Эмбриология


8.4 -сур ет. Макрофагтар: а — егеуқұйрықтың тері асты дәнекер тінінің макро­



Pdf көрінісі
бет117/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
6
8.4 -сур ет. Макрофагтар: а — егеуқұйрықтың тері асты дәнекер тінінің макро­
фагтары (микрофотография, бояуы — темірлі гематоксилин); б — макрофаг 
(электрондық микрофотография; А. И. Радостинаның препараты, үлкейтілімі 
18 000): 1 — ядро; 2 — алғашқы лизосомалар; 3 — екінші реттік лизосомалар; 
4 — эндоплазмалық тордың түтікшелерінің профилі; 5 — цитоплазманың шеткі 
аймағының микроөсінділері


1 9 8
8-Тарау. Дәнекер тіндер
заттардың гигантты жасушалары, хондро- және остеокластылар), макрофагтар- 
да бір ғана ядро болады. Макрофагтардын ядроларының көлемдері үлкен емес, 
дөңгелектеу, бұршақ тәрізді немесе пішіні дұрыс емес болып келеді. Оларда 
хроматиннің ірі түйірлері ажыратылады. Цитоплазмасы базофилді, лизосома- 
лары мен фагосомалары және пиноцитоздык көпіршіктері көп болады (айыру 
белгілері), орташа мөлшерде митохондриялар, түйіршікті эндоплазмалык тор- 
лар, Гольджи кешені, гликогеннің, липидтің косындылары және т.б. болады 
(8.3-суретті караңыз, 
б).
Макрофагтардын цитоплазмасында «жасушалык шет- 
ті» ажыратады, ол макрофагтың козғалуын, цитоплазманың микроөсінділерін 
ішке тартуын, эндо — және экзоцитоздарды камтамасыз етеді. Тікелей 
плазмолемманың астында диаметрі 5—6 нм болатын актин филаменттерінің 
торы орналасады. Бұл тор аркылы плазмолеммаға бекітілетін, диаметрі 20 нм 
болатын микротүтікшелер өтеді. Микротүтікшелер жасуша орталығынан 
радиалды бағытта шетке карай өтіп, жасушаның ішінде лизосомалардың, 
микропиноцитоздык везикулалардың тағы баскадай құрылымдардың орын 
ауыстыруында маңызды рөл аткарады. Плазмолемманың беткейінде ісіктер 
жасушаларына және эритроциттерге, Т- және В-лимфоциттерге, антигендер- 
ге, иммуноглобулиндерге, гормондарға арналған рецепторлар болады. Имму- 
ноглобулиндерге арналған рецепторлардың болуы макрофагтардын иммундык 
реакцияларға катысуына себеп болып табылады (14-тарауды караңыз).
Макрофагтардын корғаныштык кызметінің көріну түрлері:
• бөгде затты жұту және әрі карай ыдырату немесе бөгде материалды 
онашалау;
• тікелей байланыс барысында залалсыздандыру;
• бөгде материал туралы мәліметті, оларды бейтараптандыруға мүмкіндігі 
бар, иммуноқабілетті жасушаларға жеткізу;
• организмнін корғаныш жүйесінің жасушалык популяциясына ынталан- 
дырушы ықпал көрсету.
Макрофагтардын бөгде заттарды жасуша ішілік және жасушадан тыс 
ыдыратуға арналған ферменттерді және антибактериалдык және баскадай 
биологиялық белсенді заттарды (протеазаларды, кышқыл гидролазалар- 
ды, пирогенді, интерферонды, лизоцимді т.б.) өндіретін органеллалары бар. 
Макрофагтардын саны мен олардын белсенділігі әсіресе кабыну үдерістері 
кезінде артатүседі. Макрофагтарлейкоциттер үшін хемотаксистікфакторларды 
өндіреді. Макрофагтардын өндіріп шығаратын ИЛ-1 лейкоциттердің эндоте- 
лийге жабысуын (адгезиясын), нейтрофилдердің лизосомалыкферменттерінін 
секрециясын және олардың цитоуыттылығын арттыруға, лимфоциттер- 
де Д Н К синтезін белсендіруге қабілетті. Макрофагтар В-лимфоциттердін 
иммуноглобулиндерді өндіруін ынталандыратын факторды түзеп, Т- және 
В-лимфоциттердіңсаралануын белсендіреді; цитолитикалык ісікке карсы фак­
торды бөледі, сонымен катар, өзінін популяциясынын жасушаларының көбеюі 
мен саралануына эсер ететін өсу факторын синтездейді, фибробласттардын 
кызметін жоғарылатады (14-тарауды караңыз).
Макрофагтардын антигендермен байланысуы глюкозаның жұмсалуын, 
липидтердің алмасуын және фагоцитарлық белсенділікті шұғыл жоғарылатып 
жібереді.


8.1. Меншікті дәнекер тін
199
Макрофагтар канның дің жасушасынан, сонымен катар промоноциттен 
және моноциттен дамиды (7.15-суретті караңыз). Эксперименталды жануар- 
ларда борпылдак талшыкты дәнекер тінде макрофагтардың толык жанаруы, 
фибробласттарға карағанда, 10 есе тезірек жүреді.
Бөгде, сырттан кірген денелердін касында пішінделетін болғандыктан, 
бүрын «бөгде заттардын алып (гиганттык) жасушалары» деп аталатын
көпядролы өте үлкен көлемі бар жасушалар макрофагтардын түрлерінің 
бірі болып табылады. Көпядролы алып жасушаларда 10—20 немесе одан 
да көп, ядролар болады, олар бір ядролы макрофагтардын бірігуінің неме­
се, цитотомиясыз эндомитоздың нәтижесінде пайда болады. Электрондык 
микроскопияның мәліметтері бойынша, көп ядролы алып жасушаларда 
синтетикалык және секреторлык аппарат және көп мөлшерде лизосомалар 
орын алған. Плазмолемма көптеген катпарлар түзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет