«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет19/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Мойын омыртқа остеохондрозы
Емдік гимнастика тағайындағанда еске ұстайтын методикалық жағ-дайлар бар. Олар: 1. Омыртқалар бұлғалақтап бір жағына шы-ғып кетпес үшін мойынга мақта-дәкеден жасал-ған тіреуіш жаға кигізеді. Бұл мойынға киілген қамыт бүкіл бір емдеу курсы біткенше шешіл-мейді. Осы арқылы мойын омыртқаның тыныш-тығын сақтап, артық қимыл-қозғалыстан аулақ
болады. Мұның өзі зақымданған жердің жеті-луіне мүмкіндік туғызады.
2. Алғашқы және негізгі бөлімдерде мойын омыртқаны оз еркімен қозғауға болмайды. Тек қорытынды болімде 15—20 минут баяу қарқын-мен қозғайды.
3. Барлық жаттығулар бұлшық еттерді босаң-сытумен қатарласып келіп отырады. Әсіресе, иық, жауырын белдеуіндегі еттерді босатса, шаншып, ұйып ауырганы басылады.
4. Бірінші күннен бастап мойын бұлшық ет-терін жетілдіруге ықпал жасайды. Ол үшін қар-сыласу жаттығуларын орындайды. Мәселен, дә-рігер не комекші адам алақанымен басты артқа итергенде, ауру алға итеру керек. Оны кейін әр адам өзі орындайды (маңдайга екі алақанды ті-реп немесе иектің астынан тіреп отырып, басты алға итереді). Мойын бұлшық етін жетілдіруге жатқан бойда басты көтеріп 2—5 секунд ұстап тұру да үлкен әсер етеді. Оны шалқадан, етпеттен, оір қырынан жатып жасауға болады.
5. Науқас мойнының ауырғанынан қорған-шақтап, көкіректің кең дем алуына да кедергі келтіреді. Сондыңтан тыныс алу жаттығуларын қосқан абзал.
6. Жаттығулар жасаганда адам шаршама-уы, еш жері ауырмауы керек. Ал жаттыгу үс-тінде мойын тұсы шаншып ауырса, жаттығу мол-шерін бірден азайтады.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: жауы-рын белдеуіндегі бұлшық еттерді босаңсытып, ауруын азайту, қан айналымын жақсарту, вести-булярлы өзгерістерді қалпына келтіру; тканьдер-дің ісігін басу, жалпы организмді нығайту болып табылады.
Емдік гимнастиканы аурудьщ, жедел түрінде, алғаш басталған кезінде қолдана береді. Жатты-ғулар қолдың басына, ұсақ және орта' буындарға тағайындалады. Бұлшық еттерді босаңсытуға ар-налған жаттыгулар отырып, тұрып, жатып, яғни науқасқа қолайлы жағдайда орындала береді. Жауырын белдеуіндегі бұлшық етті босаңсыту үшін еңкейіп тұрып қолды алға-артқа сілтеу кең қолданылады.
Ауырғаны басылған соң емдік гимнастика мойын, жауырын бұлшық етін шынықтыруга жұмсалады. Барлық жаттығулар тыныс алумен қабаттасып өткізіледі. Вестибуляр қызметі бұ-зылса, арнайы жаттығулар жинағын қолданады. Мәселен, жәй жүру, бір шеңбермен жүру, тепе-теңдік сақтау, кедергілерді аттап өту т. б. (4-таб-лица).
Ауру басталған кезде басты жан-жаққа ңоз-ғамайды. Тек қорытынды бөлімде ғана әр түрлі қимылдар жасалады (жан-жағына қарау, басты томен салбырату, иекпен кеудеге жарты шеңбер сызу, басты оң-солга қисайту, иекті созып, кейбір әріптер жазу т. б.).
Бір курсқа 30—40 емдік жаттығу енгізуге болады.
Емдік гимнастикамен қоса мойынға, екі жа-уырынның ортасына массаж қолданса, тіпті, дұрыс болады.
Үй жағдайында тосек қатты, жастық аласа болу керек. Жазу қызметімен айналысатын адам-дар мойнына «қамыт» іліп алуы керек.
Мойын остеохондрозының алдын алу үшін суда жүзудің маңызы өте зор.
Мойын бұлшық етін қатайту үшін қабырғаға арқаны беріп шүйдемен қатты тіреледі (3—5 сек.), одан соң босаңсытып тағы қайталайды. Екі қол-ды шынтақтан бүгіп, иектің астынан итеріп, бастың төмен не жан-жағына бұрылуына мұрша бермейді. Сонымен қатар жон етті өз қолымен қысып, сипап массаж жасап жіберсе, шаршағаны басылып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет