Массаждың әсерінен қан мен лимфаның ағыны үдеп әр клетка қоректік заттар мен оттегіне
қанып, қажетсіз заттардың шығуына үлкен ықпал жасайды. Бұл тек массаж жасалған жерде ғана емес
бүкіл денеде болатын өзгеріс. Сондай-ақ әртүрлі себептерден пайда болған ісінуден құтылуға
мүмкіндік жасайды. Массаж жүрек бұлшық етінің нығаюына, дамуына ықпал етеді. Жүрек арқылы
ағып өтетін қан мөлшері артып, жиырылу күші көбейеді. Қан тамырларының қабырғасы серпімділік
күшіне мінеді де қан тамыры саңырауларынан өтетін қанның мөлшері өседі. Қанның екпіні
орындалған массаждың тәсілдеріне байланысты. Мәселен, сипау, сығу, жұмсарту сияқты тәсілдері
қанды саңылауларынан қысып шығарады, дірілдету, соққылау, шапалақтау, терідегі нерв ұштарын
тітіркендіріп қан тамырларын кеңейтеді.
Жоғарыда айтқандай, массаж нейрорефректорлы және гуморалды, жолмен қан тамырларының
саңылауын кеңейтуге, қан ағымын жылдамдатуға үлкен әсер етеді, сол арқылы ауру организмінің
жазылуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: