456
14-Тарау. Қан жасау (түзу) және иммундық қорғау жүйесі
1 4 .4 . ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
Лимфа түйіндері
(noduli limphatici)
лимфалык тамырлардың бойымен,
аймактана, топтана орналасып, лимфоцитопоэз,
иммундык корғаныш және
ағып өтетін лимфаның коймалану мүшесі болып табылады.
Лимфа түйіндерінде Т- және В-лимфоциттердің
антигенге тэуелді
проли-
ферациясы (клондау) және эффекторлык жасушаларға, есте сактау жасуша-
ларына саралануы жүреді. Лимфалык түйіндер
дөңгелекше немесе сопакша
пішінді, көлемдері 0,5—1 см шамасындағы өте көп (ЮООдейін) кұрылымдар.
Әдетте олардың бір жағында ішіне кіре орналаскан ойпаңы болады (14.9-су-
рет). Қакпа деп аталатын бұл жерде түйінге артериялар мен жүйкетер кіріп,
көктамырлар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады. Лимфаны әкелуші
тамырлар түйінге карама-қарсы, дөңес жағынан кіреді. Түйіннің лимфа
тамырларының бойымен осылайша орналасуының
нәтижесінде, ол, тек кана
кан жасау мүшесі ғана емес, сонымен бірге,
канға бағытталып, тіндерден
шығатын сүйыктык (лимфа) үшін де ерекше сүзгі болып табылады.
Лимфа түйіндерінен өту барысында, лимфа 95-99% бөгде заттардан және
антигендерден,
артык судан, нәруыздардан, майлардан тазарып, антидене-
лермен және лимфоциттермен байытылады.
Достарыңызбен бөлісу: