Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Матаса байланысқан тіркесті терминдер



бет23/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
treatise64286

Матаса байланысқан тіркесті терминдер:
Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында айтылады да, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады.
Матаса байланысатын сөздер – негізінде зат есімдер. Солай болған соң зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады. [99,58].
Кейінгі жылдар аралығындағы газет беттерінде ақша қаражатының кепілі (залог денежных средств), есептің тәртібі (порядок отчета), заңның ұлықтылығы( верховенство закона), тамшының жайылуы (растекание капли), сақтанушының кінәсі (вина страхователя) және т.б. матаса байланысқан жаңа терминдер қалыптасты.
Ілік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым тәуелдік жалғаулы сөзбен синтаксистік бірлікте айтылады. Тәуелдік жалғаулы сөз жоқ жерде ілік жалғаулы сөздің жалаң өз мағынасында грамматикалық тиянақтылық болмайды. Яғни ілік жалғаулы сөз әр кез тәуелдік жалғаулы сөзге бағынышты, оның грамматикалық мағынасын анықтаушы сөз ретінде айтылады. Бірақ терминдердің терминдік сипаты мағынасы жағынан болсын, формасы жағынан болсын біршама нақты, қысқа болып келуімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл сияқты сөз тіркестерінен біріккен сөз жасалады, яғни біршама уақыт өткеннен кейін іліктің де, тәуелдіктің де көрсеткіштері түсуі арқылы екі сөз бірігіп, бір сөзге айналып жатуы матасуға тән сипат.
Етістікті сөз тіркесі.
Қабыса байланысқан тіркесті терминдер:
Етістікті сөз тіркесі болғаннан кейін тек таза етістіктердің ғана басыңқылық қызметі айтылуы тиіс [98,153].
Есім сөздер етістіктермен тіркесе келе қабыса байланысады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат есімді тіркес. Баспасөз беттерінде қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркесі терминдерін көптеп кездестіруге болады: ерік білдіру, есеп айырысу, қаржы бөлу, сенім білдіру, сенімсіздік білдіру, су тұтыну, іс жүргізу т.б. Мәжілісте Нұрлан Балғынбаев аталмыш облыстар мен қаланың әкімдеріне Өзбекстаннан әкелінетін табиғи газ үшін есеп айырысу проблемаларын тез арада шешуді тапсырады (Е.Қ.1999. №208. 17 қыркүйек, -1 б). Жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен Қазақстандық мамандарды оқытуға ақшалай қаржы бөлудің және таратудың қазіргі жүйесі республика тұрғындарының көпшілігінің жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен оқуына мүмкіндік бермей отыр (Е.Қ.1999. №251. 13 қараша, -3б). Әр палата депутаттары жалпы саны үштен екісінің көпшілік дауыспен Парламент үкіметке сенімсіздік білдіруі бөлігіндегі Конститутцияның 53-бабының 7-тармақшасын Конститутциялық Кеңес әр палата депутаттарының Конститутцияда белгіленген саны ғана Парламенттің өкіметтігін және оның шешімдерінің заңдылығын анықтайды деп түсінеді (Е.Қ.1999. №223-224. 8 қазан, -2б). Бүкіл ауыл шаруашылығында қоғамдық, мемлекеттік мекемелерде іс жүрзізу қаулы-қарарлар қабылдау тек бір ғана орыс тілінде жүргізіліп келе жатқаны шындық (Е.Қ.1999. №229-230. 15 қазан, -3б).
Сол сияқты баспасөзде сын есімдердің етістіктермен тіркесіп қабыса байланысқан сөз тіркесін құрауы да ұшырасып отырады. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде тек бағынынқылы қызметте ғана жұмсалады. Мысалы, ішкі шағылысу, ортақ қаржыландыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет