1 Ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде заттардың сіңірілуі



Дата03.11.2022
өлшемі17,95 Kb.
#156324
Байланысты:
3 рубежка


1)Ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде заттардың сіңірілуі.
Сіңіру деп әр түрлі заттардың жасушалар қабаты мен жасуша-аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің барлық ұлпасында орын алады, дегенмен оған құрылымы мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителий жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде жасуша мембранасы мен жасуша аралық заттар маңызды рөл атқарады.
Казіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш жолмен жүреді. 
1. Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесіндеөз концентрацияларының айырмасына байланысты (осмос, сүзілу, диффузия негізінде) өтеді.
2. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитознәтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда оларды жеке жасушалар сіңіреді де, одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді. Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады. Мысалы, құлын ішегінің кілегей қабығынан алғашқы 36 сағат ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш өзгеріссіз өтетіні анықталды.
3. Бұл процестегі ең күрделі құбылыс – заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы. А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферментер мен тасымаушылардан құралған ас қорыту-тасымалдау ансамбліболатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден бірден тасымалдаушыға беріледі де, ырықсыз (белсенді механизм негізінде) тасымалданады. 

2)Сыртқа шығару ағзалары, олардың гомеостазды сақтауға қатысы. Бүйректің қызметтері.


Сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметтері
Зат алмасу үрдісі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) үрдістері нәтижесінде денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері - "қалдық зат" (шлак) пайда болады. Шлак организмде пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі - көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу үрдісінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүшелері арқылы сыртқа шығады (экскреция).
Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар (түрлі дәрілер, бояулар т.б.) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен комір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алкоголь сияқты кейбір үшқыш заттар окпе арқылы сыртқа шығады. 

Буйрек жайында:


Бүйректің негізгі қызметі - несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл (орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия - тәуліктік диурездің азаюы; полиурия - тәуліктік диурездің көбеюіанурия - несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер -энурез "шыжың" немесе түнде несебін ұстай алмау, никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зәр жасалуды те­рең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының құрамдарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қарау керек, өйткені бүйрек арқылы зат алмасу үрдісінің ақырғы қалдықтары шығарылады.
Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды (мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгергенде т.б.). Қалыпты жағдайда несеп­пен глюкоза, белок шығарылмайды.
Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы - нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сүйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі. 

3. Тері талдағышы. Рецепторлардың жіктелуі.


Талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпаратты қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап, сезімді қалыптастыратын күрделі морфофункциялық жүйе
Талдағыштардың бөлімдері мен олардың қызметі:
1. Шеткі (рецепторлық) бөлімі - тітіркендіргішті қабылдап, сыртқы энергияның барлық түрлерін жүйке импулсіне айналдыру, ақпаратты кодтау.
2. Өткізгіш / аралық бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар мен қыртысасты орталықтар) – ақпаратты рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу және ақпаратты біріншілік өңдеу.
3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) – афференттік сигналдарды қабылдау, алынған ақпаратты талдау-құрау және сезім қалыптастыру.
Рецепторлардың жіктелуі
Сезім түріне қарай:
- көру,
- есту,
- иіс сезу,
- дәм,
- сипап сезу,
- ауырсыну,
- терморецепторлар,
- проприорецепторлар, - вестибулорецепторлар

2)
Рецепторларының орналасуына қарай:


1. Сыртқы- есту, көру, иус сезу, дәм, сипап сезу.
2. Ішкі:
а) тепе-теңдік және проприорецепторлар
б) висцерорецепторлар
Рецепторлардың жіктелуі

Рецепторлардың жіктелуі


3)Тітіркендіргіштің табиғатына қарай:
1. Фоторецепторлар – көру.
2. Механорецепторлар – есту, тактилдік, тепе-теңдік және проприорецепторлар, жүрек-тамыр жүйесінің барорецепторлары.
3. Хеморецепторлар – дәм, иіс рецепторлары, тамыр және тін рецепторлары.
4. Терморецепторлар – тері мен ішкі органдардың рецепторлары.
5. Ауырсыну рецепторлары ерекше орын алады.

Рецепторлардың жіктелуі


4)Ортамен жанасу сипатына қарай:
5)
1. Дистантты–көру,естужәнеиіссезу. 2. Контактілі–дәм,тактилдік.
Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай:
1. Біріншіліксезетін-иіссезу, тактилдік және проприорецепторлар.
2. Екіншілік сезетін – көру, есту, дәм, тепе-теңдік аппаратының рецепторлары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет