Ми жарақаты
Мидың жарақаттануы ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Бірін-ші түрінде бас терісі мен сүйегі бүлінеді. Оққа ұшқанда, қатты соққыға жығыл-ғанда ми қабығын жарып, қан тамырларын за-қымдап, көп қан кетеді де, адам әлсіреп қалады. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы бай-қалады.
Қайсысы болса да ми зақымданған соң есінен айырылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер аңғарылып, лоқсып, құсып, тырысып-құрысып жағдайы кетеді.
Зақымданған ми бөлігіне байланысты қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашар-лауы білінеді. Қатты жарақаттанған адамдарда кейде миға қан құйылады, сонда сал ауруларының белгілері білініп, бір жағы жансызданып қалуы ықтимал.
Науқас ауыр халден біршама шыңқан соң, жоғарыда көрсетілген методика бойынша емдік гимнастика тағайындалады.
Жаттығулар жарақаттанған мезгілден 10—15 күннен кейін ғана беріледі. Онда тек төсекте шал-қадан жатқан қалыпта ұсақ және орта буындар-ға баяу ырғақты жаттығулар жасалады. Емдік гимнастиканың ұзақтыгы алғашқыда 15—17 ми-нут, кейін 20—25 минутқа созылады, ал ауру түрегелген кезде 30—35 минутңа дейін жеткізеді. Өздігінен орындайтын жаттығулар күніне 2 — 3 рет қайталанады. Онда көбінесе дұрыс дем алуға баса назар аударылады.
Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-тең-дік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстін-де аяңдап әрі-бері жүреді.
Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қоз-ғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үсті-нен жүру т. б. жаттығуларды орындайды.
Осының бәрін меңгерген соң ертеңгі гигие-налық гимнастика, өз бетінше мөлшерлі жүру, серуендеу, кейбір спорттық жеңіл ойын түрлері-мен айналысқан өте пайдалы.- Сол сияқты бау-баңшада, егіндікте ақырын қолдан келетін жұ-мыс істеу ауруды тез айықтырады. Бұл бір жағы-нан жаттығу болса, екінші жағынан аурудың ойы бөлініп, нерв жүйесі тынышталады. Рухани азық алу үшін өз көңіліне қонатын ән-күйлерді тың-дау да пайдалы. Жаттығулар жасағанда жанға ләззат беретін бір әуенді ойнатып қойса, адам шаршамай әр жаттығуды шын пейілмен орын-дайды. Мұның бәрі жоғарғы реттеуші орталық мидың, ми қабығын ңалпына келтіруде үлкен ыңпал жасайды.
Жұлын жарақаты
Омыртқа жотасының ашық не жабық жарақаттануы жұлынға нұқ-сан келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүм-кін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртңа тұсы жарақаттанса, аяқ запа шегеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансыз (паралич) қалады. Бұл өте қауіпті, жанды қи-найтын сырқат. Тез арада адам бойында көп өзге-рістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе ңабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды.
Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнасти-каны қосады. Алдымен тыныс алу жаттығула-рына көңіл боледі, одан соң аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа не қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегмент-ті-рефлекторлы метод арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Ойткені олар бұлшың еттің тартылғанын босаңсытады.
Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жақңа кезек аударып, ая-ғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін бал-даққа сүйеніп жүруге жаттықтырады.
Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторий-лардан ем қабылдайды. Медициналық және^әлеу-меттік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат — адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |