Жұлын жарақаты
Омыртқа жотасының ашық не жабық жарақаттануы жұлынға нұқ-сан келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүм-кін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртңа тұсы жарақаттанса, аяқ запа шегеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансыз (паралич) қалады. Бұл өте қауіпті, жанды қи-найтын сырқат. Тез арада адам бойында көп өзге-рістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе ңабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды.
Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнасти-каны қосады. Алдымен тыныс алу жаттығула-рына көңіл боледі, одан соң аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа не қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегмент-ті-рефлекторлы метод арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Ойткені олар бұлшың еттің тартылғанын босаңсытады.
Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жақңа кезек аударып, ая-ғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін бал-даққа сүйеніп жүруге жаттықтырады.
Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторий-лардан ем қабылдайды. Медициналық және^әлеу-меттік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат — адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу.
Бақылау сұрақтары:
1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына берілетін жаттығулар.
2.Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы.
3.Емдік жаттығулар жинағы.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
№5сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |