болған, бірақ стоматологиялық көмекке жүгінбеген. Күннен күнге күшейе түскен ауырсыну 4 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 2.6 тістің сауыт түсі өзгерген, шайнау бетінде тіс жегі қуыс анықталады. Зондтау ауырсынусыз, перкуссия күрт ауырсынады. ЭОД=105 мкА. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:


*Экссудация сатысындағы жедел периодонтит, ультрадыбыстық зерттеу
*Созылмалы периодонтиттің өршуі, рентгенография
*Созылмалы пульпиттің өршуі, микробиологиялық зерттеу
*Жедел пульпит, иммунологиялық зерттеу
*Созылмалы периодонтит, магниттірезонансты томография
Емханаға 25 жастағы науқас 1.4 тісінің тұрақты сыздап ауырсынуына, тістеген кезде ауырсыну күшейіп, "тіс " өсіп кеткен сезімі пайда болатынына шағымданып келді. Анамнезінде: 2 күн бұрын жарақат алған. Қараған кезде тіс интактты, түсі өзгерген. Тістің тігінен және көлденеңінен перкуссиясы күрт ауырсынады, өтпелі қатпары тегістелген, шырышты қабық қызарған, ісінген, пальпацияда ауырсынады. ЭОД-110 мкА. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
*Интоксикация сатысындағы жедел жарақаттық периодонтит, ультрадыбыстық зерттеу
*Экссудация сатысындағы жедел жарақаттық периодонтит, рентгенография
*Жедел маргинальды периодонтит, микробиологиялық зерттеу
*Созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі, иммунологиялық зерттеу
*Созылмалы гранулденген периодонтиттің өршуі, гистологиялық зерттеу

Емханаға науқас Н., 59 жаста, тіс тазалағанда және тағам қабылдаған кезде болатын қызылиектің қансырауына, қызылиек емізікшелерінің ұлғаюына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 4.4,4.3, 4.2,4.1, 3.1, 3.2,3.3,3.4 тістер аймағында ұлғайып өсіп кеткен көкшіл түсті қызылиек емізікшелері анықталады, олар тіс сауыттарының 1/3 биіктігіне дейін жапқан, тиген кезде оңай қансырайды. Рентгенограммада өзгерістер жоқ. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*Созылмалы катаральды гингивит
*Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі
*Гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрі
*Гипертрофиялық гингивиттің фиброзды түрі
*Жедел катаральды гингивит

Науқас Р., 42 жаста, ауыз қуысындағы жағымсыз иіс пен тіс тазалаған кездегі қызылиектің қансырауына шағымданып келді. Созылмалы гастрит диагнозымен диспансерлік бақылауда тұрады. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы цианозды, зондтағанда оңай қансырайды. Кейбір тістер аймағында тереңдігі 3,5 мм-ге дейін пародонтальды қалталар анықталады. Қызылиекүсті және - асты тіс шөгінділері бар. Алғашқы диагноз қойып, бірінші емдеу сатысын анықтаңыз:


*Жедел гингивит, қабынуға қарсы терапия
*Созылмалы пародонтоз, гастроэнтеролог кеңесі
*Жаралы гингивит, антисептикалық өңдеу
*Созылмалы пародонтит, тіс шөгінділерін алу
*Созылмалы гингивиттің өршуі, антибактериальды терапия

Науқас Л., 25 жаста, тіс тазалаған кезде қызылиектің қансырауына, ауыз қуысындағы жағымсыз иіске шағымданып келді. Жүктіліктің 32 аптасы. Науқас айтуы бойынша қызылиектің қансырауы 6 айдан бері мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: жоғарғы және төменгі күректістер мен иттістердің аймағында көкшіл түсті гиперемияланған және болбыр қызылиек емізікшелері анықталады, зондтағанда қансырайды, пародонтальды қалталар байқалмайды. Қызылиекүсті тіс шөгінділері көп мөлшерде. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*Жедел шектелген пародонтит 
*Жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит
*Созылмалы катаральды гингивит
*Жаралы гингивит
*Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

Науқас О., 50 жаста, қызылиектің қышуына,тістердің тактильді, термиялық және химиялық тітіркендіргіштерге аса сезімталдығына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек тығыз, ақшыл-қызыл түсті. Шайнау тістерінде сына тәрізді ақаулар анықталады. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығына дейін ашылған, тістер тұрақтылығын сақтаған. Рентгенограммада тісаралық перделердің 2/3 биіктігіне дейін біркелкі төмендеуі, остеопороз және остеосклероз ошақтарының кезектенуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*3 дәрежелі пародонтит
*2 дәрежелі пародонтоз
*2 дәрежелі пародонтит


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет