Сабақ тақырыбы: Эмбриондық даму кезеңдері Сабақ мақсаттары: - Эмбриондық даму сатыларына тән үдерістерді cипаттау - Ұлпалар мен мүшелердің ұрық жапырақшаларынан дамуын түсіндіру Бағалау критерийлері: - Эмбриондық дамудың сатыларын сипаттау; - Ұрық жапырақшаларынан мүшелердің дамуын сипаттау
Эмбриогенез кезеңдері
Эмбрионалдық даму зиготаның бөлшектенуінен басталады, яғни ұрықтанған жұмыртқажасушадан туғанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Ұрықтану, нәтижесінде бір жасушалы зигота түзіледі.
Нәтижесінде бластула түзілетін ұрықтың бөлшектенуі (ұрықтанудан кейінгі 1 тәуліктің аяғынан 7 тәулікке дейін жалғасады).
Гаструла – үш жапырақты ұрық түзіледі (7-17 тәуліктер аралығында жүзеге асады).
Органогенез– ұрық жапырақшаларының ұлпаларға дифференциациясы, мүшелердің және мүшелер жүйесінің түзілуі.