Байланысты: эндокринді мүшелердің қызметі бұзылуы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік күтім
Тесттер: 1.Диффузды улы зоб ауруына тән белгі:
А) сөзінің баяулығы, сылбырлығы,
В) ауызынан ацетон иісінің шығуы,
С) көз жанарының жарқырауы,
Д) мұрыны, иегі үлкейді,
Е) жүрегі сирек соғады
2. Гипотиреоз ауруының негізгі пайда болу себебі:
А) белоктың жетіспеушілігі
В) йодтың жетіспеушілігі
С) қанттың азаюы
Д) қанттың көбеюі
Е) темір машылығы
3. Ортотолуидин (Самоджи Нельсин) әдісімен анықтағанда қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі:
А) 2,5-4,5 ммоль/л,
В) 2,78-5,27 ммоль/л,
С) 4,4-6,6 ммоль/л,
Д) 33-5,5 ммоль/л,
Е) 11,6-15,5 ммоль/л.
4. Инсулиннің атқаратын қызметі:
А) артерия қысымын төмендетеді
В) артерия қысымын жоғарлатады
С) қандағы қант деңгейін жоғарлатады
Д) қандағы қант деңгейін төмендетеді
Е) гемоглавинді жоғарлатады
5. Қант диабеті ауруының негізгі белгілері:
А) аузы құрғайды, шөлдейді, несепке көп шығады
В) несеп көлемі азаяды
С) буындары ауырады,
Д) бауыры ұлғаяды
Е) іші өтеді
6. Қант диабеті ауру мына бездердің қайсысының қызметі бұзылғанда пайда болады:
А) қалқанша безі
В) бүйрек үсті безі
С) ұйқы безі
Д) гипофиз
Е) құлақ жанындағы без
7. Қандағы қант деңгейі жоғарлаудан ессіз күйге енгенге көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А) инсулин салу керек
В) қырық пайыз глюкозадан қырық мл
С) тәтті шай беру керек
Д) лазикс салу керек
Е) тіл астына бір түймедақ нитроглицерин салу.
8.Қандағы қант деңгейі төмендеуден ессіз күйге енгенде көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А) инсулин салу керек
В) қырық пайыз глюкозадан қырық мл алып көк тамырға салу керек
С) тәтті шай беру керек
Д) лазикс салу керек
Е) тіл астына бір түймедақ нитроглицерин салу
9.Қандағы қант деңгейі жоғарлаудан ессіз күйге енгенде мына белгілердің қайсысы тән емес:
А) науқас шөдейді
В) ауру жай басталады
С) терісі ылғалды
Д) аузынан ацетон иісі шығады
Е) терісі құрғақ
10.Қандағы қант деңгейі төмендеуден ессіз күйге енгенде мына белгілердің қайсысы тән емес:
А) ауру кенеттен басталады
В) денесі дірілдейді
С) терісі ылғалды
Д) аузынан ацетон иісі шығады
Е) сөйлегенде сөзі түсініксіз.