Емтихан сұрақтары
Омыртқасыздар зоологиясы
Зоология пәні және оның міндеттері, маңызы.
Зоологияның даму тарихы.
Қарапайымдылардың көбею әдістері.
Саркодалылар. Кластың сипаттамасы мен системасы және маңызы.
Қарапайымдылардың құрылысы.
Қарапайымдылардың зат алмасу типтері және қоректену әдістері.
Қарапайымдылардың органеллалары және қозғалу әдістері.
Инфузория. Типтің сипаттамасы және көбеюі: конъюгация, аутогамия.
Инфузориялар. Олардың құрылысы, тіршілік циклы, қоректену әдістері.
Қарапайымдылар. Губкалар. Ұқсастықтары мен ерекшелік белгілері.
Жасыл эвгленамен вольвокстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Қарапайымдылардың құрылысындағы негізгі ерекшеліктері және тіршілік ету әрекеті. Систематикасы.
Талшықтылар. Кластың сипаттамасы және системасы.
Гемоспоридиялар, олардың тіршілік циклы.(Безгек плазмодиясы)
Кокцидияның құрылысының ерекшеліктері, таралуы, даму циклы, жұғу әдісі.
Споралылар. Типтің сипаттамасы және системасы. Дамуының ерекшеліктері.
Грегаринаның құрылысының ерекшеліктері, таралуы және даму циклы.
Губкалардың төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлар ретінде жалпы сипаттамасы. Типтің системасы.
Губкалардың құрылысы (аскон, сикон, лейкон).
Көп клеткалылардың шығу тегі туралы теориялар (Э. Геккельдің, И.И. Мечниковтың т.б. теориялары)
Көп клеткалылардың шығу тегі туралы (А. А. Захваткиннің, И. Хаджидің теориялары).
Ішек қуыстылар типінің сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, дамуы және маңызы.
Ішекқуыстылар. Типтің жалпы сипаттамасы, системасы. Симметриясы.
Жануарлардың қай түрлерінде жиырылғыш вакуоль кездеседі?
Гидраның эктодерма және эндодерма клеткаларының құрылысы, олардың атқаратын қызметтері.
Гидраның құрылысы мен физиологиясы.
Маржан политерінің құрылысы, қаңқасы және дамуы.
Гидроидтылар класы. Құрылысының ерекшеліктері және көбеюі. Систематикасы
Сцифомедузалар. Кластың сипаттамасы, системасы, көбею мен даму циклы, маңызы.
Ішек қуыстылардың көбеюі. Дамуының өзіне тән белгілері, ұрпақ алмасуы (метагенез) оның маңызы.
Жалпақ құрттардың құрылысы.
Лента тәрізді құрттар құрылысы. Адамның және жануарлардың ең негізгі паразиттері, олардың тіршілік, жұғу жолдары мен күресу жолдары.
Сорғыштар (трематодтар), құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, тіршілік циклдары личинкалық стадиялар. Маңызы.
Бауыр сорғыштың ас қорыту, зәр шығару, жыныс жүйесінің құрылысы.
Эхинакокктың дамуы.
Жұмыртқа→мирацидий→спороциста→редия→церкария→адолескария. Қандай құрттың даму циклы.
Жалпақ құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы.
Өгіз солитері. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклдары (дамуы), маңызы.
Жалпақ құрттармен жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері.
Кірпікшелі құрттар. Класстың сипаттамасы және системасы.
Жұмыртқа→сиыр→онкосфера→финна→адам. Қандай құрттың даму циклы.
Жалпақ құрттар. Типтің жалпы сипаттамасы және системасы.
Аскариданың дамуы.
Нематодтардың ас қорыту және зәр шығару жүйелері.
Жұмыр құрттар. Типтің жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері. Негізгі өкілдері
Нематодтар класы. Еркін тіршілік ететін және паразиттік нематодалардың құрылыс ерекшеліктері. Аскариданың құрылысы.
Сүліктер класы. Сүліктердің систематикасы, құрылысы, көбеюі және дамуы. Медициналық сүлік және оны пайдалану.
Аз қылтанды құрттар. Кластың жалпы сипаттамасы, биологиясы және маңызы.
Омыртқасыз жануарлардың зәр шығару системасының пайда болуы, дамуы, күрделенуі (протонефрия, метанефрия, целомодукт).
Медициналық сүліктің қан айналу жүйесі.
Жауын құрты. Ет-тері қапшығының құрылысы, жылжу маңызы.
Аталық безі 9 жұп→аталық жол→ұрық шашатын түтік. Қандай жануарларға тән?
Жыныс жүйесі 9-15-ші сегменттер аралығында орналасқан жануар.
Буылттық құрттар типі. Жалпы сипаттамасы және системасы.
Буынаяқтылар. Типтің жалпы сипаттамасы және систематикасы.
4 жұп аяғы бар жәндіктер (жалпы сипаттамасы)
Нерейданың бас бөлімінің және параподияның құрылысы
Бас сегменттерімен санағанда жалпы 18 – ге тең сегменттері бар жануарлар.
Буынаяқтылардың ас қорыту, зәр шығару жүйесінің құрылысы (шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, насекомдар).
Бауыраяқты моллюскалар. Кластың құрылыс ерекшеліктері, системасы, көбеюі мен дамуы. Маңызы.
Дейтоцеребрум дегеніміз не?
Үш жұп аяғы бар, кеудесі үш бөлімнен тұратын жәндік
Тимпанальды мүшенің қызметі және ол кімдерде кездеседі?
Насекомдардың ауыз аппараттары.
Э. Геккель мен Ф. Мюллердің негізгі биогенетикалық заңы
Шаянтәрізділердің қан айналу жүйесі.
Қазғыш, жинағыш, жүгіргіш, жүзгіш, ұстағыш аяқтары қай жануарларға тән?
Басы акрон және төрт сегменттен тұратын жәндік.
Насекомдар класының классификациясының принципі және негізгі отрядтары.
Насекомдардың қанаттарының жүйкеленуі.
Омыртқасыз жануарлар дүниесінің систематикасы.
Мальпигий түтігі, майлы дене, нефроциттер, фагоцитарлы мүшелер қандай қызмет атқарады және қай жануарларда кездеседі?
Екі аналық без (овариоллалар)→екі аналық жол→қынап→тұқым қабылдағыш қапшығы→қосалқы бездер.
Жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→имаго. Толық түрленіп даму қандай отрядтарға тән?
Шала түрленіп даму қандай отрядтарға тән?
Буынаяқтылардың орталық нерв жүйесінің құрылысы. Сезім мүшелерінің құрылысы.
Жұмыртқа→1-ші жастағы, 2-ші жастағы, 3-ші жастағы дернәсілдер→имаго.
Өрмекші тәрізділер класы. Класстың сипаттамасы және системасы. Құрылыс ерекшеліктері. Маңызы.
Суда және құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылардың тыныс және қан айналу жүйелерінің құрылысы.
Моллюскалардың бақалшағының құрылысы, моллюскалардың маңызы.
Моллюскалар типі. Жалпы сипаттамасы және системасы.
Жүзім ұлуының қан айналу жүйесі
Мантия қуысының қызметі.
Тақтажелбезектілердің жалпы сипаттамасы, құрылысындағы ерекшеліктері
Кеберов мүшесінің қызметі
Жүзім ұлуының жыныс жүйесі.
Тақта желбезекті моллюскалар. Кластың құрылыс ерекшеліктері, көбеюі, дамуы, маңызы. Систематикасы
Амбулакральды жүйе қай жануарларда кездеседі
Басаяқты, бауыраяқтылар және қос жақтаулылар кластарын өзара салыстырыңдар
Кенелердің құрылысы. Тудыратын аурулары.
Өрмекшітәрізділердің құрылысы. Жалпы сипаттамасы
Өзен шаянының құрылысы ерекшеліктері. Дамуы
Антенальды және максиллярлы бездер кімдерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |