16.3. Ac қорыту жүйесінің ортаңғы және артқы бөліктері
597
Тыныштык фазасында (тамактанудан тыс уакытта) гландулоциттерде
секреторлык түйіршіктердін аздап өндірілуі және экзоиитозы орын алады.
Тамақтану кезінде түйіршіктердің экзоцитозы, апокримия жолдарымен және
өнімнін бөлінуінің тіпті диффузиямен де жүруі аркылы, секрецияның күшеюі
байкалады. Жекелеген гландулоциттердін және әр түрлі аяккы бөлімдердін
жүмыс аткаруының асинхронды болуы дуоденалды бездердің жүмысының
үзіліссіз аткарылуын қамтамасыз етеді. Олардын ас корытуға катысуы
16.27-суретте бейнеленген.
Дуоденалдык бездердің өнімдері негізгі екі кызметті атқарады:
• ас корыту — гидролиз және сіңіру үдерістерінің кеңістіктік және
кұрылымдык үйымдастыруына катысады;
• корғаныш
—
ішек
кабырғасын
механикалык және
химиялық
закымданулардан корғайды.
Достарыңызбен бөлісу: