«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Жүрек аурулары
 

Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын рөлі ерекше. Бүкіл организм тек сол 


жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен оттегімен қамтамасыз етіліп, өндірілген, 
денеге керексіз заттар шығарылып отырады. Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде 
айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық, керенаулық 
пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.
Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездеседі. 
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші ер адам жүрек 
инфарктынан, әрбір жетіншісі – миға қан құйылуынан қайтыс болады. Сондықтан да бұл аурулар XX 
ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр. 
Осы сырқаттардың негізгі себептері, одан сақтану шаралары туралы арнайы газет-журналдар, 
радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанымен, халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу 
шараларына мән бермей келеді. Басы ауырып, балтыры сыздағанша, ауру асқынып денені меңдеп 
алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер әлі де аз емес. Өкінішке орай, бұл кезде асқынған 
сырқатқа ем қону да қиынға түседі. 
Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруы өте жиі кездеседі, оның жолдарының тарылуынан 
немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы. Халыққа тарап кеткен ұғымдай, инфаркт тек 
жүрекке ғана емес, бүйректе, көк бауырда, мида, бұлшық еттерде, қан тамыры жүйесінде ең жиі 
кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфаркты. 
Аурудың пайда болып, бойды жайлауына көп жағдайлар әсер етеді. Ол ішкі сыртқы 
ортадағы факторлар, мещкейлік, арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегіп никотинмен улану, қимыл-
қозғалыстың, физикалық құбылыстар, қозғалыстар, қоршаған ортаның ластануы, ашу реніш, қайғысы 
қасрет, жұқпалы ауруларға жиі шалдығу, тұқым қуалаушылық т.б. 
Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп. Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп 
жүрген гипертония ауруы, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы), жүрек инфаркті, стенокардия, 
коронаросклероз, жүрек қақпақшалар ауруы (пороки), көк тамырлардың кеңеюі т.б. 


Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, 
өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр түрлі 
белгілер білінеді. Сондықтан да әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға тиіс. 
Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауыру, соғысы жиілеп, ентігіп, әлсіздік байқалады. Кейіннен 
аяқ-қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның, 
оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің дімкәстенуінен, қан тамырларының 
өзгеруінен болады. 
Жүрек тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына, жетіспеуіне әкеп 
соғады. Қан айналымы үш кезеңнен тұрады, әрқайсысының дәрігерлер белгілеріне қарай айырып 
қажетті ем қолданылады. 
Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет