Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


Денсаулық көрсеткіштерінің статистикасы



бет15/30
Дата21.11.2023
өлшемі146,01 Kb.
#192587
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Денсаулықты нығайтудың теориялық Ð½ÐµÐ³Ñ–Ð·Ð´ÐµÑ 2

25.Денсаулық көрсеткіштерінің статистикасы
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық,физиологиялық және биохимиялық көрс еткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ
климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс
өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады.
Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс
тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
ФИЗИКАЛЫҚ
САУЛЫҚ
ПСИХИКАЛЫҚ
САУЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТІК
САУЛЫҚ
РУХАНИ САУЛЫҚ
Денсаулық деңгейлері
жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы
топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар;
аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы
қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.
26.Тиімді тамақтануды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын
толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін
реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардын қортылуы , сіңу және
сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа
қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі,
дәрумендер, минералды тұздар)бойға сіңіру процесі
Тиімді тамақтану режимі дегеніміз- жақсылап реттелген ас жасайтын
уакыт, олардың саны және олардың арасындағы уақыт. Тағамды өте
ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық тағамның
температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдыкі 10 градустан төмен
болмауы тиіс. Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек.
Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені
асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық
өңдеп шығуын қамтамасыз етеді.
1 Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан
дұрыс:
2 Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
3 Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш
немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы
ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
4 Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау
қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер
жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды,
сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы
ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет