Эмбриология



Pdf көрінісі
бет153/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Гистогенезі. 
Қаңқалык (сомалык) көлденен-жолакты бұлшык ет тінінің 
(,textus muscutaris striatus sceletalis)
даму көзі миотомдардың бағаналы жа- 
сушалары — промиобласттар. Олардың бірі орнында дифференциялана- 
ды және аутохтонды бұлшык еттердің калыптасуына катысады. Баскалары 
миотомдардан мезенхимаға орын ауыстырады. Олар детерминацияланып 
койсада, мезенхиманың баска жасушаларынан сырттай айырмашылыктары 
болмайды. Олардың дифференциялануы дененің баска бұлшык еттерінін 
бастамаларының даму орындарында жалғасады. Дифференциялану барысын- 
да екі жасушалық бағыт пайда болады. Бір бағыт жасушалары бірігіп, ұзын 
симпласттар — бұлшык ет түтікшелері (миотубалар) пайда болады. Оларда 
арнайы органеллалардың — миофибриллалардын дифференциялануы өтеді 
(9.1-сурет). Бұл уакытта миотубаларда түйіршікті эндоплазмалык тордын 
жаксы дамығаны байкалады. Миофибриллалар басында плазмолемма астында 
орналасады, кейін миотубанын көп бөлігін толтырады. Ядролары, керісінше
ортасынан шетіне карай ығысады. Жасуша орталығы мен микротүтікшелер 
толык жойылады. Түйіршікті эндоплазмалык тор едәуір кері дамиды. Мұндай 
дефинитивті күрылымдарды миосимпласттар деп атайды.
Екінші бағыт жасушалары дербес калпын сактайды және миосателлитоцит- 
терге дифференцияланады. Бұл жасушалар миосимпласттардың бетінде орна­
ласады. Миосателлитоциттер, көбейе келе, миосимпласттармен бірігіп, тиімді 
ядролык-саркоплазмалық аракатынасты кұруға катысады. Ол симпласттьщ 
арнайы нәруыздарын түзу үшін кажет.
Құрылысы. 
Қанкалык бүлшык ет тінінің негізгі кұрылымдық бірлігі бұл- 
шык ет талшығы болып табылады, ол ортак базальды мембранамен капталған


9.2. Көлденең-жолақты булшық ет тіндері
2 4 7
9 .1 -су р е т. 
Қаңқалық булшық ет тінінің гистогенезі (А. А. Клишов бойынша): а — 
промиобласттар; б — миосимпласт; в — бұлшық ет түтікшесі; г — дамыған бұлшық 
ет талшығы. 1 — миосателлитоцит; 2 — м иосим пл аст ядросы; 3 — миофибрилла- 
лар.
миосимпласттардан және миосателлитоцитерден тұрады (9.2—9.4-сурет). 
Талшыктын калыңдығы 50-100 мкм бола тұрып, ұзындығы сантиметрмен 
өлшенуі мүмкін. Миосимпласттың плазмолеммасы мен базальды мембрана- 
дан тұратын кешенді сарколемма деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет