жарақаттық жара, стоматологта емдеу 1
238. Науқас 20 жаста, жоғары жақтың сол жақ тісіндегі түнгі уақытта, ұстама тәрізді, өздігінен пайда болатын ауырсынуға, ауырсынудың тамақ қабылдағанда күшейетініне шағымданып келді. Ауырсыну бір күн бұрын кешкі уақытта пайда болды. Бұрын тамақ қабылдағанда ыңғайсыздық мазалаған. Ауыз қуысында: 2.4 тістің дистальды-шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс, зондтау және тітіркендіргіштерге ауырады, перкуссияда аздап ауырсынады, 2.4 түбір ұшы аймағындағы шырышты қабат өзгермеген. Мүмкін болатын болжамды диагноз:
жедел диффузды пульпит
созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы 1
жедел ошақтық пульпит
созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы
жедел ұштық периодонтит
239. Науқас төменгі сол жақ тісі сауытының түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша бұрын тісі емделген. Объективті: 37 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуысы бар. Зондтау ауырсынусыз. Термиялық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі жоқ. Пальпация мен перкуссияда ауырмайды. Себепті тіс аймағындағы сілемейлі қабық бозғылт-қызғылт түсті. Рентген суретінде тістің медиалды түбір ұшында периодонтальді кеңістігінің кеңеюі байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз.
созылмалы фиброзды пульпит
созылмалы гангренозды пульпит
созылмалы фиброзды периодонтит 1
созылмалы гранулденген периодонтит
созылмалы гранулематозды периодонтит
240. Науқас 31 жаста. 47 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы орналасқан. Емдеу барысында ұлпаның медиальді-ұрттық мүйізінің кездейсоқ ашылуы болды. Емдеу тактикасын таңдаңыз.
биологиялық 1
витальды ампутация
витальды экстирпация
девитальды ампутация
аралас әдіс
241. Ауыз қуысының шырышты қабатында көрінетін екіншілік морфологиялық элементтер?
Тілік, ойық жара 1 Розеола, папула
Афта, везикула
іріңдік, тыртық
пигментация, күлбіреуік
242. Ауыз қуысы микрофлорасының өкілдері өмір сүру кезеңінде белсенді қимылдар жасайды, қатаң анаэробтарға жатады. Басқа анаэробты микроогранизмдердің көбеюі барысында олар да белсенді көбейеді, және фузобактериялардың кейбір штаммдарымен қосылып, патологиялық үрдіс шақырады. Осы топтың өкілдерін келесі ауруда жиі анықтайды:
ауыз қуысы кандидозы
герпетикалық стоматит
ойық жаралы-некротикалық стоматит