Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


ҚР емдеу мекемелерінде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру принциптері



бет14/30
Дата21.11.2023
өлшемі146,01 Kb.
#192587
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Денсаулықты нығайтудың теориялық Ð½ÐµÐ³Ñ–Ð·Ð´ÐµÑ 2

23.ҚР емдеу мекемелерінде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру принциптері

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары : облыстық, орталықтық


аудандық, ауыл және аудандық емханаларда, ауылдық амбулатория
және фельдшерлі-акушерлік пунктерде денсаулық сақтау
орындарынан кең медициналық – профилактикалық жүйесінен
көмек алуда.
Қазіргі кезге дейін ауылдық денсаулық сақтауда медециналық
көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі іс-әрекет етеді:
1 – ші, ол ауылдық емхана участкісі,
2 – ші аудандық медициналық орында,
3 – ші облыстық және Республикалық арнайы орындарда. Сонымен
бірге, ауыл тұрғындарына медициналық көмекті облыстық
диспансерлер: тері аурулары, психоневрологиялық аурулар,
туберкулезке қарсы орындар, онкологиялық, эндокринологиялық
диспансерлер қызмет етуде
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
Емхана
Амбулатория
Мед сан бөлім
Емдік пункттер
ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
Диспансер
Әйелдер консультациясы
Жедел жәрдем станциясы

Амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе


ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт
(ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі
мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог,
гинеколог);
Диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше
мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір
аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык,
психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар
патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау),
санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
Аурухана
Клиника
Госпиталь
Санатория мен курорттар
Мед сан бөлім
Хоспис

24.Медициналық тексерулер және олардың түрлері.
Медициналық қарап-тексеру – бұл денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың таралуын анықтауға және олардың алдын алуға, сондай-ақ қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің, адамдардың еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарау.
Медициналық тексерулердің түрлері:

Медициналық тексерулер міндетті және профилактикалық болып табылады.


Міндетті медициналық қарап-тексерулер келесі түрлерге бөлінеді:

алдын ала міндетті медициналық тексерулеркәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі;


мерзімді міндетті медициналық тексерулержұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Жеке медициналық кітапша - міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізіліп және жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылатын дербес құжат болып табылады
Мерзімді міндетті медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі мен кезеңділігі.- Мерзімді міндетті медициналық қарап - тексеру (бұдан әрі-мерзімді қарап-тексеру) жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

мерзімді тексеру жүргізу кезінде:


1) медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады;
3) сұрау салу бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет