Эмбриология


 .1 0 -сур е т. Лимфоциттің ультрамик-



Pdf көрінісі
бет94/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
7 .1 0 -сур е т. Лимфоциттің ультрамик- 
роскопиялық қүрылысы (Н.А. Юрина, 
Л .С . Румянцева бойынша): 1 — ядро; 
2 — рибосомалар; 3 — микробүрлер; 
4 — центриоль; 5 — Гольджи кешені; 
6 — митохондриялар


162
7-Тарау. Қан жэне лимфа. Қан өндіру (қан түзеу)
лады. Т-жасушалар үшін, В-лимфоциттерден айырмашылығы, плазмо- 
леммасында иммуноглобулин рецепторларынын деңгейі томен болып 
аныкталады. Бірак, Т-жасушаларда антигендерді тани және байланысты- 
ра алатын айрыкша рецепторлар болады. Т-лимфоциттердің негізгі кызметі 
жасушалык иммунитетті камтамасыз етіп, гуморалды иммунитетті реттеу 
(В-лимфоциттердің саралануын белсендіру немесе тежеу) болып табыла- 
ды. Т-лимфоциттер, В-лимфоциттердін және иммундык реакциялардағы 
баскадай жасушалардың іс-әрекетін реттеуге катысатын, 
лимфокиндерді
өндіруге кабілетті. Т-лимфоциттердің арасында бірнеше кызметтік топтар 
аныкталған: 
Т-хелперлер, Т-супрессорлар, Т-киллерлер.
В-лимфоциттердін жэ­
не Т-лимфоциттердің әр түрлі топтарының толык сипаттамасын, олардың 
иммундык реакцияларға катысуын 14-тарауда караңыз.
Қазіргі кезде клиникада организмнің иммундык жағдайын иммундык 
және иммуноморфологиялык әдістердің көмегімен лимфоциттердің әр түрлі 
түрлерін аныктау аркылы аткарылады.
Лимфоциттердің өмірінін үзактығы бірнеше аптадан бірнеше жылдарға со- 
зылады. Т-лимфоциттер «ұзак өмір сүруші» (айлар және жылдар) жасушалар, 
ал В-лимфоциттер «кыска өмір сүретін» (апталар және айлар) жасушалар.
Т-лимфоциттерге рециркуляция күбылысы тән, яғни олар каннан тіндерге 
шығып, лимфа жолдары аркылы кайтадан канға оралады. Сонымен, олар 
барлык мүшелердің жағдайына иммундык бакылау жүргізіп, бөгдетекті 
агенттердің енуіне жедел жауап кайтарады.
Кіші лимфоциттерге тән күрылысы бар жасушалардын ішінде канның 
айналымында жүретін, канға тікелей сүйек майынан келіп түсетін, 
қанның
дің жасушасын
(КДЖ) айту керек. Алғаш рет бүл жасушаларды А. А. Макси­
мов сипаттаған еді және оны ол «козғалмалы мезенхималык кор» (резерв) 
деп белгілеген. Қанжасам мүшелеріне түскен КДЖ-н канның әр түрлі жасу- 
шалары дамиды, ал дәнекер тінге түскен КДЖ-н — тіндік базофилдер, фи- 
бробласттар және т.б. жасушалар пайда болады. КДЖ кан жасушаларының 
жалпы санының 0,1% түзейді. Жасушанын диаметрі 8—10 мкм, ядросында
1—2 ядрошығы болады, цитоплазмасында косындылар болмайды, аздаған ри- 
босомалар және митохондриялар аныкталады.
Моноциттер (
monocytus
). Жаңа алынған кан тамшысында бұл жасуша 
баскалардан сәл ғана үлкенірек (9—12 мкм), ал каннын әйнектегі жүғынында 
ол өте катты жайылып кетеді де, олардың көлемдері 18—20 мкм-ге жетеді. 
Адам канында моноциттердің мөлшері лейкоциттердін жалпы санынан 6—8% 
деңгейінде аныкталады.
Моноциттердің ядролары әр түрлі және өзгеріске ұшырайтын болып келе- 
ді: бұршақ тәрізді, таға тәрізді, олардан гөрі сиректеу — көптеген ойыктары 
мен өсінділері бар бөліктенген ядро да кездеседі. Гетерохроматин бүкіл 
ядроға ұсак дән тәрізді шашырап кеткен, бірак ол көбінесе ядро кабығының 
астында орын тебеді. Моноциттің ядросында бір ңемесе бірнеше кішкентай 
ядрошыктар болады (7.1, 7.11-суреттерді караңыз).
Моноциттердін цитоплазмасының, лимфоциттердікімен салыстырғанда, 
базофилділігі төмендеу болып келеді. Романовский—Гимза бойынша бояғанда


7.2. Қан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет