Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер. Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы



Дата18.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#10153
түріСабақ




Сыныбы

7 сынып.

Пәні

Биология

Мұғалімі

Булеубаева Алия Азимбаевна


Сабақтың тақырыбы:

Қосмекенділер. Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы.


Жалпы мақсаты:



Қосмекенділерге сипаттама беру.

Бақаның ішкі және сыртқы құрылысына тоқталу.

Көбею және даму үдерістеріне түсінік беру.

Қосмекенділер мен балықтар кластарының өкілдерін салыстыру.




Сілтеме


Биология Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, слайдтар, суреттер, сабақ жоспары

Оқыту нәтижелері


Қосмекенділердің негізгі ерекшеліктерін,

сыртқы және ішкі құрылысын, дене мүшелерін,

тіршілік әрекеттерін сипаттай алады.

Мүшелер жүйесінің қызметтері мен

сезім мүшелерінің бақа тіршілігіндегі маңызын түсінеді.

Қосмекенділердің маңызын түсініп, қорғау шараларымен танысады.




Тапсырма көздері

1-тапсырма. Сабақтың тақырыбын анықтау.Бейнежазба арқылы бақаның дауысын тыңдау.

  1. Жазбадағы дауыс қандай тірі ағзаға тән? (Бақа)

  2. Бақа қай жерлерде мекендейді?(Суда және құрлықта, қосмекенді.)




«БББ» әдісі. Қосмекенділер класына жататын жануарлар бойынша «Білем», «Білгім келеді» бөліктерін толтыртып сабақтың мақсатын айқындау.




Таныстырылыммен жұмыс. (Power Point)




2-тапсырма.Топтық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген бақаның мүшелер жүйесін сипаттай отырып, балық мүшелерімен салыстырады.

1-топ.Сыртқы құрылысы.

2-топ.Асқорыту мүшелері.

3-топ.Тыныс алу және зәршығару мүшелері.

4-топ.Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.

5-топ. Қанайналым мүшелері.






3-тапсырма.Қосмекенділердің көбеюі мен даму жолына сипаттама беріңіздер.




  1. Қосмекенділер қандай жолмен дамиды?

  2. Даму кезінде қандай сатылардан өтеді, дене құрылысында қандай өзгешелік бар?

  3. Қосмекенділер мен балықтардың дамуын салыстырып, ұқсастықтар мен ерекшеліктерін сипаттаңыздар.




4-тапсырма. Балықтар мен қосмекенділерге тән ерекшеліктердің

кестеге белгілеу.





  1. Балықтар

    Қосмекенділер






    Тері жабынында мүйізді түзілістер болмайды.

  2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.

  3. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.

  4. Жүрегі үш қуысты.

  5. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.

  6. Мишығы нашар дамыған.

  7. Ортада болған.

  8. Есту мүшесі тек тек ішкі құлақтан тұрады.

  9. Екі қанайналым шеңбері бар.

  10. Жүрегі екі қуысты.

  11. Қанайналым жүйесі -тұйық.

  12. Терісі арқылы тыныс алады.

  13. Дернәсілдері тек желбезектері арқылы тыныс алады.

  14. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.




Бағалау

Формативті бағалау,өзін-өзі бағалау.

Кері байланыс

«БББ» әдісі. «Білдім» бөлігін толтырту арқылы кері байланыс орнату.Рефлексия.

Үй тапсырмасы

§53. Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы.

Мұғалім туралы мәлімет:

Булеубаева Алия Азимбаевна

Биология пәні мұғалімі

Ақтау қаласы



«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет