Эмбриология



Pdf көрінісі
бет103/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

көкбауырдың колония тузеуші бірлігі
(КТБ-К) деп атала- 
ды. Колониялардың санын есептеу енгізілген суспензияның кұрамындағы дің 
жасушаларынын саны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Осылай- 
ша тышкандарда сүйек майының 105 жасушасына шамамен 50-дін жасуша-


174
7-Тарау. Қан жэне лимфа. Қан өндіру (қан түзеу)
сы сәйкестенетіні аныкталған. Дін жасушаларынын тазаланған фракциясын 
электрондык микроскопта зерттеу олардың ультракүрылымы кіші күңгірт 
лимфоциттерге өте жакын деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Колониялардың жасушалык құрамын зерттеу олардың саралануының 
екі тізбегін аныктады. Бірінші тізбек мультипотентті — гранулоцитарлык, 
эритроцитарлык, моноцитарлык және мегакариоцитарлык гемопоэз диффе- 
рондарының ататекті жасушасына (КТБ-ГЭММ) бастау береді. Екінші тіз- 
бек мультипотенті — лимфопоэздің ататекті жасушасына (КТБ-Л) бастау 
береді (7.15-сурет). Мультипотентті жасушалардан олигопотентті (КТБ-ГМ) 
және унипотентті ататекті (прогениторлык) жасушалар дифференцияланады. 
Колониятүзеу әдісімен моноциттердің (КТБ-М), нейтрофилдердін (КТБ-Гн), 
эозинофилдердің ( КТБ-Эо), базофилдердің (КТБ-Б), эритроциттердің (БТБ-Э 
және КТБ-Э), мегакариоииттердін (КТБ-МГЦ) ататекті унипотентті жасуша- 
лары аныкталған, олардан ізашар-жасушалар (прекурсорлық) пайда болады. 
Лимфопоэтикалык катарда унипотентті жасушаларды В-лимфоциттердің 
және оған сәйкес Т-лимфоциттердін ізашарларын ажыратады. Полипотентті 
(плюрипотентті және мультипотентті), олигопотентті және унипотентті жасу­
шалар морфологиялык тұрғыдан бір-бірінен айырмашылығы болмайды.
Жоғарыда келтірілген жасушаларды ң даму сатылары төрт негізгі 
компартментті кұрайды: I — каннын дін жасушалары (плюрипотентті, 
полипотентті); II — коммитацияланған ататекті жасушалар (мультипотентті); 
III — коммитацияланған ататекті (прогенторлык) олигопотентті және 
унипотентті жасушалар; IV — ізашар-жасушалар (прекурсорлык).
Полипотентті жасушалардың унипотентті жасушаларға дифференцияла- 
нуы біркатар айрыкша факторлардың — эритропоэтиндердін (эритробласттар 
үшін), гранулопоэтиндердін (миелобласттар үшін), лимфопоэтиндердің (лим- 
фобласттар үшін), тромбопоэтиндердің (мегакариобласттар үшін) әсерімен 
аныкталады.
Әрбір ізашар-жасушадан накты жасушаның түрі пайда болады. Жасуша- 
нын әрбір түрі даму кезінде бірнеше сатыдан өтеді және бәрі жиналып пісіп- 
жетіліп келе жаткан жасушалардың компартментін түзейді (V). Толыкжетілген 
жасушалар акырғы компартментті (VI) кұрайды. V және VI компартменттің 
барлық жасушаларын ажыратуға болады (7Л 5-сурет).
Эритроцитопоэз
Адамнын эритроидты жасушаларынын ататегі, канның барлык^баска 
жасушаларынын да, сүйек майының культурасында колония түзей ала- 
тын канның полипотентті дің жасушасы болып табылады. Полипотентті 
КДЖ 
дивергентті 
дифференцировканың 
нәтижесінде 
мультипотентті 
жартылай коммитацияланған канжасам жасушалардың екі түрін береді: 
1) дифференцировканың лимфоидты түріне коммитацияданған (Лдж, 
КТБ-Л); 2) КТБ-ГЭММ — гранулоциттерден, эритроциттерден, моноцит- 
терден және мегакариоциттерден тұратын аралас колониятүзейтін бірліктер 
(КТБ-С 
in vitro
аналогы). Мультипотентті канжасам жасушалардың екінші 
түрінен унипотентті бірліктер дифференцияланады: бурстотүзеуші (БТБ-Э)


7.4. Қанжасам (гемопоэз)
175
және колония түзеуші (КТБ-Э) эритроидты жасушалар эритропоэздін 
коммитацияланған ататекті жасушалары болып табылады.
БТБ-Э жарылыстүзеуші, немесе бурстотүзеуші, бірлік 
(burst
— жары- 
лыс) КТБ-Э салыстырғанда азырак дифференцияланған. БТБ-Э каркынды 
көбеюдің нәтижесінде жасушалардын ірі колониясын түзей алады. БТБ-Э 10 
тәуліктін ішінде 12 рет бөлініп. жетілмеген феталды гемоглобині (НЬҒ) бар 
5000 эритроцитарлык жасушалардан түратын колонияны түзейді.
БТБ-Э эритропоэтинге сезімталдығы томен болады, ол моноциттер-макро- 
фагтар жәнеТ-лимфоциттердін өндіретін интерлейкин-3 (бурстпромоторлык 
бедсенділік) ыкпалымен бірден көбею фазасына кіріседі. Интерлейкин-3 
(ИЛ-3) дегеніміз молекулярлык массасы 20—30 килодальтон гликопро­
теин. Ол ерте полипотентті КДЖ белсендіру аркылы олардың өзін-өзі 
демеуін камтамасыз етеді, сонымен катар полипотентті жасушалардын 
коммитацияланған жасушаларға дифференциялануын іске косады. ИЛ-3 эри­
тропоэтинге сезімтал жасушалардын (КТБ-Э) пайда болуына септеседі.
БТБ-Э салыстырғанда КТБ-Э жетіле түскен жасуша болып табылады. 
Ол эритропоэтинге сезімтал, оның ыкпалымен көбейеді (3 тәуліктің ішінде 
6 рет бөлінеді), үсактау, шамамен 60 шакты эритроцитарлык элементтерден 
тұратын, колонияларды түзейді. КТБ-Э тәулік бойы пайда болатын эритро­
идты жасушалардын саны БТБ-Э түзелетін сэйкес жасушалардын санынан 
5 есе аз.
Сонымен, БТБ-Э күрамында мындаған эритроидты прекурсорларды 
(ізашарларды) генерациялауға кабілетті ізашар-жасушалар болады. Олар аз 
мөлшерде сүйек майында болып, және канда, жартылай өзін-өзі демеудін және 
мультипотентті канжасам жасушалардын компартменттен миграциялануынын 
аркасында, болады. КТБ-Э көбірек жетілген жасуша, ол пролиферациялану- 
шы БТБ-Э түзеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет