Қоспасы 5 % болатын, 33,7 г CaC2 жұмсалған. Ацетиленнің шығымы 90 % болса, түзілетін ацетиленнің массасын есептеңіз. Шешуі СаC2+2H 20-->С2H2+Са(ОН)2
1)mқоспа=33,7гх5%/100%-=,68г
2)m CaC2=33,7г-1,68г=32,02г
3)32,02г карбид-------хг ацетилен
64г карбид-------26г ацетилен
х=32,02г *26г/64г=13г
4)13г ацетилен---100%
хл ацетилен-----90%
х=13г*90%/100%=11,7г
емтихан билеті №17 Менделеевтің периодтық жүйесінің алтыншы тобы. Оттегі, оның сутегімен қосылыстары-су, сутегі асқын тотығы , қолдану, талдау әдістерін сипаттаңыз. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді. Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады. Алтыншы периодта 32 (Cs – Rn) элемент бар. Онда ауыспалы 10 элементпен (La, Hf – Hg) қатар 14 f – элементтер, лантаноидтар (кестеде жасыл түсті) орналасқан. Оттегі, кейде оттек (лат. oxygenium – қышқылды тудыратын; O) — элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі – химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз.Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.Сутек пероксиді немесе Сутегінің асқын тотығы — сутек пен оттектің қосылысы, формуласы - Н2О2. Жаратылыста ауадағы оттек түрлі заттарды тотықтырып оксид түзгенде, соған қосалқы зат ретінде сутек пероксиді түзіліп, артынша айырылып жатады. О-О арасындағы байланыс энергия (210 кДж), екі есеге жуық кем. Сутек пероксиді молекуласындағы оттек атомдары полюссіз байланыс арқылы, ал оттек пен сутек атомдары полюсті байланыспен қосылысқан. Н-О арасындағы байланыстар молекула ішінде симметриясыз орналасқандықтан, сутек пероксиді молекуласы өте полюсті молекула. Н2О2 молекулалары арасында туатын сутектік байланыс берік болып, молекулалар ассоциацияланып жүреді. Сондықтан сутек перексоді қалыпты жағдайда - түссіз, қою сұйықтық (S=1,44) қайнау температурасы да едәуір жоғары (150,2 °С) қатуы -0,43 °С. Н2О2 су сияқты сутектік байланыс түзетіндіктен, сумен кез келген мөлшерде араласып ериді, ертіндіден кристаллогидрат Н2О2·2Н2О түрінде (тұрақсыз, T=-52,0 °С) бөлінеді.