Эмбриология



Pdf көрінісі
бет238/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Қалпына келуі. 
Онтогенездің постнаталды кезеңінде сүткоректілерде 
рецепторлык иіс сезу жасушаларының жаңаруы шамамен 30 тәуліктің


12.4. Дәм сезу мүшесі
375
ішінде жүреді. Өмір циклінін аяғында нейросекреторлык эпителиоциттер 
деструкцияға шалдығып, тіректік эпителиоциттердің көмегімен фагоциттеледі. 
Базальды 
кабаттың 
аздифференцияланған 
нейрондары 
өсінділерінен 
айрылған, митозбен бөлінуге кабілетті. Олардың саралануынын үдерісінде 
жасушалардың колемі ұлғаяды, маманданған, жоғары карай өсетін, дендрит, 
және, базальды мембранаға карай өсетін, иіс сезу буылтығының митралды 
нейронымен байланыс кұратын, аксоны пайда болады. Жасушалар біртіндеп 
үстіңгі кабаттарға орын ауыстырып, өлген нейросенсорлык эпителиоциттерді 
алмастырады. Дендриттерде маманданған кұрылымдар (микробүрлер мен 
кірпікшелер) калыптасады. Иіс сезу жасушаларынын кейбір вирустык 
закымдануларынан кейін олардың калпына келуі жүрмейді, олардың орнына 
респираторлык эпителий дамиды.
1 2 .4 . ДӘМ СЕЗУ МҮШЕСІ
Дәм сезу анализаторынын 
и/еткері бөлігі
— дәм сезу мүшесі 
(organum
gustus) дәм сезу буылтықтарында
(caliculi gustatoriae
) орналаскан рецепторлык 
эпителийлік жасушалардан түрады. Олар ас тітіркендіргіштерін (тағамдык 
және тағамдык емес) кабылдайды, рецепторлык потенциалды генерациялап
оны жүйкелік импульс пайда болатын афферентті жүйкелік аяктамаларға 
жеткізеді. Мәлімет кыртыс асты және кыртыстык орталыктарға барып түседі. 
Сенсорлык жүйенің катысуымен сілекей бездерінің өнімінін, асказан сөлінің 
бөлінуі және тамак іздеуге бағытталған мінез-күлыктык т.с.с. реакциялардын 
камтамасыз етілуі жүреді. Дәм сезу буылтыктары тілдің науалы, жапыракжәне 
саңыраукұлак тәрізді бүртікшелерінің бүйірлік кабырғаларында көпкабатты 
жазык эпителийдің ішінде орналасады (12.11 -сурет). Балаларда, кейде ересек- 
терде де дәм сезу буылтыктары ерінде, жұткыншактын арткы кабырғасында, 
тандай доғашығында, көмей какпашығының сырткы және ішкі беткейлерінде 
болуы мүмкін. Адамда дәм сезу буылтыктарының саны 2000 жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет