Әмбебап зертханалық «Уралочка» стендінде электрлік тізбекке тәжірибелік зерттеулер жүргізу Павлодар 2011 Алғы сөз «Электротехника және электроника»


Қауіпсіздік техникасының ережелері



бет3/7
Дата04.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#109306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1- апта дәріс Гүлжанат апай, 1- апта дәріс Гүлжанат апай, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, есеп, есеп, есеп, 8, 173001, 1513913725
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Электр тогы адам организміне физологиялық, механикалық, химиялық және термиялық әсер етеді. Токтың осы әсерлерінің нәтижесінде адам зақымданып, ауыр зардапқа ұшырауы, тіпті өліп кетуі мүмкін. Сондықтан электрлік қондырғылармен жұмыс істегенде «токқа түсіп қалмаудың», яғни токпен қауіпсіз жұмыс істеудің шаралары қарастырылған болуы керек. Сонымен қатар, егер аспаптардың жұмыс істеу тәртібі сақталмаса немесе тізбек қате жиналған болса, онда қымбат аспаптардың, басқа да жабдықтардың, істен шығуы мүмкін. Ендеше зертханалық жұмыс адам өміріне қауіпсіз және материалдық шығынсыз жағдайда орындалуы тиіс. Осы себепті зертханалық жұмысты істегенге белгілі бір сақтық және қауіпсіздік ережелерін ұстану керек.

Жұмысқа кірісер алдында зертханалық стендтегі қорек көздерімен, оларды қосу және ажырату аспаптарымен танысыңыз. Сигнал шамдары, өлшеуіш аспаптары және ажыратқыштың тұтқаларының орны арқылы қорек көздерінің қысқыштарында кернеудің жоқтығына көз жеткізіңіз.

Құрастырылған тізбекті оқытушыға тексертіп, оған берілетін кернеудің мәнін анықтап алыныз.

Жұмыстың өне бойында, әсіресе тізбекті кернеу көзіне қосқан кезде, аспаптардың көрсетуін бақылап тұрыныз. Егер қайсыбір аспаптың тілі шкаладан шығып кетсе немесе мультиметрдің цифрлық терезесінде І не П әрпі пайда болса, онда тез кернеу көзін ажыратып, оның себептерін анықтау керек.

Тәжірибенің жалғасында жаңадан құрастырылған тізбектерді оқытушыға тағы да тексертіңіз, қорек көзінің параметрлерін анықтап алыныз.

Тізбекке кернеу берілгеннен кейін қысқыштарды қайтадан қысуға, сымдарды немесе аспаптарды қозғауға болмайды. Ондай әрекеттер кернеу көзін ажыратқаннан кейін ғана орындалуы керек.

Тәжірибе соңында алынған деректерді оқытушыға көрсетіп, олардың дұрыстығына көз жеткізіңіз. Тізбекті осыдан кейін ғана тарқатуға болады.

Тізбекті ажыратылған қорек көзінен бастап тарқатыңыз. Жалғаулық сымдарды жинап, тұрған орындарына қойыңыз.

Өрт кезінде сабырлылық сақтап, зертханада ілулі тұрған эвакуация бағыттары бойынша сыртка шығу керек.

Жер сілкіну кезінде тұра жүгірмей, бөлмеде есік ұңғысы, темірбетон бағаналар мен арқалықтардың астында тұрып, аяқталуын күтіңіз. Егер шығар есік жақын болса немесе тұрған бөлмеңіз бірінші қабатта болса ғана есіктен немесе терезеден шығып кетуге болады.


ЭТН зертханасында қауіпсіздікті сақтау ережелері:

1 зертханалық жұмыстарды орындауға, бірінші зертханалық сабақта өткізілетін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулама өткен студенттер жіберіледі;

2 сызбалардың монтаждауы, оқшауланған сымдармен жүргізіледі. Оқшауланбаған сымдарды қолдануға тиым салынады;

3 оқытушы немесе зертхана тексеруші тексермеген сызбаны қосуға болмайды;

4 ақаулылықты жою, жұмыс тізбегінде ауыстыруларды жүргізу, тек қана кернеуден өшірілген тізбекте жүргізіледі;

5 сызбадағы конденсаторларды жұмыстың басында және соңында разрядтау керек;

6 бригада мүшелері кеткенде, электр тізбекті қосылған қалпында қалтыруға болмайды.

Зертханалық жұмысқа есеп беруді рәсімдеу ережелері.

Зертханалық жұмыстардың есебі А-4 форматты қағазға жазылады және титул беті болады.

Есеп беруде:

- жұмыстың мақсаты;

- тәжірибелер сызбалары, есептеулер мен эксперимент нәтижелерінің кестелері;

- эксперимент қортындыларын өндеу (жұмыс формулалары, графикалық тәуелділіктер, векторлық диаграммалар);

- зертханалық жұмыс бойынша қортынды болуы керек.

Сызбалар, кестелер және векторлық диаграммалар сызу құралдарымен орындалады және сызба элементтерінің стандарттарын, электрлік шамалардың әріптік белгілерін сақтау керек.

Зертханалық жұмысқа есеп әр студентпен жеке жасалады.

1 зертханалық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет