3С2Н2=>С6Н6 1)m=V•p=2,5 мл•0,88г/мл=22 г 2) 3.36 л С2Н2—2,2 г С6Н6 67,2л С2Н2—х г С6Н6 Х=67,2•2,2/3,36=44г 3)78г бензол—100% 44г бензол—Х % Х=44•100/78=56,4% Жауабы:56,4%
емтихан билеті № 7 Спирттер, альдегидтер. Медицинада қолдану. Этил спирті, формальдегид. Химиялық талдау әдіс қарастырыңыз. Спирттер − қаныққан (sp³-будандастыру күйінде болатын) көміртек атомымен тікелей байланысты бір немесе одан да көп гидроксил топтары (гидроксил, - OH) бар органикалық қосылыстар. Спирттерді судың туындылары ретінде қарастыруға болады (H−O−H), онда бір сутегі атомы органикалық функционалды топқа ауыстырылады: R−O−H. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.
Спирт өндірісі - тамақ өнеркәсібінің дәнді дақылдардан ішімдік (этил) спиртін дайындайтын саласы. Этил спирті, негізінен, тамақ өнеркәсібінде, медицинада және радиоэлетроникада қолданылады. Спирт өндіру үшін дәнді дақылдар, картоп және қант өнімдері пайдаланылады. Дән тазаланып, ұнтақталып арнаулы қазандарда сумен қосылып қайнатылады. Осыдан пайда болған қою массаға ашытқы ферменттері қосылып ашытылады. Крахмал ашып спиртке айналады. Ашытылған масса (брага) сүзіліп, сүзінді айыру аппаратына жіберіледі.
Альдегидтер, RСНО-құрамында көміртек радикалымен байланысқан альдегид тобы бар органикалық қосылыстар. Ол спирттер құрамындағы сутектің екі атомын алып тастағанда түзіледі. «Альдегид» деген атаудың өзі де аlсаһоl dеgіdrоgеnаtus деген латын сөздерінің (сутектен айырылған спирт) алғы буындарынан құралған. Альдегидтер өз құрамындағы қышқыл атымен аталады. Мысалы, құмырсқа қышқылынан құмырсқа альдегиді не формальдегид (НСНО), сірке қышқылынан сірке альдегиді не ацетальдегид (СН3СНО), т.б. түзіледі. Тиісті көмірсутекке «аль» жалғауы жалғанып, метаналь (НСНО), этаналь (СН3СНО), т.б. деп те аталады. Альдегидтерге спирттік және қышқылдық қасиет тән. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясына бейім, мұның нәтижесінде күрделі эфир не спирт және қышқыл түзіледі. Сондай-ақ альдегидтер полимерлену және конденсаттану реакцияларына өте бейім келеді. Альдегидтер полимерлер, дәрі-дәрмектер, көмірсулар, синтетикалық бояу, т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өндірісте альдегидтер спирттерді тотықтыру немесе дегидраттау арқылы алынады.
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.
Этил спирті наркотикалық әсері бар зат болып табылады. Ол ОЖЖ – не жалпы тежегіш әсер көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті қолданғанда этил спирті айқын антисептикалық қасиет көрсетеді.Медициналық практикада этил спиртінің қолданылуы шектеулі. Оны негізінен антисептик түрінде қолданады. Оған әлеуметтік жағдайда көп көңіл бөлінуде, өйткені спиртті ішімдіктерді қабылдау жедел және созылмалы уланулардың себебі болады.Этил спиртін ішке қабылдағанда ол көбінесе жіңішке ішекте және шамамен 20% асқазақнда жылдам сіңеді. Адсорбцияның жылдамдығы айтарлықтай дәрежеде асқазақ – ішек жолдарының ішіндегісінің сипатына және перистальтиканың күшіне байланысты. Этил спиртінің резорбтивті әсері аш қарынға қабылдағанда жылдам дамиды. Майлар мен көмірсулар оның сіңуін едәуір тежейді.
Формальдегид (лат. formica - құмырсқа), халықаралық уағыздалатын аты - метаналь, ескіше - құмырсқа алдегиды. Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.(CH2=O) — газсынды өткір иісті түссіз зат , гомологиялық қатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды.