«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет10/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Шеткері нерв жүйесі аурулары
Шеткері нерв жүйесі ауруларына невриттер жатады. Неврит — нерв талшықтарының немесе сабағы-ның қабынуы, ал невралгия — нерв талшықтары бойымен сырқырап ауыру. Мұндай науқас кенет жарақаттанғанда, суық тиіп нерв талшықтары қабынғанда, әйтпесе, уланғанда кездеседі.
Жарақаттанған кезде нерв талшықтары қат-ты тербеліске түсіп шайқалуы, созылуы, кейде тіпті үзіліп кетуі де ықтимал. Тербеліске түскен кезде нерв талшықтарының өткізгіштік қасиеті жойылып кетуі мүмкін, сонда қимыл-қозғалыс және сезімталдық адам бойында байқалмай қа-лады. Созылғанда, жаншылганда нерв талшық-тары бүлініп, белгілі бір бөлікте бұлшық еттер-дің солуына, сал болып қалуына ықпал жасайды.
Нерв талшықтарының жарақаттанған бөлігіне байланысты әр түрлі аталады. Мысалы, нерв түбінің қабынуы — радикулит, нерв өрімдерінің қабынуы — плексит, бір нерв талшығының қабы-нуы — мононеврит, ал бірнеше нерв талшықтары қабынса — поленеврит деп аталады.
Неврит ауруына шалдыққан адамға комплексті ем ңолданылады. Дәрі-дәрмек, физиотерапия, массаж, ЛФК. Емдеу мерзімі ұзақ, ең кем де-генде 8 айға созылады. Өйткені нерв талшың-тарының қайта қалпына келуі өте жәй, біртіндеп өтеді. Сондықтан алғашқы кезде адамның өзі орындай алатын қарапайым жаттығулар жасала-ды. Әр қимыл-қозгалыс ыңғайлы қалыпта, жылы ванна ңабылдап, денені босаңсытқан соң оңай орындалады. Жарымжан болған аяң не қол қи-мылдау үшін жылтыр тақтай, стол, кішкене дөңгелек орнатқан сырғанақ арба керек, солар арқылы ңозғалу жеңілірек болады. Жаттығулар байыппен, асықпай, орташа жылдамдықпен орындалады.
Аяқтың нерв жүйесі зақымданса, оның тірек қызметін арттыруға баса назар аударылады. Алдымен шалқадан жатып, аяқты бірдеңеге ті-реп, бүгіп-жазады. Одан кейін тізерлеп тұрьщ әр түрлі жаттығуларды орыңдайды. Таяқ ұстап жүруге дағдылану үшін арқа, бел, иық бүлшық еттерін шынықтырады.
Жүрген кезде аяқ ұштарын дұрыс ңою, бас-палдақпен катерілгенде денені тік ұстау — ең негізгі ойға сақтайтын ңағидалар.
Қол жансызданған кезде әр түрлі заттарды саусақтармен, алақанмен уыстап ұстауға дағды-ландырады. Сол сияқты губка, резинка доптар-ды қысып-жазып жаттықтырады. Осындай жат-тығуларды күніне 4—6 рет қолдану керек.
Радикулит немесе құяң ауруы бел омырт-қаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан бо-лады. Спортсмендер арасында омыртқа зақым-данған кезде; оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының зорлануы құяң ауруына әкеліп со-ғады. Ең негізгі белгілер, құяң ауруына шал-дыққан адамдар белі қатты ауырып, ол аяғына беріліп, жүре алмай қалады. Қимыл-қозғалыс толық орындалмай, алға еңкею, біржағына бұ-рылу мүмкін болмайды. Құяң ұстаган жақтағы аяқ созылмай, бұлшық еттер әлсіреп, бөксенің еттері, сан мен балтыр семіп кетеді. Қатты ауыр-ғандықтан адам бір жағына қисайып қалады. Мұның өзі ұзаққа созылса, кейде омыртқаның қисайып, сколиоз ауруына шалдығуына душар етеді.
Бұл ауру ұзаққа созылатын індет. Оқыста суық тисе, жарақаттанып қалса мұндай созылмалы ауру асқынып, барлық белгілері қайтадан шыға келеді. Мұндай кезде бірден ауруханаға жатқан дұрыс. Аурудың беті қайтып, асңынуы басылысы-мен емдік гимнастика тағайындалады. Оның не-гізгі мақсаты — қан айналымын жақсартып, арқа бұлшық еттерін жетілдіру және ңатты аурудан пайда болған контрактураны (еттің түйілуі) бол-дырмай, денені түзету т. б.
Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буын-дарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяңтың асты-нан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Ал-ғашқы кезде жаттығулардың ұзақтыгы 10—12 ми-нут, кейін біртіндеп 20—25 минутқа жеткізіледі. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Сонан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жақңа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.. Ңимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді.
Ауру адам еркін жүре бастағанда аяқ-ңол қимылдары толық қосылып, орташа жылдамдықпен атқарылады. Мұнда доп, шығырық, шең-бер, жеңіл гантель сияқты заттарды пайдалана-ды. Емдік гимнастика гигиеналы, арнайы емдеу, өзінше сабақ, дозалы жүру, еңбек терапиясы және массаж сияқты формалармен толықтыры-лады.
Шонданай невриті — өзінше жеке кездесетін мононеврит. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейіп кетеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бүлшық еттері тез арада семіп кетеді. Оны уаңытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиын-датады.
Сондықтан емдеу гимнастикасы құяң ауруын-дағы сияқты тәртіппен орындалғанмен, ең алды-мен аяқ басына баса назар аударылады. Егер өз-дігінен қозғалмаса, аяқтың басы салақтап қалмас үшін тақтайға, темір тордан жасалған арнайы қалыпқа салып таңып тастайды. Аяң басы мен жіліншік арасы тік бұрыш құрау керек. Осылай алдын-ала дайындалған аяқты, жан-жағына қи-мылдатып, еденге басып, түрегеліп жүруге бо-лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет