Эмбриология



Pdf көрінісі
бет242/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

381
Ұлу түтікшесі
Дыбысгы кабылдау, жарғакты лабиринттін ұлу каналынын ұзына бой- 
ында орналаскан иірімді мүшеде өтеді. Ұлу каналы іші эндолимфамен тол- 
тырылып, сыртынан перилимфамен коршалған, иірілген, ұзындығы 3,5 см 
болып, тұйык аякталатын капшык. Ұлу каналы және перилимфамен толты- 
рылып, оны коршай орналаскан дабыл және вестибулярлык баспалдактары, 
өз кезегінде сүйектен түратын үлудын ішінде орналасады, ол адамда орталык 
сүйек білігінін (модиолустың) айналасында 2,5 иірім кұрайды.
Ұлу каналы көлденең кесіндіде үшбұрыш пішінді болады, оның 
кабырғалары вестибулярлык (кіреберістік) мембранадан (Рейсснер мем- 
бранасы), тамырлы жолактан және базилярлык табакшадан күралады. 
Вестибулярлык мембрана
(membrana vestibularis)
каналдын жоғарғы медиалды 
кабырғасын түзейді. Ол жінішке фибриллалардан кұралған дәнекер тіннен 
тұратын табакша болып табылады, эндолимфаға караған беті біркабатты 
жазык эпителиймен, перилимфаға караған беті жазык фиброниттерге ұксас 
жасушалармен капталған (12.13-сурет).
Сыріпқы қабыргасы
иірімді байламда (
ligamentum spirale)
орналаскан та­
мырлы жолактан (
stria vascularis)
тұрады. Тамырлы жолактың кұрамында ци- 
топлазмасында көптеген митохондриялары бар көптеген шеткері жасушалар 
ажыратылады.
Бүл жасушалардың апикалды беттері эндолимфамен шайылады. Жасуша­
лар натрий мен калийдін тасымалын жүргізіп, эндолимфада калий ионда- 
рының жоғары мөлшерін камтамасыз етеді. Аралык (пішіндері жүлдыз тәрізді) 
және базальды (жазык) жасушалардың эндолимфамен байланысы болмайды. 
Базальды жасушаларды тамырлы жолактың камбиалдык элементіне жат- 
кызады. Осы жерде, эндолимфаның көлемін реттеуге катысатын пептидті 
гормондарды — серотонин, мелатонин, адреналин және т.б. өндіретін нейро- 
эндокриноциттер аныкталады. Жасушалардың араларымен гемокылтамырлар 
өтеді. Тамырлык жолактың жасушалары иірімді мүшенің коректенуінде ма- 
ңызды рөл аткаратын эндолимфаны өндіреді деген болжам бар (12.14-сурет).
Иірімді мүше орналасатын 
астыңғы (базилярлык) табақшаның
(lamina
basilaris)
кұрылысы күрделі болып келеді. Ішкі жағынан ол иірімді сүйек 
табақшасына, онын сүйек үсті кабығы — спиралды шеті (лимб) екіге: 
жоғарғы — вестибулярлык және төменгі дабыл еріндеріне бөлінетін жерде, 
бекітіледі. Ақырғы базилярлык табакшаға бекиді, ал ол карама-карсы жакта 
иірімді байламға бекиді.
Базилярлык табакша дәнекер тіннен кұралған табакша, ол спираль түрінде 
ұлу каналынын бүкіл ұзына бойына созылады. Иірімді мүшеге караған 
бетінде ол осы мүшенін эпителиінін базальды мембранасымен жабылған. 
Базиллярлык табакшаның негізін жіңішке коллаген талшыктары күрайды, 
олар үзіксіз радиалды шоғыр түрінде иірімді сүйек табакшасынан, ұлудың 
сүйек каналының куысына шыға орналасатын, иірімді байламға дейін созыла­
ды. Ұлу каналының ұзына бойында талшыктардың үзындығы әркилы болады. 
Баскаларынан гөрі ұзындау талшыктар (505 мкм шамасында) үлудың ұшында, 
ал кыскалары (105 мкм шамасында) — оның негізінде орнығады. Талшықтар


382
12-Тарау. Сезім мүшелері


12.5. Есту және тепе-теңцік сақтау мүшесі
383
гомогенді негізгі затта орналасады. Талшыктар диаметрі 30 нм жінішке 
фибриллалардан тұрады, олар бір-бірімен одан да жінішке шоғырлардын 
көмегімен косылыстар кұрайды. Дабыл баспалдағы жағынан базиллярлык 
табакша мезенхимадан дамыған жазык фиброциттерге ұксас жасушалардың 
кабатымен капталған.
Иірімді шеттің үсті жазык эпителиймен капталған. Онын жасушалары 
өнім өндіруге кабілетті. Иірімді жүлгешенің 
(sulcus spiralis)
жабуы ірі көлемді 
жазык полигоналды жасушалардын бірнеше катарынан тұрады, олар иірімді 
мүшенің ішкі кылшыкты жасушаларына жанасқан тіректік эпителиоциттерге 
тікелей ауысады.
Жабу мембранасы 
(membrana tectoria
) вестибулярлык еріннін эпителийімен 
байланыскан. Ол консистенциясы желе сиякты, лента түріндегі табакша, 
иірімді мүшенің ұзына бойына түгелдей созылып, онын сенсоэпителийлік 
кылшыкты жасушаларынын үштарынын үстінде орналасады. Бұл табакша 
радиалды бағытта орналаскан жіңішке коллаген талшыктарынан тұрады. 
Талшыктардың арасында кұрамында гликозаминогликандар болатын мөлдір 
желімдеуші зат орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет