Эмбриология


Адамның жасына байланысты өзгерістері



Pdf көрінісі
бет269/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Адамның жасына байланысты өзгерістері. 
Тамырлардын кұрылысы адамның 
өмірі барысында үздіксіз өзгерістерге ұшырап отырады. Тамырлардың 
кызметтік жүктемеге байланысты дамуы шамамен 30 жаска карай аякталады. 
Кейін артериялардын кабырғасында дәнекер тіні өсіп, оның тығыздалуына 
әкеледі. Бүл үдеріс баска артерияларға карағанда эластикалык артерияларда 
басымырак болады. Барлык артериялардын ішкі кабыкшасында 60—70 жа- 
стан кейін коллаген талшыктарының ошактык тығыздалуы байкалады, 
онын нәтижесінде ірі артериялардын ішкі кабыкшасының калыңцығы 
ортаңғы қабыкшаның калындығына жакындайды. Ұсак және орта көлемді 
артериялардын ішкі кабыкшасы аз үлғаяды. Ішкі эластикалык мембра­
на жаска байланысты біртіндеп жүкарады және жойылады. Ортаңғы 
кабыкшаның бұлшык ет жасушалары семуге ұшырайды. Эластикалык 
талшыктар түйіршікті ыдырауға ұшырап, фрагменттерге бөлінсе, коллаген 
талшыктарының мөлшері көбейеді. Бұл өзгерістермен катар егде шакта ішкі 
және ортаңғы кабыкшаларда липидтердін және әктердің шөгуі пайда бола-


422
13-Тарау. Жүрек-қан тамырлар жүйесі
ды, олардын мөлшері адамның жасы ұлғайған сайын арта түседі. 60—70 жас- 
тан аскан адамдарда сырткы кабыкшада бойлай орналаскан жазык бұлшык ет 
жасушаларының шоғыры пайда болады.
Көктамырлардың кабырғасында дамитын өзгерістер артериялардағы 
өзгерістерге үксас. Бірак, көктамырлардың кабырғасында өзгерістер өмірдің 
бірінші жылында-ак басталады. Адам туар алдында сан көктамыры мен аяктың 
тері асты көктамырларының ортаңғы кабыкшасындатек айналмалы орналаскан 
бұлшык ет жасушаларының шоғыры ғана болады. Аяғын басып, тұра бастаған 
(алғашкы жылдын сонына карай) және дистальды гидростатикалык кысым 
жоғарылаған кезден бастап кана бойлай орналаскан бұлшык ет жасушаларынын 
шоғыры дамиды. Балаларға карағанда (1:1), ересек адамдарда көктамырлардын 
диаметрі артериялардың куысынан үлкен (2:1) болады. Коктамырлардың куы- 
сының кеңеюі олардың кабырғасының серпімділігінің төмендігіне, ересектерде 
кан кысымынын жоғарылауына байланысты.
50—60 жаска дейін тамырдың тамырлары орташа тарылған күйде болады, 
65—70 жастан кейін олардың куыстары ашылады.
Егде жастағы адамдардың көптеген мүшелерінің лимфа тамырлары көп 
мөлшерде ұсак варикозды кеңеюлер және бұлтиып шығулардың болуымен си- 
патталады. 35 жастан аскан адамдарда ірі лимфа сабауларының және кеуделік 
өзектің кабырғасының ішкі кабыкшасында коллаген талшыктарынын саны 
жоғарылайды. Бұл үдеріс 60—70 жаска карай едәуір артады. Осы мезгілде оны- 
мен катарласа бұлшык ет жасушаларының және эластикалык талшыктардың 
саны азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет