Емделмейтін ауруларға күтім көрсету (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу)



Дата11.05.2020
өлшемі1,03 Mb.
#67297
Байланысты:
Журек аурулары Токан

Емделмейтін ауруларға күтім көрсету (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу)

Орындаган: Токан А

Тексерген: Шаулдырова А. Р

Біздің қоғамда ауыр дертке шалдыққан науқастардың көңілін сұрап, бабын жасау әлі де бар. Тіпті, «қанша күн өмірі қалды» деп көңіліне де келмеуге тырысып жатамыз. Бұл орынды да. Ал жақыны жоқтар емі жоқ ауруға тап болса қайтеді? Азапты дертпен бетпе-бет келгенде қолдаудың, физикалық көмектің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Бүгінде қиын сәтте қолдауға зәру болған қаншама науқас өз керуетінде жан тапсырып жатыр. Олардың жан азабы мен арпалысы жайында айтудың өзі қорқынышты.

Біздің қоғамда ауыр дертке шалдыққан науқастардың көңілін сұрап, бабын жасау әлі де бар. Тіпті, «қанша күн өмірі қалды» деп көңіліне де келмеуге тырысып жатамыз. Бұл орынды да. Ал жақыны жоқтар емі жоқ ауруға тап болса қайтеді? Азапты дертпен бетпе-бет келгенде қолдаудың, физикалық көмектің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Бүгінде қиын сәтте қолдауға зәру болған қаншама науқас өз керуетінде жан тапсырып жатыр. Олардың жан азабы мен арпалысы жайында айтудың өзі қорқынышты.

Журек-қан тамыр жуйесі ауруларының негізгі белгілері Жүрек тұсындағы ауырсынулар.

  • Жүрек тұсындағы ауырсыну шағымдарын бағалау кезінде олардың барлығы жүрек-кан тамырлар жүйесінің зақымдануына байланысты бола бермейтіндігін есте сақтаған жөн. Бұл маңдағы ауырсыну сезімі плевраның (кү-рғақ плеврит), омыртқа бағанасы мен қабырға аралық жүйкелердің (омыртқа остеохондрозы, қабырға аралық невралгия) зақымдануы, миозит, көк еттің өңештік тесігінің жарығы және т.б. кездерде пайда болуы мүмкін.
  • Қан айналу жүйесінің ауруларымен байланысты көкірек куысындағы ауырсынулар перикард, қолқа, жүйке патологиясымен туғызылуы мүмкін. Бірақ аурудың диагностикасы, ары қарайғы тактикасы мен болжамы үшін науқаста стенокардия ұстамасының пайда болуы неғұрлым маңызды болып табылады.

Стенокардия ұстамасы жүрек артерияларының атеросклероз салдарынан тарылуы кезінде дамиды, бұған тамырлардың тартылуы қосылуы мүмкін

  • Стенокардия ұстамасы кезінде миокардтың оттегіне мұктаждығы мен коронарлық қан айналамының мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік пайда болады. Бұл жүрек бұлшык етінің гипоксиясына, ишемияға әкеледі. Олардағы зат алмасу бұзылады, зат алмасудағы тотықпаған өнімдер миокардтың сезімтал рецепторларын тітіркендіреді де ауырсыну сезімін тудырады. Әдетте стенокардия ұстамасы физикалық жэне эмоциональды күш түскенде пайда болады. Тес артында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну сезіміне өліп калу қорқынышы қосылады, сол жақ иыққа, қолға, мойынның сол жақ жартысына, төменгі жақ сүйегіне беріледі, 1 минөттен 10 минутқа дейін созылады және өздігінен тыныштық қалыпта немесе тіл астына нитроглицерин салған соң 1 - 3 минуттан кейін басылады.

Көрсетілетін көмек:

  • толық тыныштық жағдай жасау, тіл астына нитроглицерин беру, кейде жүрек тұсына қыша кағазын қою. Әдетте, ұзақ басылмаған стенокардия ұстамасы өте қауіпті миокард инфаркты ауруымен асқынады. Оның негізінде жүрек бұлшық етінің некрозы жатыр. Миокард инфарктының неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі варианты тес артындағы ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Онын белгілері тыныштықта да, нитроглицерин қабылдаса да басылмайтын 30 минөттен ұзақ уақытқа (бірнеше сагатка дейін) созылатын төтенше қатты ауырсыну. Бұл ауырсынулар өліп қалу қорқынышымен, тұншығумен, әлсіздіккек, қысымның төмендеушен және т.б, әтеді. Мұндай науқастарды аурудың алғашқы сағаттарында-ақ интенсивті емдеу палатасына жедел жатқызу, жағдайын үнемі қадағалау және реанимациялық емшараларды жүргізу үшін барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет. Аурудың алғашкы күндерінде қатаң төсектік тәртібі белгіленеді, осы кезекде төсектің, төсек жапқыштар мен іш-киімдердің жағдайын бақылау, барлық гигиеналық іс-шараларды жүргізу, дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

  • Науқасты жатқызу;
  • • Таза ауамен қамтамасыз ету;
  • « Қысып тұрған киімдерін шешу;
  • • Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;
  • • Науқаска жарты таблетка аспирин беру;
  • • Анальгетиктер енгізу;
  • • Дәрігерді шақыру.

Өкпе ісінуі мен жүрек демікпесі кезінде науқасқа көрсетілетін көмек:

  • - ең алдымен дәрігерді шақыру керек;- науқасты отырғызу (ортопноэ);- нитроглицерин беру, егер науқастың САҚ 100 мм с.б. төмен болмаса;- мұрын катетері немесе маска арқылы көбек басқышпен бірге оксигенотерапия жүргізу, көбік басқыш ретінде әдетте 96% этил спирті қолданылады;- электросорғышпен көбікті қақырықты сорып алу керек;- науқасты отырғызғаннан кейін қанды үлкен қан айналу шеңберіне жиналдыру және оның өкпеге келуін кідірту мақсатында аяқтарына венозды бұраулар салады; екі аяқтың шап қатпарынан 15 см төмен жерге бұрау немесе резеңке түтік немесе тонометрдің манжетін вена ғана қысылатындай қылып салу керек, артериялық тамыр соғуы бұраудан төмен жерде сақталуы қажет, ал аяқтары көкшіл тартуы керек, бұраудың салыну уақыты 15-20 минөт;- венозды бұрауларды қолға да салуға болады, оны шешерде жайлап аддымен бірікілі қолдағыны, біраздан кейін екінші қолдағыны шешу керек;- айналымдағы сұйықтықтың біраз бөлігін қан айналымынан шығару және кіші қан айналу шеңберін жеңілдету мақсатында қан ағызуды қолдануға болады.

Қорытынды

  • Жүрек-қан тамырлары аурулары жоғары болғандықтан, пациенттің көмегімен медициналық персоналдың қызметі маңызды рөл атқарады.  Дәрігерлер мен мейірбекелер жағдайды бақылауға, шұғыл жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге, науқасқа ауру және оның асқынулары туралы ақпарат беріп, медициналық және қорғаныс режимін, диета мен дәрігердің рецепттерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.  Олар науқас пен туыстарына сабақ береді.  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет