«Эмпатия» ұғымын зерттеу тарихы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында философия, этика, эстетика пәндерінен жарық көрген.
Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э. Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті.
Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.
Эмпатия түрлері
Эмпатияның эмоциялық түрі. Бұл түр механикалық проекцияға және әңгімелесушінің моторлы және аффективті реакцияларына негізделген.
Эмпатияның когнитивті түрі. Бұл бақыланатын мазасыздану интеллект сипатындағы процестерге негізделеді: салыстыру, ұқсастық, қарсылық.
Эмпатияның предикативті түрі. Эмпатия, әңгімелесушінің аффекттік реакцияларын болжау қабілетіне негізделген.