7,Аса қауіпті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жұғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру – аса қауіпті жұқпа деп аталады.
Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
ауру қоздырғышы (микроб),
сыртқы орта және
қабылдаушы сезімтал организм.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, және т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.
Жұқпалы аурулар кезеңдері:
жасырын (инкубациялық),
күмәнді (продромалдық),
ауру дамуы және
айығу (реконвалесцениттік)
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы
аурулар
•ЖРВИ, соның ішінде грипп
•ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез, ботулизм,
АИТВ, ВГА)
•менингококкты инфекция
•балалар инфекциясы (қызылша, шел шешек, эпидпаротит
ж.т.б.)
•бруцеллез
•сібір жарасы
• лептоспироз
•листериоз
•көктемгі-жазғы энцефалит
•ҚҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)
•Оба
• тілме
•Құтырма
• Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция»
деп те атайды. Олар:
• • Ішек аурулары;
• • Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
• • Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
• • Сыртқы қабықтардың аурулары болып
бөлінеді.
.Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар (АҚЖ) термині ТМД елдерінде ғана қолданылады. Басқа елдерде бұл түсінік халықаралық масштабта денсаулыққа аса қауіпті жалпы жұқпалы аурулар деп танылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті жұқпалар тізіміне 100 аса аурулар кіреді..
Оба ( лат. – pestis, орысша-чума; черная смерть)- бактериалды зоонозды табиғи ошақты аса қауіпті конвенционды қоздырғышы негізінен трансмиссивті механизммен берілетін, аса ауыр
интоксикациямен , лимфа түйіндерінің ішкі ағзаларды зақымдалуымен сепсис, септицелиямен көрініс беретін кеш басталған дұрыс жүргізілмеген ем кезінде өліммен аяқталатын жұқпалы ауру Қоздырғыштың негізгі берілу механизмі – трансмиссивті. Тасымалдушысы бүргелердің 70 түрлері және кенелердің кейбір түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |