«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет4/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Қоректендіру механизмі
 
Буындардан жоғары нерв жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегетатвитік 
нерв жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, 
қышқылдану-тотығу, қайта түлеп қалпына келу процестері жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшық етте 
ұсақ қан тамырлары кеңейіп, өттегі көбейіп, керексіз заттар көк тамырмен керісінше ағындап кетіп 
жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (ткань аралығындағы түссіз сұыйқ зат) айналымы жаңарады. 
Осының салдарынан дене қоректік затпен қамтамасыз етіліп, ауруға шалдыққан жер тез жазыла 
бастайды. Мәселен, сынған мүше жетіліп, қабынған организм басылып, тыртық болған тері бастапқы 
қалпына келе бастайды. Сөйтіп, қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды. 
 
Орнын толтыру механизмі
 


Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені, бұлшық 
еттерді қалпына келтірді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. 
Жаттығулар екі (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екіншісін шыңдай отырып, барлық 
жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса, 
екінші бүйректің күшін жаттығулар арқылы арттырып, организмге ауырлық түспеуін бақылайды. Сол 
сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің (құрт ауруы) асқынған түрінде немесе рак болғанда 
бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен операция арқылы алып тастауға тура келеді. Сонда 
организмге кажетті оттегі қалған өкпе арқылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы 
кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар арқылы қалған өкпенің 
көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды.
Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша) 
ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал екіншісі науқас адам бір 
мүшесінен айырылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың нерв жүйесі жарақаттанғанда ол 
қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан қалады. Сол кезде нерв жүйесіне «жандандыру» өте қиын 
болғандықтан, қолдағы барлық бұлшық еттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әр түрлі 
қимылдар жасауына көмектеседі. 
Міне, орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда науқастың организмін қалпына келтіру 
оған өз мүмкіндігің сезіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет