Емтихан сұрақтары



Дата23.05.2022
өлшемі63,81 Kb.
#144710
Байланысты:
Емтихан сұрақтарының тізімі ФГЗ 1 -3кТФП каз






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы



Емтихан сұрақтары



Редакция 1

бетттің беті




Бекітілді
«ФӨТ және Фармация» ББК төрайымы
Устенова Г.О. _____________
хаттама № _______2022 ж.

Емтихан сұрақтарының тізімі
Шифр, мамандық: В072 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Пән: Фармакогнозияға кіріспе
Курс: 3



  1. Фармакогнозия, жалпы түсінігі, мақсаты және негізгі міндеттері мен мәселелері.

  2. Бейінді фармацевтикалық пән ретінде фармакогнозияның даму тарихы.

  3. Микроскопиялық талдау жүргізу әдістемесі.

  4. Макроскопиялық талдау жүргізу әдістемесі.

  5. Дәрілік өсімдіктің жер асты мүшелерін микроскопиялық талдау.

  6. Биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде дәрілік өсімдіктер мен жануарлар.

  7. Дәрілік өсімдік шикізатының шикізат базасы.

  8. Дәрілік өсімдік шикізатының негізгі морфологиялық түрлері.

  9. Дәрілік өсімдік шикізатын жинау және бастапқы өңдеу.

  10. Дәрілік өсімдік шикізатын кептіру.

  11. Дәрілік шикізатты стандартты күйге келтіру. Дәрілік өсімдік шикізатын сақтауға қойылатын талаптар.

  12. "Ангро" (партия)дәрілік өсімдік шикізатының сынамаларын іріктеу.

  13. Фармакогностикалық талдау жалпы ұғымдар және негізгі терминология.

  14. Дәрілік өсімдік шикізатын тауарлық талдау: ұсақтау дәрежесін анықтау әдісі.

  15. Дәрілік өсімдік шикізатындағы қоспаларды анықтау әдістемесі.

  16. Дәрілік өсімдік шикізатының қамба зиянкестерімен залалдану дәрежесін анықтау әдістемесі.

  17. Дәрілік өсімдік шикізатын тауарлық талдау: дәрілік өсімдік шикізатының ылғалдылығын анықтау.

  18. Дәрілік өсімдік шикізатындағы биологиялық белсенді заттарды сапалық және сандық талдаудың негізгі әдістері.

  19. Полисахаридтер-полисахаридтердің жалпы түсінігі және жіктелуі.

  20. Полисахаридтердің физикалық-химиялық қасиеттері.

  21. Құрамында полисахаридтер бар дәрілік өсімдіктер мен шикізатты медицинада қолданылуы.

  22. Полисахаридтерге сапалық реакциялар.

  23. Майлар мен май тәрізді заттар - жалпы түсінік. Майларды жіктеу

  24. Майлар мен майлы майларды алу әдістері.

  25. Дәрумендер-жалпы түсінік. Дәрумендердің жіктелуі, жалпы сипаттамасы.

  26. Құрамында дәрумендер бар дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, кептіру және сақтау ережесі.

  27. Эфир майлары- жалпы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы. Жіктелуі.

  28. Ащы заттар-жалпы түсінік, жіктеу және олардың қысқаша сипаттамасы.

  29. Флавоноидтар. Жалпы түсінік және олардың сипаттамасы, жіктелуі.

  30. Флавоноидтарға сапалық реакциялар.

  31. Алкалоидтар-жалпы түсінік және олардың сипаттамасы.

  32. Құрамында алкалоидтар бар дәрілік өсімдік шикізатын сапалық анықтау.

  33. Антрацен туындылары-жалпы түсінік және классификациясы.

  34. Сапониндер-жалпы түсінік, сапониндердің жіктелуі.

  35. Құрамында сапониндер бар дәрілік өсімдік шикізатын сапалық анықтау;

  36. Жүрек гликозидтері - жалпы түсінік, олардың жалпы сипаттамасы.

  37. Жүрек гликозидтерін сандық талдаудың биологиялық әдісі. Әсер бірліктері туралы түсінік.

  38. Илік заттардың жалпы сипаттамасы, жіктелуі, құрамында илік заттары бар дәрілік өсімдік шикізаты.

  39. Жануарлардан алынатын шикізаттың негізгі түрлері: ара шаруашылығы өнімдері (бал, прополис, ара балауызы). Медицинада қолданылуы.

  40. Жануарлардан алынатын шикізаттың негізгі түрлері: сүліктер, мүйіздер, жыланның уы. Медицинада қолданылуы.

Ескертпе:
ДӨШ - дәрілік өсімдік шикізаты
ҚР МФ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы
ББЗ – биологиялық белсенді заттар


Фармацевтикалық және токсикологиялық химия,
фармакогнозия және ботаника
кафедрасының меңгерушісінің м.а. Жумашова Г.Т.


Хаттама №____ ____________ 2022 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет