Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін ұйымдастыру



бет9/30
Дата21.11.2023
өлшемі146,01 Kb.
#192587
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Денсаулықты нығайтудың теориялық Ð½ÐµÐ³Ñ–Ð·Ð´ÐµÑ 2

12.Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін ұйымдастыру.
Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары туралы қазақша реферат
“Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және сәттілігі” атты “Қазақстан – 2030” Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР Үкіметі Қаулысының шешімімен № 1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру Қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың аддын алу мен халықгың денсаулығын нығайтуда айтарлықгай жетістіктерге қол жетті. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықгарға, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық жетіспеушіліктерге қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын калыптастыру қызметі төмендегі мәселелердің шешімін тапты:
— салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары құрылып, материалдық-техникалық ресурсы қамтамасыз етілді;
— құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
— гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
— денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярланды;

13.Денсаулықты сақтау мен нығайту және СӨС қалыптастыру саласындағы бағдарламалар (СӨСҚ қалалық орталығы)
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
белсенді және көңілді
бол.
«Денсаулық» кешенді-мақсатты бағдарламасы. Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, білім алушылардың, әсіресе жоғары сыныптағылардың оқу күні ересектердің
жұмыс күні ұзақтығынан біршама артып түседі және тәулігіне 12-14 сағатты құрайды. Соңғы онжылдықта қосымша пәндер пайда болды, материалдың көлемі оған бөлінген сағаттардың қысқаруымен қатар біршама өсті. Осының бәрі оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне, күн режимінің бұзылуына, ұйқы, демалу, серуендеу уақытының, қозғалыс белсенділігінің қысқаруына әкеп соқты, бұлолардың физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Бағдарламаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру.
Негізгі іс-шаралар: Дене шынықтырусауықтыру жұмысы, қызығушылықтары
бойынша спорт бірлестіктеріне,
студияларына қатысу. Білім беру үдерісіне
қатысушылар ортасында жайлы
жағдайларды, қолайлы психологиялық
ахуалды сақтау және ұстау. Салауатты өмір
салтын насихаттау. Оқушыларға
медициналық қызмет көрсетуді жақсарту.
Сырқаттануды ескерту жөніндегі алдын алу
іс-шаралары. Толыққанды, теңгерімді,
тиімді тамақтануды ұйымдастыру


14.ҚР Халық денсаулығы көрсеткіштерінің статистикасы. Оларды медициналық-әлеуметтік бағалау. Қазіргі заманғы технологиялар, қоршаған ортаның сапасын бағалаудың интегралды көрсеткіші ретінде ауруды талдау
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық,физиологиялық және биохимиялық көрс еткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ
климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс
өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады.
Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс
тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
ФИЗИКАЛЫҚ
САУЛЫҚ
ПСИХИКАЛЫҚ
САУЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТІК
САУЛЫҚ
РУХАНИ САУЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет