Жоспар
Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік 2.Күрделі эмоциялар және олардың түрлері 3.Жоғары сезімдер, олардың түрлері
Стресс және оның алдын алу
Эмоционалдық интеллект
1.Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік
Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындык. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не канағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.
Шындық дүниені танып біле отырып адам өзінің сол заттарға, құбылыстарға, уақиғаларға, басқа адамдарға, өз тұлғасына қатынасын анықтайды. Біреулер оны қуантса, екіншісі ренжітеді, үшіншісі наразылық туғызады және т.б. Қуаныш, мұң, таңдану, наразылық, ашу, үрей және т.б. басқалар - осылардың барлығы адамның шындық дүниеге субъективті қатынасының сан алуан түрлері. Психологияда эмоцияны адамның өмір тіршілігі үшін аса маңызды сыртқы және ішкі жағдайларды бейнелеу және оларды уайым формасында бағалау процесі деп атайды.Эмоция мен сезімдер субъектінің өзіне және өзін қоршаған дүниеге субъективті қатынасын көрсету үшін қызмет етеді.
Эмоция - бұл адамның өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған практикалық іс-әрекеттің барысын және нәтижесін тікелей уайым формасында бейнелейтін субъективті психикалық жағдайдың ерекше түрі.
Адамның әрекетінің қай-қайсы болмасын нәтижесінде оның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, оның кез келген белсенділігі эмоционалдық күймен бірге жүреді.
Ч.Дарвин эмоцияны тіршілік иесінің өзекті қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қандайда бір жағдайлардың маңызын орнататын эволюция барысында пайда болған құрал деп атап көрсеткен болатын.
Эмоцияның екі жағы ерекшеленеді:
Эмоция - индивидтің дүниеге бейімделуінің формасы, ал қашанда қажеттіліктерді қанағаттандырумен, мотивациялармен байланысты.
Өте ертеден келе жатқан, аса қарапайым және анағұрлым кеңінен тараған күй - органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырудан алынатын қанағат сезімі және осыны орындаудың мүмкіндігінің болмауынан туындайтын қанағаттанбау сезімі.
Қазіргі кезде психологиялык әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада колданылып жүр. Егер бұл ұғымдардың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғаруға болады.
сезім жағдайға тәуелді емес, яғни эмоцияны жалпылау ретінде көрініс береді;
сезім адамның жетекші мотивтерімен байланысты, ал эмоцияның олармен байланысы жоқ, сондықтан сезімдер мен эмоциялардың бір объектіге қатынасы жағынан өзара сәйкес келмеуі мүмкін;
сезімді тәрбиелеуге, қалыптастыруға және туғызуға болады.
Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен қүбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т. б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени кажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.
Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана
бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән — ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, тандану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық-әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды. Ч- Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялык даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі — адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді.
Ч.Дарвиннің көзқарастары У.Джемс пен К.Ланге теорияларында әрі қарай дамыды. Адамның денесінің белгілі бір жағдайлары әр түрлі эмоцияларға байланысты болады дейді Джемс. Алдымен сыртқы стимулдар арқылы организмдегі өзгерістер эмоциялардың нәтижесінде әсер етіп, содан кейін барып эмоция туындайды. Бұл Джемс-Ланге теориясы деп аталды.
Органикалық және эмоционалдық процестердің арақатынасын У.Кеннон ұсынды. Әр түрлі эмоционалдық күйлердің әсерінен туындайтын денедегі өзгерістер бір-бірімен ұқсас болса да, адамның жоғары эмоционалдық күйлерін қанадың нәтижесінде әсер етіп, содан кейін барып эмоция туындайды. Бұл Джемс-Ланге теориясы деп аталды (3, 78).
Органикалық және эмоционалдық процестердің арақатынасын У.Кеннон ұсынды. Әр түрлі эмоционалдық күйлердің әсерінен туындайтын денедегі өзгерістер бір-бірімен ұқсас болса да, адамның жоғары эмоционалдық күйлерін
қанағаттандыра алмайды. Кеннонның тұжырымдамасын дамытқан – П.Бард. Ол денедегі өзгерістер мен эмоционалды күйлер бір уақытта пайда болатынын айтты.
Джемс-Ланге мен Кеннон-Бард тұжырымдамалары эмоцияның психоорганикалық теориялары болып табылды.
У.Джемс, К.Ланге, У.Кеннон, П.Бард эмоциялардың пайда болу жағдайлары мен факторларын, динамикасын зерттей келе, бұл теорияларға өз пікірін С.Шехтер де қосады.
Ол адамның эмоционалдық процестеріне ес процесі мен мотивация да әсер ететінін айтады. С.Шехтердің ұсынған тұжырымдамасы эмоцияның когнитивті- физиологиялық деген атқа ие болады.
Отандық физиолог П.В.Симонов эмоцияның пайда болуы мен сипатына әсер ететін факторлар жиынтығын көрсете отырып, когнитивті теориялардың қатарынан ақпараттық теория деген атаққа ие болады.
С.Л.Рубинштейн жеке тұлғаның эмоциясының көрінуінде үш саланы атайды: органикалық өмірі, материалдық қызығушылығы және оның рухани адамгершілік қажеттіліктері.
Сезім мен эмоцияны адам іс әрекеті мен көңіл күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық деп отырғанымыз – жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық жү.йке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді.
Сезімнің физиологиялық негізі- ми қыртысының қызметімен байланысты. (И.П.Павлов). Динамикалық стереотип. Динамикалық стереотиптердің сақаталуы немесе бұзылуына сәйкес адам жеңілдікті, қиныдықты т.б. бастан өткереді.Жағымсыз сезімдер тежелумен қозу процестерінің арасындағы қалыпты ара қатынас бұызлған жағдайда пайда болады. Көңіл күйінің күрт өзгеруі уақыттша нерв байланыстарының үзілуінен болады. Үйреншікті сыртқаы жағдайлар жақсы денсаулық, уақытша нервтік байланыстар жасауды жеңілдетеді және жағымды күй ретінде өтеді. Электрлік физиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айырықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келумен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алқанда таламус,гипоталамусжәнелимбикажүйсінің қызметтерімен анықталады. Арнайы тәжірбиелер онда рахат , қасрет орталықтары деп аталатын жағымсыз және жағымсыз эмоциялар орталықтар болатынын тапты. Рахат және қасірет орталықтарының болатындығының ашылуы дамудың жоғары сатысындағы жануарлар мен адамның өмірінде эмоцияны оразан зор ролі болатынын көрсетіп берді. Ритикуляр немесе тор түс формациясы қызметінің жүргізілген ең жаңа ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратын ашыт. Қозу рецептордан тиісті талдағыш орналасқан жерге арнайы жолмен баратыны белгілі.
Электр физиологиялық зерттеулер екінші бір жолдын болатынын көрсетіп отыр. Оған түрлі сезім мүшелерінен нервтік стимулдар келеді. Онда өңдеуден өткен соң сигналдар үлкен ми сыңарларына жіберіледі. Энергия жинақтағыш
міндеттің атқара отырып ретикуляр формациясы ми белсенділігін төмендетумен арттыру тітікендіргішке деген жауапты күшейту әлсірету және тежеуге қабілетті.
Адамның эмоциялық сергектігін оның эмоциялық реакциялары мен көрсеткіштері негізінен алғанда ретикуляр формациясының күйіне тәуелді болып келеді. Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысына екінші сигнал жүйесі әсер етеді. Заттар тікелей әсер ғана емес сөзді тебіреніс туғызады. Біреудің өз басынан кешіргендерін әңгімелеуі тыңдаушыларда белгілі эмоциялық күй туғызуы мүмкін. Екінші сигнал жүйесінің арқасында эмоциялар мен сезімдер саналы процеске айналып қоғамдық сипат алады және адамның өзінің эмоциялық реакцияларымен қоғамдық мәнді сезімдердің арақатынасы айқындалады. Тек екінші сигнал жүйесінің негізінде ғана адамның моральдық интеллектуалдық және эстетикалық күрделі сезімдерінің қалыптасуы мүмкін болады.