Әмір Темір жорықтарының зардаптары. Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 жылы Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Қазақстан үшін, ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз зардаптары болды. Біріншіден,бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүйлде күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендері құлдыққа айдалып, Орта Азияның қалаларындағы базарларда сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды.
Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды. Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.