Зейін бұзылысы Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті түрінде активті және пассивті болуы мүмкін. Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды. Зейіннің жиі бұзылыстары қажуы, алаңдаушылығы және патологиялық қадалу болып табылады. Зейіннің қажуы астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі тежелудің жетіспеушілігі жатыр. Зейіннің алаңдаушылығы маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырланып, бір орында отыруы мүмкін болмайды. Зейіннің патологиялық қадалуы депрессивті ауруларда байқалады. Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ғана тақырып қайталанады- өз күйінен шығар жол жоқтай. Эффекторлы-ерік сферасының бұзылысы Полифагия(ашқарақ,)- тамаққа аса қатты құмарту шизофрения, ақыл кемістігі, эндокринді бұзылыстарда кездеседі Анорексия- тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе болмауы аштықты сезінуді жоғалту Полидипсия- ыстықтаудың басылмауынан көп сұйықтық қолданады. Эндокринді ауруларға тән. Табиғи емес тағамға әуестену(парафагия)- жемитін тамағамдарды жеуге ұмтылу: топырақ, көмір, бор. Мұнымен жүкті әйелдер,шизофриндіктер, ақыл кемістер бақыланады Өзіндік сақталған инстинкттің күшеюі- екі қарама-карсы түрі бірге көрінеді а: пасивті- қорғанышты қауіпті және күрделі ситуациядан және жауапкершілік шешімнен күтім жасауға ұмтылу. Б: активті-қорғанышты Өзіндік сақталған инстинктің әлсіреуі – қызығушылықтың төмендеуінен және суицитті жағдайлардың әсерінен пайда болады. Психогенді ауруларда бақыланады. Өзіндік сақталған инстинктің бұрмалануы – өзін азаптау актісінде пайда болатын, металдық және басқада заттарды жұтынудан өзіне зақым келтіру. Органикалық бас ми зақымдалған,шизофриндер бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |